Саз әлемі 2

Саз әлемі- 2012 кешеден бастап қайта бізді қуантпақ…

Былтырғы жылы, бірінші рет басталғасын кемшіліктері жайлы көп сөз қозғап, біраз әншілерді аспаннан түсіріп қойған едік…

Әр бағдарлама жасаушыға меніңше болса, өз бағдарламасын жұрттың қалай қабылдап, жақсы-жаман болсын талқылап жатқаны меніңше қуаныш. Шын ғой, өзіміз кішкене бірдеме жазсақ та талқылау күтіп отырамыз. Ешкім 100% керемет дүние жасай алмайды, себебі талғам деген "өте капризный" кісі екен)).


Жалпы, былтырғыдан өзгерісті кеше бірден көре алмадым. Мүмкін, бағдарлама өткен сайын байқап қалармын (-мыз). Ааа, байқағаным, жүргізуші үшеу болып кетіпті))).Баян ханымның қазақшасы да қуантарлық болып қалған (қазақтар қазақша сөйлесе, қуанатын жағдайға жеткенімізге көп болды ғой).

Саз әлемі, жақсы бағдарлама. Әншілерімізді де, әндерімізді де оның ішінде әнге сөз жазған ақын да, ән жазған компазиторды да тікелей сынап алуға үлкен мүмкіндіктер бар сияқты. Жюри мен сарапшыларды жақсы мамандар болса әрине…

Бізде қалыптасып қалған стереотиптер көп қой, жақсы әндер қазақ болғасын ұлттық нақыштағы әнді ұлттық нақышта орындалу керек немесе біздің әншілер шетелдік әншілер сияқты орындай алмайды деген. Біріншісіне әрине таласым бар, себебі, заманына қарай адамы. Заман талабына сай әні, әншісі, тыңдаушысы. Екіншісіне айтарым, бізде шынайылық жоқ.

Кешегі орындалған әндердің ішінен, мына ән немесе мына әнші ұнады деп нақ басып айта алмай отырғаным тағы бар. Дегенмен, Кентал өзгеріс енгізгісі келеді, бірақ… Сақалшы, сақалшы дегенге сақалын бояпты дей ма? Соның кейпінен аспай қалған сияқты…

Сіз не ойлайсыз?
Бөлісу:

