Сағат неше болды?


Әйел болған соң асүйде сағат тұрғаны жақсы. Күйеуіңнің жұмыстан келетін уақытын есептеп тамақ пісіресің, анау-мынау ұсақ-түйек шаруаларды уақытпен реттеп жүресің дегендей…
Бірақ ешқашан сағатты алға жылжытып қою деген ойыма келмепті. Бір құрбымның үйіне барып сағатының озық екенін көзім шалды да, онсыз да уақыт деген жел сияқты, алға жылжытпаса да болады ғой деп ойлағам. Одан сұрағанымда «жақсы ғой, сағат алда болса жұмыстарым ертерек бітіп жатады, тамақ қамына ертерек кірісіп, басқа шаруаларымды уақытынан бұрын реттеймін» деген жауап алдым. Қызық, оның озық екенін біледі ғой деп ішімнен тындым. Сөйтсем, соны да ырымға балайтындар бар екен.
Сағаттың алға озық болып тұруы ырым ба? Ырымға сенетіндер қара мысыққа да, киімді теріс киіп алғанға да сене береді. Алақан қышыса ақша аламыз деп те қуанып жатамыз. Мұрын қышыса… оны да білетін шығарсыздар?!
Сол сияқты қазақтың төл ырым-тыйымдары бар. Оған біздің халық жата кеп сенеді. Тізіп қайтем, онсыз да білетін нәрсе. Олар сенген адамға шынымен орындалады. Оған күнделікті өмірде куә да болып жүрміз. Мысалы, күл-қоқысты баспа деген тыйым бар. Соны басқанда не болады деп жақындай берген кезде күлдің үстіне немесе кір су төккен жерге құлап қалсаң… Осыны ойлаған кезде ырым сақтықтан туған шығар деген де ой келеді кейде.
Менің айтпағым сағат туралы. Оған да қатысты түрлі наным-сенімдер толып жатыр. Соның бірі сағаттың жұмыс істемей қалуы. Оның астарында не бар екенін қайдам, бірақ тұрып қалған сағатқа алғаш көзіміз түскен кезде қандай күйде боламыз? Уақытқа қарағанда көбіне басқа нәрсені ойлап тұрамыз. Сондықтан алғаш көзің түскен сәттегі уақыттың қалып не озып тұруы адам психологиясына бірден теріс әсер етеді. Кешіктім деген ойдың өзі секундқа жетпейтін уақыттың ішінде санаңа сигнал береді де, жүрегің зу ете түседі.
Бала күнімізде қай сағаттың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын білмейтін де кездер болған. Қазір, құдайға шүкір, компьютер бар, теледидар бар. Тіпті телефонмен де уақыттың дұрысын біле салуға болады. Дегенмен сағатқа қатысты мынадай ырымдар бар екен:
— Тіс дәрігерінің бөлмесінде сағат тұрмайды.
— Казинода да уақыт көрсетілмейді.
— Кейбір қызмет көрсету орындарында сағат үнемі алға озып тұрады.
— Сағат сыйлауға болмайды (себебін білмедім)
— Сағаттың тоқтап қалуы да кейбір халықтарда жаман ырым саналады.
— Әйелдер төрт не үш бұрышты сағат сатып алмауы керек.
— Ал ерлер керісінше дөңгелек сағат сатып алмауы қажет.
— Сағаттың бетіндегі әйнегі сынған жағдайда оны лақтырмай, жөндетіп алу керек.
P.S. Ғаламторда сағатқа қатысты ырымдар толып жатыр. Мәселен сағаттың адам өмірінде алатын орны ерекше дейді. Сағатсыз жүре алмайтын таныстарымыз да бар. Өз басым сағат дегенді ұзақ тағып көпмеппін. Кейбіреулер атадан мұраға қалған сағаттарын көзінің қарашығындай сақтап жүреді. Ол дұрыс. Себебі ата-бабадан қалған кез келген зат шынымен адамды келеңсіздіктерден қорғап жүреді екен.
Бөлісу:

8 пікір

aizhan
қызық екен, бірақ өз басым ырымдарға сенбеймін, сағат сыйлауды, сыйға алғанды ұнатамын!
Onlasyn
Қызық, оның озық екенін біледі ғой деп ішімнен тындым.
Негізі бұл нәрсе іске асады, яғни кейде шынымен сеніп, озық екенін білетінің естен шығып кетеді. Бірақ мұның ырымға еш қатысы жоқ.
bi2
ырым ғана емес, сенім де бар ғой бұл жерде…
boztorgai
алғашқыма сыйлаған (қол) сағатым жолымыз екіге айырылған күні жүрісін тоқтатты
бұл жай кейін сол күндерді еске алған кезде аян болған
edige
Казиноларда терезе болмайды, сағат қана емес…
Қызығып кетіп уақытын ұмытып ойнап-ойнап, ұтылып шығуы үшін… еш ырым емес ол.
bi2
тух, ырым болмаса қағида болар да…
Abilakim
«сағат тоғыз жарым(әлде сегіз жарым)!» Бандыны қуған Хамит
Gastarbaiter
— Шексіздік деген не, бырат?
— Маған қарызға бір аптаға мың доллар берсең түсінесің.