"Шал". Қазақ киносы өсті

Бір секундқа да қалғытпайтын фильмдерді жақсы көремін. Егер ұйықтап кетіп, кез келген жерден оянып, не болғанын түсіне беретін болсаң – кино емес. Ал әр секунды ажырамас бөлік болса – кино.
Кезінде тап-тамаша фильмді «Келін» деп атағаны үшін Ермек Тұрсыновты жек көріп едім. Оның режиссурасы мықты. Ұлтжандылық жетпейді. Ал «Шал» үшін алғыс айтамын. Бір-ақ сөз «Гармония»!
Ұнады:
1. Қасқыр (Құртқа)
2. Ерболат Тоғұзақов (Шал)
3. Сценарий (мәтін)
4. Операторлық жұмыс
5. Музыка
6. Футболист қойлар

«Тырнақ астынан тапқан кір»
1. Шайтанбек: Даланы тұман басты
Иісбек (ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ТЕРЕЗЕГЕ ҚАРАП): Еее…
2. Шайтанбектің даусы жүйкемді жұқартты
3. Қай ауылда телевидениеге жарнама беріп, іздеу салу бар? (Дикторына қарағанда 80-жылдардағы телевидение)
4. «Хамер» ішіндегілер қалай апатқа ұшырағаны мүлде түсініксіз
5. Із кесе алмайтын неғылған ТЖМ???
6. Орликтен бас, жүген, құйрықтан өзге ештеңе қалдырмаған қасқырлар қойды шала-пұла жеген…
7. Шайтанбек сайға түсіп, шалды сүйретіп, атқа отырғызып, қырға шыққанша ТМЖ-ң асығып кетіп бара жатқан көліктері әлі сол жерде кетіп бара жатты.
8. Қасқырдың бөлтірігі КӨКТЕМДЕ дүниеге келеді, ЖАЗДА бауырын көтеріп жүреді.
Бөлісу:

30 пікір

zholantai
Ұлтжандылық жетпейді
, бұл жеке пікіріңіз ғой, иә?!
Peliko
Әрине, жеке пікірім
zholantai
онда дауым жоқ, алайда өзіңізге тиімді өз ұғымыңызда — ұлтжандылықты анықтайтын критерийлер тізімі қалай құралғанын түсіне алмай отырмын,)))
киноны әлі көрмедім. Байқампаз көрерменге байқалатын, түсірілімдегі кемшіліктерді атап-атап көрсеткеніңізге респект,
Abilakim
Байқампаз көрерменге байқалатын

