Қай (кімнің концертіне) концертке барар едіңіз?

«Талғамға талас жоқ» деген сөз бар. Оған дауым жоқ. Бұл жолғы талғамымыздың құрбандары әншілер болсын делік. Мысалы, сіздің қолыңызға бір күнге, бір уақытқа екі билет берілді делік. Біреуін таңдап сол әншінің концертіне баруыңыз керек. Сіз қайсын таңдар едіңіз? «Бармаймын» деген жауап саналмайды, біреуін таңдаңыз және себебіне тоқтала кетіңіз.

1) Бақтияр Тайлақбаев және Құдайберген Бекішов
2) Меруерт Түсіпбаева және Айгүл Иманбаева
3) Еркін Нұржанов және Қайрат Нұртас
4) Қайрат Байбосынов және Рамазан Стамғазиев
5) Гауһар Әлімбекова және Баян Нұрмышева
Бөлісу:

53 пікір

alisha
Мен соңғы жұптарға таңдау жасарда біраз қиналар ем, бірақ соңында Баянды, Рамазанды таңдаушы едім.

Меруерт, Айгүл, Бақтияр, Құдекеңдерге ұмтылмаймын. Бастан-аяқ отырып тыңдай алмайтын сияқтымын, 1-2 өлеңін болмаса.
asaubota
Бақтияр Тайлақбаев және Құдайберген Бекішов

жұрттың олар туралы пікірі белгілі. шынымен солай ма әлде кәсіби шебер әншілер ме соны бағалау үшін барар едім.
alisha
Осы екеуінің біреуін таңдауың керек емес пе?
Armanjan
1) Үйдегі шаруаны тындырып алар едім.
2) Айгүл Иманбаева (себебі сахнада әнді де жақсы айтад, өзі де жақсы ырбыңдап қояд)
3) Еркін Нұржанов (себебі әнді жүрегімен орындайды)
4) Қайрат ағамыздан бастап антракт болған кезде Рамазан ағамыздың концертімен аяқтап екеуіне де деген құрметімді бөліп көрсетер едім.
5) Әбіләкімнің көңілі үшін Баянға барар едім, өйткені ол оған сынып жүретін. Болдым осымен!!!
Adiletshu
Тайлақбаев пен Бекішовтың концертіне барып бұттан кеткенше күліп қайтар едім
Armanjan
олар сонда КВН-шиктар ма?
alisha
Неге? Бұттан кетуге повод жоқ сияқты
raiana
Aigul Imanbaevanin konsertine barar em. Sebebi Aigul Imanbaevanin dauisi unait
ruben
1) Бақтияр Тайлақбаев.
2) уақыт қымбатырақ.
3) Еркін Нұржанов.
4) таңдау қиын. Айшаның папасынікіне барармын.
5) рэндом.
alisha
Айшаның осы кісінің қызы екенін білмеппін.
bazuka
Айша деген кім?
alisha
Айша Байбосынова деген бір әнші бар еді ғой, «Ақ сезім» ба, сондай бір әні бар
Abilakim
інісінің қызы меніңше, немесе ағасының. Ол кісі Жезқазғандағы музыка колледжінің директоры
ruben
Қателісіппін. Сіз айтқандай. Ахат ағаның қызы екен.
Tyulpan
Abilakim, неге дәл осылар? басқалар жоқ па не?

Құдайберген Бекішев өнер академиясында сабақ береді тағы… оның концертіне барғанша, у ішівөлгенім артық ))

