Шірене тепті деген осы

Футболда неше түрлі голдар соғылып жатады. Бас айналдыратын комбинациялардан кейінгі доптар, айып соққылары, автоголдар, өкшемен, баспен, желкемен, арқамен соғылған голдар. Айта берсең көп. Соның ішінде алыстан соғылған доптардың ерекше әдемі көрінетіні рас.

Өткен аптада осындай алыстан соғылған голдар көп болыпты. Және бірінен бірі өткен әдемі сәттер. Тамашалаңыз!

Польшаның бірінші лигасы. (Жоғары лига емес) Колеяж Струже — Краковия командаларының арасындағы ойын. Есеп 0-1. Гол авторы Владимир Болжевич.


Мұхиттың арғы бетіне ауысамыз. MLS. Нью-Йорк Ред Буллс — Торонто кездесуі. Есеп 4-1, жеңімпаз Нью-Йорк командасы. Ал канадалықтар соққан жалғыз доптың авторы Джонсон.


Енді Латын Америкасы. Дәлірек айтсақ Аргентина чемпионаты. Олл Бойз-Ланус. Бұл сәтте Ланус ойыншыларының тамаша контратака ұйымдастырғанын атап өту керек. Екі жігіт бар қарсыласын статист ретінде пайдаланып, ауыздарын аңқитып кетті. Ал Айаланың соққысын олар енді түстерінде де көретін шығар.


Италия. А сериясы. Палермо-Кьево. Палермолықтардың шабуылшысы Фабрицио Минколи бұл ойында үш гол соқты. Оның ішінде үшіншісі жылдың үздік голдарының қатарынан табылатын шығар деп ойлаймын. Соққының күштілігінен бұрын дәлдігіне, орындаушының шеберлігіне қол соғу керек.


Менің ойымша ең тамаша гол Ресей біріншілігінде соғылды. Чемпионаттың оныншы турында Теректің қорғаушысы Мартин Йиранек мынадай шедевр жасады. Айтпақшы, Терек Кубаньнан 1-2 есебімен жеңіліп қалды.


Егер сіз көрген өзге де тамаша голдар болса бөлісе отырыңыз.
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
Йиранектің голы сұмдық екен, әсіресе артынан көрсеткенде!

Хайруллин де әдемі салды Ордабасыға. видеосы шықса қоярмын.
Marco
Францияның 2-лигасы. Ньор-Дижон. Ньордың шабуылшысы Мұстафа Дурак бұл ойында үш доп соғып, командасының 4-2 есебімен жеңіске жетуіне зор үлес қосты. Әсіресе үшінші голы аса әдемі орындалды.
Marco
Бұл да өткен аптада соғылған гол
asaubota
керемет гол екен! фол болғасын ойыншылар да қақпашы да күтпей қалды.
Abilakim
Осыдан кейін Мұстафаны дурак деп айтып көр)))
asaubota
Дурак түрікше тұрақ, аялдама деген мағынада
Abilakim
)))
А так та Қонысбаевтың голы да керемет еді ғой)))
asaubota
тууу ол гол емес деп қанша айттық  пас қо, пас. просто дұрыс шықпай қалды
Abilakim
білем, навес жасады деп сол кезде де жаздым ау деймін, былайша әңгіме созу ғой менікі
Erke
бір куні казак какпашысы гол салып жіберуі мүмкін Ұлан кұсап!
konvict
Мынаның қасында бәрі қойна секілді
ruben
Мынаның жанында қойна в квадрате болады.

konvict
Мынау типі Ван Бастеннің голына ұқсас қой? Алайда, Марконың голы әлем чемпионатында салынды. Сосын оның алдында қорғаушы болған. Мына жерде почти қорғаушы жоқ
ruben
келісем. бірақ Тайсон с ходу табанның шет жағымен ұрды. мұндай 20 жылда бір соғылады. ван Бастеннің өзі де мойындады гол кереметтігін…
asaubota
түсінбедім. қалай ұрды?
ruben
футбол сленгімен айтар болсақ, марконікі, әншейін, клюшка тосу болады. Қанша жерден финалда соқса да, қаншалықты сүйір бұрыш болса да, мойындау керек. Ал Тайсон классик шведка, шечкамен емес, соқты. Ван Бастеннің өзі мойындады
User
қой брат на лету келатқан допты пыром табанның 5 пашпайды бүге ұрды.Мұндайды тренивкада салғанмын угловойдан.
ruben
пыром болса, траектория өзгеш болар еді
User
с ходу табанның шет жағымен ұрды

бұлай болса, шамалы круйченый болатын ед.Ал

пыром табанның 5 пашпайды бүге ұрды

Мындағы траектория видеодағыдай (қойш білемін ғо бғат)
User
Ал мынау

ТОТ САМЫЙ ГОЛ

Смақовтың голы бірақ қай командаға салғанын білмеймін.

www.youtube.com/watch?v=MTHjQuBNp8U
ruben
түстеріне қарап, біздің шахта ма деп қалдым. егер қақпада мокин немесе сарана тұрған кез болса, дым таңқалмаймын