20 жылда тек 73 адам жинай алған жамағат таратылды
«Серікқалишылар» деген атпен белгілі діни жамағат өздерінің бұдан кейін ешқандай діни және саяси оқиғаларға араласпайтындарын айтып, бүгін жамағат үйінде өткізген баспасөз мәслихатында жамағаттың таратылғандығын мәлімдеді. Жамағат басшысы Қали Қожаның (Серікқали Ермекбайұлы) берген мәліметі бойынша бұл жамағат 20 жыл ішінде тек 73 мүше ғана жинаған.
Серікқали Ермекбайұлы:
Жамағатымыздың биыл құрылғанына 20 жыл. Сонау сұрапыл 90-дарда жамағат ұғымы елімізге енді ғана кіріп, кеңінен қанат жая бастаған кезде бірнеше жамағат құрылғанын бәріңіз де білесіздер. Біздер де алғашқылардың бірі болып, 1992 жылы құрылдық. Ол кездерде жамағат менің ұлымның атымен «Русланшылар» деп аталатын еді, кейін ұл Америкаға кеткеннен кейін жамағатты өз атыммен атауды ұйғардық. Уақыт қалай тез өтеді, кеше ғана сияқты еді, бүгін қарасақ 20 жыл болыпты. Әлбетте 1 жамағат үшін ұзын ғұмыр, десе де мүшелер санының аз болуы көңілге кірбің ұялатады.
Жамағатымыздан ешқандай танымал адам шықпады. Саясатқа араласқымыз келді, бірақ тіпті аудандық маслихатқа бір адамды болса да өткізе алмадық. Ешқандай әнші, биші, күйшіміз де жоқ. Ішкі істер, әскерилер қатарында да еш мүшеміз жоқ. Тек Атырауда Құрманғазы — Адмирал Владимирский көшелерi киылысында бір МАИ қызметкері мүшеміз болды, ереже бұзып жатсақ Алла разы болсын бізге айыппұл салмайтын, қайта шамалап тиын-тебен беріп тұратын. Қазір ол балаға да обал, ол жерге камера қондырыпты.
Мүше жинау үшін істемеген тірлігіміз қалмады. Басында ұят болса да айтайын, басқа жамағаттармен жаға жыртысып, төбелесетінбіз де. Аюпшылар, Юсупшылар бізді жақсы біледі, хехе. Байкерлер фестивалына да бардық, психоделика музыкалар да тыңдадық, готтармен де пикниктерге шықтық. Pink Floyd фанаттарының жиындарына да барып жүрген кездеріміз болды. Мақсат 7-8 адам болса да қосу еді.
Сайлау нәтижесіне қарсы шығып, митингтерге де бардық. Қазақстан Патриоттары Партиясын қолдап көрген едік, сөйтсек ол таңдауымыз да қате екен. Біз олардан көп болып шықтық.
Қай жерде қате істегенімізді түсіне алмадық. Жамағат жамағат болғанда пәлендей айырмашылығымыз да жоқ дәстүрлі діннен. Өзіміз де түсінбедік қандай ерекшелігіміз бар екенін. Намазды да жұртпен бірдей оқитынбыз, кітаптарымыз да бірдей. Әлде кезінде секс, қару-жарақ, есірткі бизнестерін ұсынған кезде бас тартқанымыз үшін біреулер сыртымыздан қарғады ма екен деп те ойлап қоямын. Діни жамағат екенімізді түсіндіре алмадым сол кісілерге.
Енді ертеңнен бастап мүлік бөлісу процедурасын бастаймыз. Алдымен ең көне мүшелерден бастағалы отырмыз. Менің еншіме бірнеше жыл бізге адал қызмет еткен Нива-Шевроле көлігі тигелі тұр. Әрине өкінішті бұлай аяқталғаны. Дегенмен жыл сайын осы айтулы күнде жиналып, палау жеп тұруға келістік.

jaqsy.kz/article/view?id=194
Егеменнің админі кетпей қиындау хотя немен шайтан әзілдемейді