Ешқайсысына барамын емес, дегенмен Рамазан Стамғазиев пен Қайрат Байбосыновтың кәсібилігінде дау жоқ…
edige
Гауһар Әлімбекова және Баян Нұрмышева
Барар едім әрине…
Korkem
Гауһар Әлімбекова және Баян Нұрмышева
барам
kokbori
1. Бекішке барам. Себебі көп болды "Қуырмашты" тыңдамағалы
2. Меруерт. Себебі маған ұнайды
3. Жұмыстарыммен жүргенім көп артық. Себебі Еркін мен Шатуновтың әндеріне құсқым келеді
4. Байбосыновқа барамын, себебі дәстүрлі әндерге деген ықыласымды оятқан осы кісі
5. БАЯНҒА
Tyulpan
 сән айттыңыз. қуырмашы енді, сөз жоқ...))) соны ана бір қап-қара жігіт бар ғой, квнщик, сол дәл келтіреді. соның пародиясын көрсем күлкім келе берет, сәтті шыққан. ))
ken
Жеңіс Сейдоллаұлы
salamat
понаграмаға тыйым салынса,
саннан сапаға көшер едік.
қаптаған «жұлдыздан» құтылар едік.
Tyulpan
ол айтуға оңай. оған зал сай болуы керек, аппаратура дегендей. Қазақстанда үлкен, мықты әншілердің өзі концертін толық жанды дауыспен жасамайды. ол даусының жоқтығынан немесе айта алмағаннан емес.
salamat
понаграмаға тыйым салған мемлекеттер сіз айтып отырған түйткілдерді шешті емес пе! біз де шешуіміз керек!
тыңддап жүрген әндеріміз су қосылған қымыз сияқты.
Tyulpan
алдымен сол панаграманың өзімен-ақ жақсылап айтып үйреніп алсыншы біздікілер. кейін сала жатармыз тиымды…

одан да әндердің сапасын жақсарту керек. біздің қазаққа әйту бір мұңлы әндер ұнап, мұңаят та отырады. қашанғы мұңая береміз өзі?

salamat
халық әндерін, Шәмшінің,Әсеттің, Нұрғисаның әндерін
насихаттауымыз керек
ерте ме кеш пе понаграмаға тыйым салынады!
"әншілер" не туралы айтып тұрғанын түсінбейді
Tyulpan
оларды онсыз да таласып тұрып айтады ғой. насихатталмай жатқан жоқ. жас әншілер жаңа аранжировкамен айтқанда, кейбіреулер сол әндердің ретро екенін білмей де қалып жатады.

халық және халық классикалық композиторларының әндерін қатттттты жақсы көремін: Алқоңыр, Гауһартас, Ақ сиса, Ахау керім деп кете береді…

Әншілер не айтып тұрғанын түсінбейді дегенде, просты, адам музыкаға жақын болған кезде, әннің сазына баса назар аударылып кетеді де. өйткені олар сазсыз, музыкасыз жүре алмайды. сол үшін ән айтады. әйтпесе тақпақ айтып жүре бермейді ма?..
salamat
әнді де тақпақты да мағынасын түсініп айтқанға не жетсін! Дәулеткерей Кәпұлының орындаған
"Қайқая шапқан қаракер" әнін тыңдағанда
Сұлубайдың бейнесін көрдім
Tyulpan
бірақ қызығы оның даусы жоқ. оны тыңдау өзіміздің халық арасында болмаса…
salamat
өзіміздің халық деп кімді айтып отырсыз?
Tyulpan
енді ол айтқан, оның орындауындағы әндер сахнаға келеді деп тұрсыз ба не? жай, «дворда». профи емес қой енді… ал, айтыстың критерилері басқа…
salamat
Жүрсіннің жүйріктері аулада емес, киелі сахнада шырқады.
понаграмаға жүгінбегендерді кемсіту арқылы
дарынсыздардың көрерменді кемсітіп тұрғанын
«байқамай» қаламыз
salamat
«профилердің» көбі нотаның не екенін білмейді
микрофон ұстаған роботтар ғой
өнерге қарын емес дарын керек
олардан көше әншілері артық
Tyulpan
нота білетіндері қарық бопты деп айта алмаймын. мысалы, Жазира мен Жанболат. өздері цирк колледжін бітірген. репертуарлары, айту деңгейлері нота білмейтіндермен бірдей. профи деп айта алмаймын соларды және сол сияқтыларды…
salamat
ақшаң болсаң қалтаңда
әнші болып талтаңда
деген заман болды.
фонаграмамен зілтемір көтеру мүмкін болмаған соң
ән саламыз да
edige
Сол баяғы киімімен жүр ме екен?
Tyulpan
қайдан біліп қойдыңыз, экстрасенс
ken
ол айтуға оңай. оған зал сай болуы керек, аппаратура дегендей. Қазақстанда үлкен, мықты әншілердің өзі концертін толық жанды дауыспен жасамайды. ол даусының жоқтығынан немесе айта алмағаннан емес.

