Домбыра тарту Өскеменде өтті

Домбыра тарту басталмай жатып, алып кете жаздады бізді)
Домбыра тарту басталмай жатып, алып кете жаздады бізді)
Кейбір адамдар 1 сағат бұрын келіп, дайындалып жатты
дайындық
«Абай мен Мұхтар — ажырамас төл тұлға» деген кітапшалар жасап қойдық, ішінде өмірлері туралы қысқаша ақпаратпен
Таратылым
Әкімшілікте қызмет істейтін Айдар деген ағамыз арнайы келді (ең жақсы дайындалып келген адам болды-ау)…
Айдар Садырбаев
«Домбыра тарту»-дың арқасында kozildirik ағамен таныстым
Алмас ағай отыр ортада
Семейден қонақ қыздар, домбыра тартпаса да, әдемі өлең айтып берді
Семейден келді
Шамамен 50-60 адам жиналдаы-ау
жиналған адамдар
Шіркін… осы қыздың дауысын-аааайййй
атын ұмытып кетіппін
Ербол Тілеуберді — Түркияда оқығанда түріктер біздің домбырамен түрікше ән салады екен, соны қазақшаға аударып айтып берді
Ербол Тілеуберді

Салынған бейнелер әзірше осы…








Бөлісу:

51 пікір

NaimanKa
Келген, қатысқан, қоладаған, көмектескен азаматтарға мың алғыс!
Үлгерсем соңыра бейнесін де салып қоям
Aldeken
беу, десе… керемет өткен екен…
Семейден қонақ қыздар, домбыра тартпаса да, әдемі өлең айтып берді
«Жаным» КВН командасының мүшелерін шырамыттым…
«Жандос пен Қуат жан дос, Жандос та қуад, Қуат та қуад… Екеуі де жан дос, екеуі де қуад» дейтін приколды айтатын еді ұмытпасам…
asaubota
жарайсыңдар! қуаныштымын бізідң істің жалғасын тапқанына.
DaVinci
Барі жақсы болды! Ұлы Абайдын әндерін айтып бір шуаққа бөленіп қалдым! Ұйымдастырғандарына рахмет!
Мәдениетіміз асқақтай берсін!
a63a1
Дәстүрге айналғаны жақсы. Қарағандыда қаңтардың ортасында орталық саябақта көлдің бетінде өткіземіз деп шештік
Daniar-Alan
тамаша! аяқсыз қала ма деп едім. Көзілдіріктің апайы уәдеде тұрыпты.
patick
«Бойцовский клуб» фильмі есіме түсіп кетті
Janasil
Видео ортаға!!!
NaimanKa
Видеоны қалай салады?! Сала алмай отырмын
kozildirik
Өскеменнің қақ ортасына отырып алып Абайдың әндерін шырқағанда ары бері өткен орекеңдердің көзқарасын көрсеңдер ғой. Бір кеткен өшің қайтқандай арқаң жібіп, рақаттанып қалады екенсің.
Әкімшіліктің дәл алдында өткен осң қызметінен шыққан мемқызметкерлер жиналып қалып, соңы «Нұротанның» жиналысы сияқты болып кете жаздағаны болмаса тамаша.
ПыСы. Менімен таныстым дейді, мен Найманканы танымай отырмын
AKY
оо, адам көп жиналыпты
aza
Тамаша!!! Разымын! ВКМ ауылдастары, өңшең!!! Қандай керемет, арқам ұстап, ән айтқым кеп кетті ғой, әнәссс)))
Janasil
Дайындал, Сарыарқа келісіпті. Аптасына 2 рет.
VKM
 kuuuuwtiii))))Jasasyn wygystyktar!
ademi_alem
Мына жерде "Өскемен қаласында жиналу 21 күніне ауыстырылады, 18:00 Абай ескерткіші алдында" деп жазылған. Сәрсенбіде (19-қыркүйек) менде газет шығатын күн, бәрібір бара алмас едім. (( Неге екенін білмеймін, мен сол Абай ескерткішінің алдына 21 күні емес (жұма күні), СЕНБІ күні барып қайттым ғой. ))))) Сол күні қала күніне орай концерт өткелі жатты, сосын жауынды күн болды «неге бұл күнге қойылды» деп ойлап, ары бері жүріп ешкім болмағасын қайтып кеткенмін. Жиі бола бермейтін рухани азықтан құр қалыппын. (((