Қазақстан ұлттық арнасының коментаторлары «Ортаңқол жанкүйерлеріміз жақсы білуі тиіс» деп бірдеңелерді бықсытушы еді
zholantai
олар не бықсытпайды?! не бықсытпады?!
Peliko
Ермек ағам суреткер, бірақ «Келін» фильмін «келін» деп атағаны ҮЛКЕН қателік болды. «Біздің халықтың тарихы осы» деп айғайлап айтудың қажеті қанша еді. "Өзіңді жаттай сыйла, жат бойынан түңілсін" деген атамыз қазақ. Сондықтан ұлтқа жаны ашуы аздау деп ойлаймын. Ал «Шалдан» кейін мен де «рыспек сізге, Ермек аға» деп отырмын.
Aldeken
«Келін» фильмін «Ешкі» (мысалға айтып отырмын) деп атаса да ештеңе өзгермейтін сияқты… сол көзқарас, сол тарих, сол айып, сол түсінік, тап сол өз интервьюінде жалғанпатриоттарды әжуалаған Ермек Тұрсынов… Жеке пікірім…
Пы.сы. Әлемнің жартысын жаулаған Маедонскийдің өзі жорықта әскерлерінің жағдайын жасауы үшін бір отар қойды бөлек алып жүргенін ешкім бетіне баспайды, және қалыпты жағдай деп қабылдайды. Ал, біздің ертеректегі бабаларымыздың өмір салтында зоофилия ұшқындары мүлдем болмады деп өре түрегелеміз. Неге? Негіз қайда?
Peliko
«Келін» — қазақ үшін тым қасиетті сөз. Ұрпақтың анасы, елдің анасы. Фильмнің атауы басқа болғанда қатардағы авторлық фильм ретінде дау өршітпей кетер еді. Бұл да менің жеке пікірім.
Зоофилдар болған, болады. Бірақ біз сондай болғанбыз деп айғайлағаннан бізді ешкім сыйламайды. Жаһандануда жұтылмас үшін өзімізді өзіміз сыйлай білсек жақсы болар еді.
Ғажаптар елі, жұмақ елі Үндістанды «Миллионер из трущобта» барлық былығымен көрсетіп еді, ел өре түрегелді. Ал шетел «Оскар» сыйлады. Қып-қызыл саясат.
ruben
Ғажаптар елі, жұмақ елі Үндістан
 мына сапалықтарды брахман, я үндіге калым төлемей өткен біреу жазбаса, сену қиын. Мумбайының әуежайын көрдік. Сыртта ыстық, іште настықтан отыратын таза жер таппай, біраз қиналғанбыз. Енді үш жылда көп нәрсе өзгеріп кетпесе.
Peliko
Мәселе сонда. Кинолары мүлде басқаша көрсетеді ғой. Біздің қаракөздердің сол жаққа ынтызары ауады да тұрады. Киноға сенеді. Қазір кино көп жағдайда өнер емес, визитная карточка болып кеткен.
User
Келінде қазақтар емес қой.Меніңше дұрыс кино.Не ондай адамдар жоқтай айттын ғо.
Gastarbaiter
Ал шетел «Оскар» сыйлады. Қып-қызыл саясат.
Dake
қазақтың фильміне шетел режиссерлары араласпаса өз фильмі өз ішінде қалып жатыр
zholantai
Сондықтан ұлтқа жаны ашуы аздау деп ойлаймын.
келісе алмайды екенмін, менің танымымда: ол-ойы озық, өзіндік ойлау әлемі бар, сауатты, "ұлтым" деп аттан салмағанмен, қажет болса ұлтының намысы үшін қарақұстан қойып, құлақшекеден салып қалатын адам. Айтпақшы,
«Біздің халықтың тарихы осы» деп
айқайлағанын естімеген, бір жерде солай деп жазғанын оқымаған екенмін,
Осы Тұрсыновқа разы болатыным-әр деңгейлі топта әр алуан дауға азық бола алатындығы,
Peliko
«Ал, біздің ертеректегі бабаларымыздың өмір салтында зоофилия ұшқындары мүлдем болмады деп өре түрегелеміз» деп өзіңіз жазып тұрсыз ғой, ол түгілі
torgai
Кеше ғана көрдім. Керемет! Қасқырдың болмысын қазақ танитын кейіпте көрсете алған. Голливуд түсірген «Схватка» деген кинода қасқырың ит сияқты бірдеңе. Ал мында қасқырдың көрсету арқылы адамның жауыздығын ашыпты. Бар философиясы осында. Аздаған келіспеушіліктерде тұрған ештеңе жоқ.
patick
ондай-ондай кемшіліктер Холливудта да болып тұрад )
e_zhalgas
осы фильмді көрсетпей қоймайтын сияқтысыңдар, торренттен әдепкі сапасын күтемін бе десем
ruben
күткен жақсы секілді. барып келгеннен кейін: «е, бұ киноны кинозалдан көру керек, әйтпесе толық түсінбейсіз!» — дейтіндердің санын арттырмас үшін
e_zhalgas
барлық фильм «Аватар» емес
ruben
Ертең патрик достарым киноға барып келгендерінде құсамын. Басқа аргумент таба алмағандарында ана сөйлемді қолданады. 1000%
konvict
Соңғы қызу талас пікір мені де сондай ойға жетеледі
Marationok
Айып етпесеңдер… DVDRip қашан шығады?
edige
Ермек Тұрсыновқа жекеге өтініш жазсаң ала аласын… 200 бірлік жіберсең болды… Мен кеше жүктеп алдым… Сапасы мықты… shal-ermek@ok.kz осыда отырады көбіне
Gastarbaiter
Очм, таластарды оқып, оқып жалығып кеттім.
Едіге, фильмнің рипагы 200 тенге жайлы рас айтасың ба?
Elirgen
«Тырнақ астынан тапқан кіріңіздің» бәріне дау айтамын.

1. Шайтанбек: Даланы тұман басты
Иісбек (ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ТЕРЕЗЕГЕ ҚАРАП): Еее…

Далаға шыққысы келмеген адамның ісін, бала деп алдаусыратуды анық көрсетеді, қойларға нөмірлерді салған кездегі Шалдың сөзі есіңізде болар?
«арақты қимаймын десеңші....»

2. Шайтанбектің даусы жүйкемді жұқартты

Кейіпкердің еш зиянын көргемін жоқ, таза субъективті дүние

3. Қай ауылда телевидениеге жарнама беріп, іздеу салу бар? (Дикторына қарағанда 80-жылдардағы телевидение)

Меніңше, көркемдік тәсіл, хикая желісін сақтауға бағытталған

4. «Хамер» ішіндегілер қалай апатқа ұшырағаны мүлде түсініксіз

Кезінде алапат «Титаник» те құрдымға кеткен болатын…

5. Із кесе алмайтын неғылған ТЖМ???