92 пікір

Abilakim
қайтадан басталды ма? Бір қол босағанда көретін екен?
alisha
Қарама-қайшылықтары көп. «Жыл әні» деген номинация… Бірақ сарапшылар болмашыны, киімін, биін сөз етеді кеп. Әнді таңдап жатыр ма, талда соны. Кенталдың әніне Бағым ханымның ең жоғары бал қойғаны қызық болды… Ән дейміз-ау, екі ақ жол…
AKY
Кентал симпотный екен бірақ
alisha
Нәби Аймұратовқа ұқсаттым…
AKY
Ғаділбекке де…
alisha
Оған да келеді, жалпақ тілмен айтқанда «компот екен»
AKY
симпотный компот
edige
Тақия мен мафиядағы Сабит екен деп қалдым. Хит әні басталып кеткен екен. Әзіл кеш болып жатыр екен деппін… Дегенмен…
ruben
Кенталдың әніне Бағым ханымның ең жоғары бал қойғаны қызық болды…
 бар түсінген қазақшасы сол ғана шығар.
omarbirat
Өткен жолы сол әннің шетелшесін естіп қалдым. Түпнұсқасы болса керек.
Aikona
ұрланбаған деп Бағым ханым отырды ғо
AKY
ол әнге қатысты ұрланған, ұрланбаған деп ештеңе демеді Бағым. Бірақ шетелдік екенін Меруерт айтты и өзі мойындады Кентал.
Aikona
опшым көре береміз, сынай береміз иа
Aikona
маған киім бәрін де саралаған дұрыс сияқты, себебі әншілік имиджді де бізде қалыптастыру керек деп ойлаймын. Рас, басты назарда ән болуы керек!
alisha
вот, сол ғой. Бірінші орынға ән емес, сән шығып кетіп жатты…
ruben
Біздегі шоуБиздағы жағдай вестерндегідей:
«Не стреляйте в пианиста, он играет как умеет».
ана 40-тан 40 алған танымал (аты есімде жоқ) әнші қыз жобада не жоғалтқанын түсіне алмадым. Ал жУрилер — сөз жоқ!
alisha
Несі бар. «Жыл әні» деген номинацияға таласып жатыр емес пе… Ескендір ағам қатыссын керек десе
AKY
Шынайылық жоқ. «Айқынның тамаша әншілігіне сөз жоқ, бла-бла-бла» (репертуары құсық әнші ғой негізі), «Алтынай — керемет әнші, бла-бла-бла». Дина Төлепберген болмаса, астарлы ақиқатынс)
Бағым апайдың просты кеше настры күшті болған сияқты)))
Анау жүргізуші квнщикке жыным келеді, арзан әзілдерімен құстырып.
AKY
Бірақ бәрібір қараймын
bazuka
 қарауды тоқтатпаймын дейсін ғо)
Abilakim
о гім?
AKY
әзіл студиодағы Нұрдәулет, Дастан және дәу қара емесі.
Onlasyn
Жынды тұсіндірдің ғой
Aikona
менде Бағымнан бірнәрсе күтіп ем, дым шықпады)) Меруерт апай бірнәрсе айтуға талпынды, бірақ негізсіз немесе жасанды шақты, түпкілікті ой жоқ әлде сараптауға білім жетіспей ма?
AKY
біздікілер қашан да пікір айту білмеген.
ErNur
Классик тобы қалай айта алды? Пікірлеріңді білдіріңдерші? Дауыстарыңды беріп жіберсеңде қарсы болмас едім
Abilakim
сол топтағы балдызыңды адам қылам деп өлетін болдың ау))
ErNur
Жалпы топқа дегенім ғо, ал балдызыма келсем, ол енді тоғыз жыл бойы соны оқып жатыр ғо, адам болатынына сенем
alisha
Балдызың қайсысы еді, жаңадан қосылғаны емес пе, соған қатысты сын айтылды
ErNur
Жооқ, ол сол топ алғашқы құрылғаннан мүшесі
AKY
жақсы айтты. бірақ ондай ән тыңдамаймын)
ruben
Шетте отырған қайсыбір келіншек «қит» болалаламайтындығын айтты әннің…
Aikona
«саз әлемінде ғана өнер көрсететін топ» десем балдызыңыз да сіз де ренжімессіз))
kokbori
Классикке әңгіме жоқ екені белгілі ғой, Ереке. Себебі сарапшылар да, қазылар алқасы да оларды сынайтын деңгейде емес. Себебі біздің классик әншілеріміз әлемдік деңгейде, ал оларға пікір білдіретіндер арзанқой эстрадашылар емес пе? Оларға қол соғудан басқа жол жоқ
Abilakim
видеосы бар ма?
Aikona
ел арна сайты кешігіп жүреді ғо, бір екі күнде боп қалар)
bazuka
маған Кентал ұнады) оның биіне қарап отырып gangnam style есіме түсіп кетті)
Aikona
талғамға талас жоқ қой ))
Erkekyz
Ал мен көре алмадым. Үйдегілер «экстрасенстерді» көріп жатыр екен, кайпін бұзбайын дедім.
Ал маған алдыңғы күні көрген «Звездные танцы» ұнады. Көшірме екенін білем, бірақ бимен қатысты дүниенің бәрі ұнайды.
Aikona
сол бидің бағдарламасын көре алмай жүрмін, қай каналда, қаншада?
Erkekyz
7-ші арнада көрсетеді. Кешкі сағат 9-да әр сенбі күні.
alisha
Біз сол кәйіпті бұздық Баянның «Мама миа» жобасын көріп жатқан кім бар?
Abilakim
кәйіпі бұзылған адамның ағзасына зиян тиеді ме тимейді ме?
Aikona
Баян барлық каналдарды бір-бір бағдарламамен жаулап алу жоспарын құрса керек  ештеме демейміз ғой, сапалы дүние шығарса болды да бізге
ademi_alem
Мен )) Осы аптада көруге мүмкіндік болмады бірақ. Сол бағдарламада қыздардың аналарына қойылған шартты орындау сәті ұнайды.
bazuka
құрт жеу сияқты ма) Мағанда ұнайды және оны ұйымдастырушылар қыздардың әртістігін сынау мақсатында жасайтын сияқты.
bazuka
мен көрем. Назерке, Роза және Арайлымның жанкүйерімін. осы үш қызды финалда көргім келеді.
Tyulpan
неге әнге, дауысқа, вокалға ғана қарау керек? мысалы, классика киініп рэп айтып тұрса, киімінің, стилінің әнге сай болмағаны ғой. барлығы жан-жақты қаралғаны дұрыс: нағыз емтихандағыдай — артистизм, қимыл-қозғалыс, вокалы, стилі, әнге сай характер деп кете береді. мысалы, Мейрамбек Беспаевты шетелдің конкурстарына қатыстырыңызшы, бірінші турдан-ақ өтпей қалар еді...

