Жас журналистке көмек керек!



22 жастағы Қонысбек сіз бен біздің көмегімізге зәру. Көрермендерін күн сайын таңертең таңғы бағдарламамен бірге оятататын «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының тілшісі Қонысбек Рысмағанбетов аты жаман ауруға шалдыққан. Дәрігерлер Қонысбекке бүйрек рагі («феохромоцитома») диагнозын қойған (“рак надпочечника и опухоль вненадпочечниковый локализации”). Ел медицинасының бұл ауруды емдеуге толық мүмкіндігі жоқ. Израиль мамандары Қонысбекке көмектесуге әзір. Израильдегі Шиба клиникасында ота жасату үшін оған 16 миллион 500 мың теңге қаржы қажет…

Қонысбектің дерті жайында жақында ғана білген әріптестері көмекке алдымен өздері келді. «Қазақстан-Ақтөбе» арнасы Қонысбектің шотына 500 мың теңге аударды, «Төртінші билік» Ақтөбе журналистер одағы» қоғамдық бірлестігі 100 мың теңге, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын берді және «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС 100 мың теңге қаржы бөлді. Жергілікті «РИКА» арнасы, «Ақтөбе Таймс» газеттерінің ұжымы да көмек қолын созуға әзір отыр. Бірінші болып көмекке келгендердің қатарында «Қазақстан» арнасының қызылордалық филиалы бар — 230 мыңдай қаржы бөлді. Республикалық «Халық сөзі» газетінің ұжымы әріптесімізге бір күндік жалақыларын аудармақ.

— Жақында «Ақтөбе» газетіне шыққан Қонысбек жайындағы шағын ақпаратты көрген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те Қонысбекке міндетті түрде қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты, — дейді Қазақстанның Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы.

Қарапайым халықтың Қонысбекке көмектессем деген ниеті ерекше. Телеарнаға келіп, қалтасынан қаржысын суырып беріп, аты-жөндерін айтпай кетіп жатқан азаматтар да баршылық.

Басқа өңірлердегі әріптестеріміз де көмектесіп жатыр. Қаржыны шот арқылы емес, қолма-қол бергісі келетіндер бар. Соған орай, Алматыда қаржыны «Алаш айнасы» газетінің тілшісі Сәкен Көкенұлына (телефоны 8 777 779 31 07), Астанада «Халық сөзі» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбайға (телефоны 7(717)253-53-94) әкеліп тапсыруға болатындығын айтқым келеді. Ақтөбеде болса, 8-705-604-03-13 нөмірі бойынша Қонысбектің өзіне хабарласуға болады. (Ақпарат мына жерден алынды).

Құрметті, Керекшілер! Сіздер де бұл жағдайға бей-жай қарамай, көмек қолын созуларыңызды сұраймын!

Қаражатты Қонысбектің төменде көрсетілген банктік шотына аударуға болады:

БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ 4667 2072 0465 9319 (кез келген банк карточкасындағы қаражатты банкомат арқылы аударуға болады).

АО БанкЦентрКредит. МФО KCJBKZKX РНН 061800105495 ИИККZ718560000003862710 БСН/БИН 901041000015 ПЕРЕЧЕСЛЕНИЕ НА СЧЕТ: KZ 438560000005434808 Рысмағанбетов Қонысбек Терекұлы РНН 061720124244
Бөлісу:

12 пікір

saltanat23
Өзім де отбасымның атынан қаржы аударамын. «Көп түкірсе, көл болатынын» ұмытпайық!
beka95
Алла шипасын берсін!!! Жазылып кетсін!
asaubota
СНПС мен Қазхром миллионнан аударған, барлығы 4 млн жиналды деп естідім. қарапайым халықтан жинау қиындау, үлкен компанияларға ФБда белсенді «ағашкаларға шығу керек.
mirasasem
Атыраудағы облыстық «Атырау» газетінің барлық қызметкерлері 1 күндік жалақысын жолдауда
Gulistan
Менің бір сұрағым: осы операцияға 110 мың доллар керек екен, ол сома қайдан шықты? Не үшін? Сол операция ақтала ма?
Менің сұрағым обьективті деп түсініңдер.
Aldeken
Не ғо, Анар, ол енді ана еврей оташылардың қойған бағасы болар. Сонымен қатар, операцияның құнына, сол орталықта операцияға дейін дайындық кезінде және операциядан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде жатулары кіретін болуы керек. Бірақ, мән-жайын білетіндер айтқаны дұрыс. Өз басым, жақында бір дәрінің ғана бағасы 40 мың доллар дегенді естігесін, және құжат жүзіндегі растауын көрсеткесін ештеңеге таң қалмайтын болдым…
Bayan_
Ол сома-израильдік клиниканың қойған бағасы. Оған пациентті емдеуге дайындау, тексеру, дәрі-дәрмегі, емдеу процедуралары, тамағы, барлығы кіреді. Операциядан кейін де олар Қонысбекті бақылауына алады.
Бағаның айтарлықтай қымбат болуы- клиника сұранысқа ие, операция жасату үшін жылдап кезекте тұрғандар бар дейді.
Gulistan
Ел медицинасының бұл ауруды емдеуге толық мүмкіндігі жоқ.
Жалпы мүмкіндігі жоқ
mirasasem
Жаман аурудан жазылып жатқандар бар ғой
bizbike
Үкіметтің атасына нәлет, қарғыс атқыр албастылар! Медицинасы да, ТЖ министрлігі де дәрменсіз, қолдарынан боқ келмейтін өңшең қарада шыққан билер, әкелерінің аузын ұрайын! Барлығына да халық ақша жинап жатыр. Мохнатка жанды, соны қалпына келтіру үшін, өткенде Оралды су басқанда да. Салық төлеп жатырмыз ғой, неге соның бәрін дамытпайды а? Айтуға сөз жоқ тек. Қанша ауру балалар, соның бәрін де халық ақша жинап, өз күшімен емдеп жатыр. Осылай қашанғы жүре береміз а?
aigerim29
Алла шипасын берсін! Шыныменде халықтың да жағдайы мәз емес. Кімнің қалтасы қандай деген әңгіме ғой.