Фильмдегі ТЖМ тым жақсы сипатталған, ал нағыз өмірде дәл солай әрекеттенетіне де үлкен күмәнім бар

6. Орликтен бас, жүген, құйрықтан өзге ештеңе қалдырмаған қасқырлар қойды шала-пұла жеген…

Қасқырлар оңай қойға тигенде, бас-көзсіз қыра беретіні бар, Атбасар жақта төрт қасқырдың 40-тан астам қойды қырып кеткенін көзіммен көргенмін

7. Шайтанбек сайға түсіп, шалды сүйретіп, атқа отырғызып, қырға шыққанша ТМЖ-ң асығып кетіп бара жатқан көліктері әлі сол жерде кетіп бара жатты.

Меніңше, көркемдік тәсіл, хикая желісін сақтауға бағытталған

8. Қасқырдың бөлтірігі КӨКТЕМДЕ дүниеге келеді, ЖАЗДА бауырын көтеріп жүреді.

Қасқырдың бөлтірігі ақпаның аяғында — наурыздың басында дүниеге келеді, ал оқиға болған уақытта бауыр көтере бастайды, сенбесеңіз:
fauna.su/volk-razmnozhenie-3.html
Gastarbaiter
Еліргенмен ұқсас сезімдемін.
Кино керемет объективті де субъективті де бағам. Тіпті қазақ киносының деңгейімен емес, жалпы соңғы кезде көріп жүрген шетелдігі бар, отандығы бар жоғары бағалаған фильмім осы болды.
Батыстың грандтарымен салыстырады көбісі. Ал біздің көрермен батыстың қатардағы, тіпті жабырқау жапасы мен мұңайған мүңсігін де сілекейі ағып тұрып көреді емес пе, ляп-жәляптарымен бірге қылқылдатып сімірдік емес пе талай құсықты. Оның қасында Голливудтың да әрбір миллион долларлық проекті Титаник боп шығып жатқан жоқ.
Тым көп көзге ілінбейтін, ішпен сезетін, қолмен шап беріп ұстай алмағанымен, бауыр етіңді езіп жіберетін эпизодтар, тіпті бір ғана кадрдың өзі қозғаған жерлер болды, ол үшін опреаторлар жұмсысына алғыс айту керек шығар. Режиссура мен Тоғұзақовтың ойыны өте жоғары деңгейде.
Гламурлы киса-сымақтар мен Ступидканттар қарайтын фильм емес.
Nur
Тоғызақовтың рөлі ұнамады. Әсіресе, бас жағында футбол көріп отырғаны. Тым әсіре қатты көрсетуге тырысты ма, әйтеуір образ табиғи шықпады. Екі жұдырығын түйіп алып, селк-селк етіп, түюлі жұдырығын шайнап, емініп отырғаны біртүрлі ерсі көрінді маған. Психты ойнап жатқан сияқты, шынымды айтсам. Мен Жантөрин, Ықтымбаев, Жәкібаев, Әшімовтердің деңгейіндегі жоғары актерлік шеберлікті күтіп едім. Общым, Шалдың бейнесі табиғи шықпағанына қарным ашты. Немересі туралы айтудың мүлде қажеті жоқ деп білдім.
Тоғызақовтың ойынын мен танитын, киноны көргендердің бәрі мақтап атқанын түсіне алмадым. Қазақтың шалына ұқсата алмадым, менің атам да, өзім көрген басқа шалдар да Тұрсыновтың шалына мүлде ұқсамайтын.
Gastarbaiter
Ал мен керісінше, ешкімге ұқсамайтын, сөйте тұра әртүрлі қызық образдардан әйтеуір бірдеңесі бар, өзінше қуғынбай шалды көрсеткеніне қуандым. Психты ойнап жатқан сияқты емес, псих ғой онсыз да, өз әлемінде өмір сүріп жүрген. Псих болмай гөр, анадай өмірдегі бейнетіңе қосағың мен жалғыз балаңның өлімі қосылғанда. Талай алжып кеткен адамдарды көргем әйелі не баласы өлген соң. Сосын футболдың шын жанкүйерлері өздері білмейтін шығар, бірақ сырттан қарағанда шынымен де псих сияқты әсер қалдырады
omarbirat
Шайтанбектің даусы кәдімгі баланың даусы ғо.