Сосед украл болгарку...

Менің «тұзым жеңіл». Бірдеңеге ұрынып кетпесем жүре алмаймын. Өз-өзімнен, әлде өз-өзінен бірдеңеге ұшыраймын да жүрем. Бұл оқиға ертеректе, менің 25 жасымда болған еді, қазір 28 демін.
Обшым, үйге қонақтар келе қалды аяқ астынан. Марқұм қайнағам(ол кезде тірітін)жанында екі кластасы бар. Содан, ет жеп сорпа ішіп дегендей, кеу-кеу әңгіме айтылып жатыр. Есіктің қоңырауы қытайдың әуенін ойнап қоя берді бір кезде. Көршім екен. Есіктерін аша алмай жатыр. Мен отвертка анау-мынауымды алдым да екі-үш минөт шұқылаған болып, "Үйде қонақтар отыр еді, кешіріңіз, басқа біреулер көмектессін" деп үйге кіріп кеттім. содан бір кезде есікті ызылдатып тұрып болгаркамен кесіп жатқан дыбыс естілді. Үйлеріне кірсе болды ғой, менің не шатағым бар?!
Содан, қонақтардың қайтатын да уақыты болды. Оларды шығарып салып, үйге кірген бетімтін. Есік қағылды. Аштым. Көршім. «Болгаркамды қайтар» деп дікең-дікең етеді. "Қайдағы болгарка?", «Жаңағы, есікті ашқан болгаркамыз». «Мен алды деп кім айтты?». «Есіктің алдына ұмытып кетіппіз, сен алмасаң кім алды?». «Тәте, мен сізге адам құсап көмектестім ғой, үйімде қонақтар болды,өзіңіз көрдіңіз. Болгарка ұрлауға уақытым да болмады». Бажылдағанына қарамай есікті жауып алдым. 15 минөт өтпей жатып, есікті менттер қақты. Аштым. «Бере салсаңшы болгаркасын». Капитанның сөзі. «Алғаным жоқ, алмасам нені берем?» Обшым, отделге барамыз, бізбен жүр дейд. Компьютерде бірдеңе жазып жатыр едім сол кездерде. Соны көрсеттім әлгі капитанға «Капитан мырза, маған оның болгаркасының түкке қажеті жоқ, мен ақшамды мына пәлемен тауып жүрген адаммын, болгарканың қалай қосылатынын да білмеймін. сондай-ақ, ұсталмаған ұры емес, маған не қыл дейсіздер? Көршіміздің үйінде болгарка болды ма болмады ма оны да дәлелдей алмайсыздар ғой. мүмкін есіктерін басқа бір таныстарының болгаркасымен ашып кірген шығар?» деген едім, капитанда логикасын айналдырып көріп, «Сенікі де жөн» деп кетіп қалды.
Содан қайнағаларыма звандадым. «Сендер алып кеткен боларсыңдар, менттер кеп зайбымды алды „деп. Олар“ Жоға, оны қайтеміз» деп қояды. Лібәттар-ай, кейін белгілі болғанындай қайнағамның жанындағы кластасы алған екен. Сол жігітті аңда-санда көшеден көріп қалам, болгаркамды сұрап алмасам…
Болгарка көршімдікі емес, мына жақтікі...
Бөлісу:

1 пікір

zholantai
диалогтар өлтіреді,)))