VKM
Zarina, kai gazette izteisin?Didarda ma?
Marco
Айналып кетейіндер сол! Тағы да болады ма? Болса эфирге алуға болады.
NaimanKa
Бұл шараны біз де дәстүрлі қып өткізуді жоспарлап отырмыз!
Келесі жолғы өтетін жиынымзға арнайы пост жазып барлықтарыңызды шақырамын (келуге мүмкіндіктеріңіз болса әрине)
Marco
Расымен жуық арада өткізбек ойларың болса, хабар бер. Жаңалықтарға алайын.
asaubota
сөйтіп жіберіңдер
jako_83
арнайы посты күтушінің бір менмін. Қазанның тоғызыншы жұлдызына дейін өтілсе жақсы болатын еді
Nurgisa
Өткендегі апай қанаттана, шабыттана айтып еді. Жерде қалмапты, ұмыт болмапты. Мынау деген ұлан-асыр той ғой, адам қарасы қандай, адам қарасының қарасы қандай… Жарасымды тірлік, өнегелі дүние. Қазақ өрлепті. Қазақ өлмепті. Шіркін, өзге өңірде де тізе қосысқандарды көрер күн тусайшы, жарықтарым ата жолын қусайшы… Кереметсіңдер, найманка.
aza
Нұрекеее, не дддегеен пафос құдай ааау)))
NaimanKa
КӨМЕКТЕСІҢІЗДЕРШІІІ!!! Бейнені қалай салады?!
VKM
Youtube-ke salyp,kodyn koisan, wygady
NaimanKa
рахмет! қазір салайын…
jako_83
осы кешке баруға ниеттеніп едім, қасқа басым ұмытып кетіппін.21і күні өтті ме?
Erkekyz
Біраз адам жиналған екен. Рысбектен басқа айтарым жоқ
izbasar
Тамаша тірлік, разы болып отырмыз. Астанадағы жиылысты күтіп едім жалғасы Өскеменнен шығыпты. Қазақтың өнері барда қазақ өлмейді. Алла разы болсын!
AKA
Күшті, ұйымшылдық мықты екен.  Тіпті кітаптар қойылған сөре де әкелініпті, кітапшалар да таратылыпты. Ұнайды, риза болады екенсің.
kokbori
Керемет екен, шіркін Атырауда да ұйымдастырар ма еді. Бірақ бізде мынадай адам жиналса шетімізден қамап тастар, нақ, Бірақ болмай қалмас, бұйырса
NaimanKa
Бізді де алып кете жаздады. «Неге жиналдыңдар?», «Мақсаттарың не?», «Рұқсат қағаз неге жоқ?» деп мазаны алды алғашында, есіме #оккупайабай да түсіп кетті  
Жақсы болғаны милица ағай қазақ болды, «Ағай, бұл халқымыздың мақтаныштары ҰЛЫ АБАЙ мен МҰХТАРға арналған кеш» деп айттым, кетіп қалды
Tyulpan
экспаттарды алып барып, көрермен қылып қойса болады. оларға біздің домбыра сондай ұнайды. базарларға барып, сатып алып жүреді өздері. үйрет дегендер де болып еді. қобызға да қызығушылық жоғары. главное как преподнести ғой
Aya
Керемет болған екен)ұзағынан сүйіндірсін. Шығыстықтар жасай бергін
seyh
Домбыра демекші шертуді үйренгім-ақ келеді. Алматыда уйрететін (ақысыз болса тіпті керемет) курстар не таныстар болса бөлісе кетсеңіздер
a63a1
саусағыңды уақытынан кеш сермедің.
VKM
Videolar kuuuuwti!Kelesisi kawan bolady, aita salyndar,men Waimerdenov Danatka aitamyn bar dep,ol dombyramen tamawa aitady
TOTY
Қуаныштымын. Шығысымның жастарын көріп бір жасап қалдым ғой. Айдар ішкі саясатта жұмыс атқаратын жігіт, тіпті бел ортасында екен, жарайсың!
araika
Жастар, жарайсыңдар!
kaspi_meruerti
Күштіііі, жарайсыңдар!