меніңше, ол жәй біздің әншңлердің айтатын сылтауы ғана, зал-аппаратура деп.
шетелдік әншілер тіпті ашық аспан астында тұрып та жанды дауыспен айта береді ғой, ешқандай арнайы зал сұрамай-ақ.
ал аппаратураға келсек. бізде (Қазақстанда) аппаратура бар.
edige
Жөн жөн… Күшті аппаратура әншіні жұлдыз етеді ме екен…
Әміре Парижде сол керреметтей аппаратураны жыртып қайтқан жоқ па?
Abilakim
Ақылбек Жеменей Майқұдыққа келіп концерт қойып кетіпті. Дәл сол күндері мен конкурс бойынша жұмыс жасап жаттым да бара алмадым. Естуімше бір арзан мейрамхананың арзанқол аппаратурасын алып концерт бере салған екен. Біздің жұлдыздар ұйымдастырушыларға талап қоя алмайдыү «Мен мынандай аппаратурамен ғана айтамын» деп тұрып алу керек қой.
zholantai
Алдыңғы үш жұпқа нақты таңдау жоқ, сонда да көңілді отыру үшін Құдайберген Бекішке; Жап-жақсы сахналық киімдеріне көз тойдырмаққа Айгүлге; «Жігіттер» квартетімен бірігіп кемі бір ән орындайтын болса, Еркінге, онда да Еркін топтан кеткеннен кейінгі шыққан әндерден; Болмаса, билеттерді сатамын, не сыйлаймын.
Қайрат пен Рамазан ағалардікіне бару арман ғой, десе де «Дариға-дәурен»-ді тыңдау үшін-Рамазанға!
Әрине, ойланбастан, тіпті ойлануға тырысып, уақыт жоғалтпастан, бірден Баянға,
edige
Осындағы қазақ дәстүрлі өнерін дәріптейтін және де кештерден қалмайтын образға кіріп отырған қолданушыларға сұрақ:Ұялы телефоныңызда сол айтып отырған «Ахау керім» әні бар ма? Ең болмағанда Ұлытаудың репертуарындағы бір музыка?
Abilakim
менің ұялымда халық әндері жетеді.
aza
Мен тек қана қазақша тыңдаймын! Жұмыстаға компымның жұмыс үстелінде «Тәңірі Күбір» деген бума бар, яғни күйлер.
Ұялы телефоныңызда сол айтып отырған «Ахау керім» әні бар ма? Ең болмағанда Ұлытаудың репертуарындағы бір музыка? деп, үзілді кесілді айтпаңыз, КЕдіге…
Tyulpan
ах, мынаны көрмей қалыппын ғой. «Ахау керімді» өзім домбырада айтқанды жақсы көремін. ұялы тф-да Қарақаттың, Музарттың, М.Беспаевтың, Қарақат пен Мадина Садуақасованың "Құрбыма", Ерболат Құдаайбергеннің «Еркеқыз» деген әні, Ардақ Балажанованыың орындауындағы "Қарай көзім" әні, «Орданың „Ұмытпашы“, Арнаудың „Аңсарым“, Мақпал Диханбаеваның „Ауылым-әнім“, Дауыс-интернэшнлдағы Жадыраның орындауында „Анашым“ деген қазақ әндері бар кен.
Tyulpan
а еще жігіттердің «кешір мені» дегені бар...
edige
Қашаннан «кешір мені», «болды қойшы», "қалай айтам", "өкпем жаралы", «жүрегім сыздаватқан сияқты» типтес әндер қазақтың дәстүрлі ән алтын қорына жататын болған?
Tyulpan
хотя бы Ұлытау деген соң айттым. а так "Қарай көзім" деген халық әнін білетін шығарсыз. Бейбіт Сейдулиеваның «Бекзатым» деген әні де ес чо халық әні. қалғандары бәрі емес қой сіз айтқан «типтестерге» жататын… мен сізге халық әндерін өзім айтам дедім ғой. ивай қайтет тиісерге қара таппай айтып отырғанын қара.
salamat
сыбызғыны қалай қабылдайсыз?
Tyulpan
сыбызғыда ойнайсыз ба не?
salamat
www.baiolke.com сайтындағы алтын қордан тыңдаймын
нағыз табиғи әуен
aza
Еркін Нұржановқа баруға болар еді, қасындағы ресторанның жұлдызына жыным келеді. Рамазан мен Қайратқа барам ғой… Алайда, екеуі бір концерт қоймайды ғой, бұл азаматтар. Қай-қайсысы да бір концерттік жігіттер емес пе?!
e_zhalgas
жан тыныштығы мен үйлесім сыйлайтын концертте отыра алмаймын. яки, ешқайсына