Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі

Оның әкесі керемет аңшы еді. Ауыл ақсақалдарының бірі бола тұрса да, аңшылық кәсіпті сүйікті ісіне айналдырып алған. Қобылан биыл 7-сыныпқа барған-ды. Қобылан — ашық мінезді, «ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» деген мақалды өмірінің ұстанымына айналдырған, айтқанынан қайтпайтын қайсар, ержүрек бала еді. Ауызынан бір жаман сөз шықпайтын. Достарының арасында беделді еді. Бірақ… Бірақ, достары өзіндей емес-ті. Достарының жартысына жуығы қояншық, сотқар балалар еді. Қобылан достарын қанша түзегісі келсе де, онысынан түк шықпады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды».
Бірде, Қобылан достарымен балалық ойындарын ойнап жатқан еді. Оның Дәурен есімді досы болған-ды. Сондай сотқар бала еді. Аузынан жұрттың шешесін тастамайтын-ды. Сол ойын арасында, «ойыннан от шығып», Дәурен аңдамай сөйлеп, Қобыланмен сөзге келіп қалып, шешесін аузына алған-ды. Қобылан досының бұл жаман сөзіне қатты ашуланып, шамына тиіп кеткені соншалық, қаны басына шауып, Дәуренді ұра жөнелді. Достары әрең дегенде айырып алды. Бірақ Қобыланның ашуы тарқамады. Ол үйіне қарай жүгіре жөнелді. Үйіне кіре сала, төрдегі оюлы кілемде ілулі тұрған мылтыққа қарай беттеді. Мылтықты қолына ұстады да, Дәуренге қарай жөнелді. Әкесі ол кезде ұйықтап жатқан-ды. Әбден ашуға булыққан Қобылан Дәуренге мылтықты кезеді де, шүріппені басып қалды… Өмір мен өлім арасы… Қан… Шулаған дауыстар… Қобыланның құлағы тұнып қалды. Не болғанын, өзінің не істегенін білмей, есінен танып қалды. «Шайтан түртті ме?»… Барлығы бір-ақ сөзден басталды. Ол — жұрттың шешесін аузына алған — Дәуреннің сөзі. Қобылан әлі кішкентай болғандықтан оның әкесін тұтқындауға тура келді. Сөйтіп, Қобыланның әкесі түрмеге жабылады. Ауыл у-шу болды. Өйткені дәл мұндай оқиға, дәл мұндай өлім, шағын ауылда алғаш рет орын алған-ды. Сол оқиғадан кейін ешбір бала жаман сөз айтпайтын болды. Бір оқиға ауыл адамдарына сабақ болды. Бір өкініштісі, Қобыландының әкесі тұрмеге жабылды, Қобылан жетім қалып, балалар үйіне табысталды. Өмір деген осы…

Бұдан шығатын қорытынды: Достар, ешкімге жаман сөз айтып, ренжітіп алмайық. Аңдамай сөйлейміз деп, ауырмай өліп кетпесек болғаны. Ешқашан жұрттың шешесін ауыздарыңызға алмаңыздар. Бір жаман сөздің кесірінен қаншама адам өмірі ластанды. 1. Дәурен өлді. 2. Қобыландының әкесі түрмеге жабылды. 3. Қобылан балалар үйінен бір-ақ шықты. Ешқашан мұңаймайық, әрқашан көңіліміз көтеріңкі, жүзімізден күлкі кетпей, бақытты өмір сүрейік!