жюриде отырғандар нағыз сыншылар емес. ал, бізде нағыз сыншылар өкінішке орай жоқ. әркім өз саласы бойынша сөйлесе сол кісілер, біраз дайындалып келіп дегендей, жауапкершілікпен қарап дегендей. құдай біледі, соларды таңдағанда: "әй, бүгін осындай телебағдарлама болады, қатыса салшы, жюрилердің саны толмай жатыр" дей салатын шығар. студент боп жүргенде ток-шоуларға көрермен толтыру үшін артымыздан қуып, біз ақыры қашып кететін едік ))
ruben
Сыншылар жоқ екеніне сене алмаймын. Имхо, олардың уақты жоқ мұндай шала-пұлаға. Және көрермен үшін жюриде, жалпы, бағдарламада, түрі таныс адамдар болғаны дұрыс көрінеді. Содан әншілер жүргізушілік те, сыншылық та жасай береді.
alisha
Оған қарамасын деп жатқан жоқ қой ешкім
Daubaeva86
Tyulpan өте орынды айттың, пікіріңе қосыламын. Жюрилер әділ бағаламады деп ойлаймын және әр кез солай болады. Өкінішті…
zholantai
былтырғы жыл әнінен кейін-ақ, бұл бағдарламадан безіп кеткенмін,
Aikona
Кешегі саз әлемі туралы айта отырыңыздар . Кімге- кім ұнады?
bazuka
кеше дұрыс көре алмадым, естіп жүргенімде көбі халық әндері сияқты
Aikona
халық әндерінің өңделген түрі болды расымен
AKY
Кешегіден ешкім ұнамады, алдыңғыдан Дәулеттің "Әгугайы" ұнады. Телепоныма жүктеп алдым
Aikona
толық адрес жазып жіберші ))
aikarakoz
Үзіп-жұлып көрмесем, тиянақты қарамаппын. Бірақ, Баян жасаған дүниелер басқаларымен салыстырмалы түрде сапалы. Мейлі, өз адамдарын тықсын, оларды экраннан түсірмей қойсын. Мен де сөйтер ем, қолымда тұрса… «Мұрның барда бір сіңбір»
Abilakim
ия, просты сіңбірген соң қолды жууды ұмытып кетпеу керк.
aikarakoz
Үстіне сүрте салатындар да бар…
Aikona
дұрыс айтасың, бірақ кейін кезде «креатив» кетіп бара жатқан сияқты Баяннан.
kayipruh
«Жыл әні» сайысы деп атайды да, әділ-қазылар неге ол әншінің киімін, биін бағалайды? Менің түсінбейтінім осы. Ғайбаттап-ғайбаттап алады да… соңында он деген бағаны қойып жіберетін айтсайшы оған да жауаптары дайын қазылардың:
мен ол әншінің деңгейін білемін, репертуарындағы басқа КҮШТІ-КҮШТІ СУПЕР ХИТ болатын әндері бар… бла бла бла…
әнші как будто бүкіл репертуарымен оптым сайысқа түсіп жатқандай. мда түсінбейтін жайттар көп мен үшін
Aikona
ой кеше мені осы сөздер жындандырып еді. Әсіресе ана «бионикке» айтқандары, әсіресе Балым ханымның «Неля, открой рот» дегені  Сол қыздардың керемет әнін көрмеппін, кешіріңдер әрине
alisha
Бағымның баға қояр кезде әділдігінің емес, қырсықтығының мысы басып кетеді кейде… Қарап отырсаң кейде қасындағыларға ерегесіп қояды бағады… олар 5 қойса, ол 10 дегендей.
AKY
типінақ, өз ойым бар деп пе)))
мүмкін, мүмкін. соңғы кезде қуып жүр ғой шамалы
AKY
Нұржан Керменбаев шығатын шығар финалға
Басқадай кандидатура көріп тұрғам жоқ.
alisha
Мен едімдер ше
AKY
ол қайсы? дұрыстап қарамадым, кітап оқып отырып
ринго толғау? олар жай концертті бастап берген жоқ па?
alisha
Алашұлы әлде Алаш ұлы… квартет пе еді өздері, трио ма еді… ұмытып қалыппын… қарттық кірейін депті
AKY
аа, ондай чмордяйлар есімде қалмайды менің де)
19852407
Бұларыңды Алуа естімесін. «Жігіттерін» шал дегендеріңді оқыса, шалқалап құлайды
alisha
ойбай, әңгіме Ринго емес, Алашұлы туралы…

Қарттық оларға емес, маған кірейін деген, соны меңзегем
Aigolek
АЛАШУЛЫ ДЕГЕН МЫНАЛАР МАЖАРАПАЗАН
ruben
Үміттімін. Әкесі қайтқалы өз-өзіне келе алмай жүр. Шығармашылығына бір серпініс болар.
AKY
финалға дедім, жыл әні дегем жоқ яғни тек қана өткен аптаның үздігі.
Onlasyn
Ол кім еді?
ruben
Нағима апым Қапқарашка атап кеткен, суперстар жеңімпазы, «Арнау» тобының жігіт әншісі болған
kayipruh
«керрремет» айтты ғой
nurba83
Барі өтірік әндер,әншілер де екі жүзді, біреулерге жұмыс, ермек таптың САЗ ӘЛЕМІ
Zilola
Бионик пен Брилюксты куып шыгу керек уащще
Брелюкстын бiр кызына темекi таста деп кенес берер едiм, томенгi тональността ан орындамасын сосын.
Zilola
Bagym aktyk marege adeii ujasnyilardy jinap alady, uakyty kelgende mykty anshige basekelestik jasamasyn dep
bazuka
Маке ана қыздың темекі шегетінің қайдан байқап қалдын?
Abilakim
Апош Сарбаз дегеннің «Тәп-тәттісің»әні менің сүйікті әндерім тізіміне кірді.