Проекция жетістігі, яки қайдасың Прохоров амиго!

Си пи аш! Он екі де бірінші пункттен қате кетіп, адамның жартысы ғана трансформалациянып қалыпты! Уваххахахаха!!!

Корпорацияның әсем екі жүз қабаттық ғимаратының басында орналасқан сервис орталығының мамандары. Түгел корпорация осылардың бөлмесіндегі қара жасыл жәшіктегі ОН*пико белокпроцессорлы сервердің үздіксіз жұмысына бағынады. Тиісінше, ол суперкомпьютер бұйрабас Мұраттың басқаруындағы команда иелігінде. «Кибертранс» әлеуметтік желісі бұлардың өмірлерінің екінші жартысын қамтитыны кім біліпті! Әлбетте…
Әлбетте… Бірде физика, бірде философияны шұқылайтын амиго үшін, материяны трансформациялау әрқашан қызықты еді. Қызықты болғанда, бірден сонысына көшейік. Еден жуушы Ләтипаның айтуынша, бұ пенделер гравитация заңдылығын пайдаланып, лазерлік проекция көмегімен, кәдімгі айнаға ұқсас құрылғысы бар бөлмеде ретрансляция жасау арқылы, материя құраушы бөлшектерді толығымен көшіріп, сандық шифраторға салып, заттарды электронды почтамен жібере салатын көрінеді! Неткен сұмдық!
Шошып оянды! Оянса, түсі екен. Және бір оянса, түсіндегі түс екен!
Бөлісу:

5 пікір

zholantai
жазба жексенбі күні жарияланды,)))
b-asan
қазір фантастика болғанымен, болашақта іске асуы мүмкін. Түс жорушы болғанда — сен түс көрген жоқсың, уақыт машинасымен қыдырып келдің,- деп жорушы ем.
edige
не шеккен едің?.. )))
ruben
 Лиза Марковнамен әуеи емеспісің, амиго?