Пы\сы: Оқиға желісі, ойдан шығарылды. Бұл оқиғаны шығарған себебім: ЖАСӨСПІРІМ балаларды жаман сөз айтудан аулақ болдыру, жаман сөздің арты неге апарып соғатынын ұғындыру.
Бөлісу:

30 пікір

User
Бұдан шығатын қорытынды:

Шелектеп ақты нақ!
User
Бұл оқиғаны шығарған себебім

Пысынап ақты нақ)
Armanjan
Христо-муслим ағасы-ау. Шелектеп, пысынап, кастрюлдеп ағызсаңыз да сізге еш жараспайды екен. Бұлай жасау тек Сатекеңе ғана жарасатын сияқты. Орнымен еліктеу керек сияқты. Ашығын айтқанда өте ерапайсыз екен.
User
рақмет )
Gastarbaiter

Нормально, жаманның жамандығын айт у ішіп өлсін дейтін сол Сатекең.
Ағаларыңа орынымен еліктесең, жаман болмайсың.
ruben
 мында да «том & джерри» ойнап жүрсіңдер ме екеуің?
Armanjan
нені меңзеп отқаныңды қақсам бұйырмасын…
Daniar-Alan
Юзер мен Паридің арасындағы әңгіме ғо Рубеннің меңзеп отырғаны… Айтаберлік жігіттердің бізге де тіркелгені қуантты…
User
Айтабердің туылмай тұрып бармын мен осы жерде.
aza
Пәлі, Юзер, азаматсың! Менен 1 +!
User
нестеп қойдым мен?
aza
Плюске еңбек еттің)))
Abilakim
«пысынап кеттім» деген тіркесті ыстықтап кеткен адамдар айтатын негізі
Aldeken
Мұңайған боқ…
Оқиға желісі, ойдан шығарылды.
Ойдан шығаруға икемің шектеулі екен, әуелі, болған оқиғаны дұрыстап жазып көруді рекомендеймін.
asaubota
идеяң дұрыс қой, тек жеткізуің нашар.
Gastarbaiter
Лібәд-ай
Інім, кітап оқы. Кө-ө-өп оқы. Одан да көбірек оқы. Немесе жазу тірлігін тастап, басқа бірдеңемен айналыс.
Adiletshu
Өйстіп-өйстіп адам боп кетеді
omarbirat
Қобыланның шешесі жоқ екені әдейі жазылмаған ба? Әкесі түрмеге жабылса, бала шешесінде қала беретін еді.
Adiletshu
Омеке, шешесі неге жоқ? Сол туралы клавиатураңды көсілтсең
omarbirat
Қобылан әлі кішкентай болғандықтан оның әкесін тұтқындауға тура келді…
Бір өкініштісі, Қобыландының әкесі тұрмеге жабылды, Қобылан жетім қалып, балалар үйіне табысталды.

Делінген екен. Бала неге әкесі түрмеге түскені үшін жетімдер үйіне өткізілуі керек? Ондай нәрсе шешесі өлі болса немесе аналық құқынан айырылған болса ғана мүмкін. Басқа жағдайларда асыраушысының біреуі тірі және заң жүзінде іс-әрекеттер жасауға құқығы бар болып тұрып, баланы жетімдер үйіне өткізуге болмайды.
Мына жағдайда ауылдағы жақын туыстарының бірі де баланың қамқорлығын өз қолына алуына да болар еді. Сонда Қобыланның әкесі-шешесі де тұлдыр жетім болған сияқты.
Abilakim
шешесі Қобыланды туған бетте көз жұмған болар, басқа қандай болжам жасауға болады? Кете береді негізі болжамдар
zholantai
Әр сөйлем соңындағы етістіктеріңіз жиналып келіп, бар мәтіннің быт-шытын шығарып тастапты,
Marationok
Жақсы жазылған. Мәләдес, маған ұнады. Жоғарыдағы бұтақбастарды тыңдама.
qisyq
Нашар жазылған. Мәләдессің, әрине, бірақ маған ұнамады. Жоғарыдағы бұтақбасты тыңдама.
VKM
Нашар жазылған. Мәләдессің, әрине, бірақ маған ұнамады. Жоғарыдағы бұтақбасты тыңдама
Қисық ағаңды тыңда)))))
west_laura
ниетке рахмет. бірақ онша емес…