Кездейсоқтықтан пайда болған 10 өнертабыс (жаңа құрылғы, элемент, т.б.)
Әрине, көбіне жаңалықтардың барлығы да ғылым қуып ізденудің немесе адам өмірін жеңілдету мақсатында ойлап табылатыны рас. Бірақ, прогресс барлық жаңалықтың мақсаты болды дей алмаймыз. Кейбір таңғажайып идеялардың өзі кездейсоқтықтан туындап жатады. Сонымен, назарларыңызға кездейсоқтықтың арқасында ашылған 10 жаңалықты ұсынамыз.
1942 жылы америкалық физик доктор Гарри Кувер портативтік қарулардың оптикалық көздеуіштеріне арналған мөлдір пластик дайындауға талпынған болатын. Тәжірибе барысында ол сынақтық материалдарды қатырып жапсырып тастайтын цианокрилатпен жұмыс істеген екен. Алайда, Кувер, қысымды да, жылуды да қажет етпейтін бұл заттың шын мәніндегі әлеуетін тек арада 6 жыл өткесін барып түйсініпті. Иә, суперклей дәл осылай дүниеге келген екен.
Қызық дәйек – Вьетнам соғысы кезінде суперклейді ашық жаралардың қанын тоқтату үшін пайдаланған. Осылайша, қаруды жетілдіруге арналған жаңалық көптеген адамдардың өмірін сақтап қалыпты.
Тағы бір америкалық физик Спенсер Сильвер желімді ойлап тапқанмен өздігінен желімденетін парақшаларды Артур Фрай ойлап тауыпты. 1968 жылы Сильвер қағазды кез келген жерде ұстап тұра алатын, бірақ, қағазды жыртпай алуға мүмкіндік беретін желім ойлап табуға талпыныс жасады. Сонымен қатар, желім бірнеше қайтара қолданылуы үшін жабысқақ болуы қажет болды. Алайда, Сильвер жұмыс істейтін компанияда оның идеясы қызығушылық тудырмады. Кейін бұл желімді Артур Фрай псалтырьға белгібауларды (закладка) жапсыру үшін пайдалана бастады және аталмыш желімді жабысқақ бірнеше қайтара қолданылатын белгібаулар жасау үшін қолдануды ұсынды. Осылайша, идея танымал бола бастады.
Canon компаниясының инженері қызып тұрған дәнекерлегішті абайсызда қаламның үстіне қойып қалыпты. Содан еріген қаламнан сия ағыа бастағанда осы струйный принтерді шығарудың идеясы дүниеге келген екен.
Динамитті Альфред Нобель ашқанын бәріміз білетін болармыз. Ол нитроглицеринді сынау барысында кездейсоқ жарылыстар болмауы үшін оны тұрақтандыруды ойластырған екен. Нитроглицерині бар құты кездейсоқ жаңқалар төгілген еденге құлап кеткен кезде жаңқалар шамалы тұрақтылық беріп, құты жарылмайды. Бұны көрген Нобель формуланы жетілдіріп, нитроглицеринге кремнезем (кремнийдің оттегімен қосындысы) қосады. Осылайша, динамит дүниеге келіпті.
1859 жылы ағылшын химмгі Роберт Чезбро мұнай өндірісі саласының көп жұмысшыларынан «парафин» атты балауыздық заттың мұнай насостарының құбырларында жиналып қала беретінін естиді. Чезбро сол сәтте заттың үлгісін алып, тәжірибе жүргізе бастайды. Мұнай желесі жаралар мен кесілген жерлердің тез жазылуына септігін тигізетіні байқалады. Химик оған «вазелин» («Wasser» немісше – су, және грекше «Еlaion» — май) деген ат береді. Ол кезде вазелинді қолдану аясы өте кең болды, оны кілем тазалаудан мұрын тазалауға дейін қолданды. Автордың вазелиннің таңғажайып қасиеттеріне сенгені соншалық, өмір бойы күніне бір қасық вазелин жеп өткен екен.Нтижесінде 96 жасында дүниеден өтіпті.
Виаграның бастапқы мақсаты – стенокардияны емдеу болатын. Алайда, дәріні шығарушы «Pfizer» фармацевтикалық компаниясы дәрінің жанама әсерлерін зерделеу барысында жоғары қан қысымы төмендемейтінін және сыналушыларда керемет эрекция пайда болатынын анықтаған. Осылайша, компания эректильдік дисфункция мен оған виаграның әсерін зерттей бастады. 1998 жылы сапаны бақылау басқармасы дәріні мақұлдап, содан бері көптеген еркектердің қызықты да көңілді өмірлері басталды.
Ағылшын металлургы Гарри Бреарли қару өндірісі үшін тот баспайтын болат қорытпасын жасауға талпынды. Тот баспайтын болат 12.8% хромды 0.24 % көміртекпен араластыру нәтижесінде пайда болды, алынған қорытпа тіпті сірке қышқылы мен лимон шырынына да төтеп беретін еді. Кейінірек өнертапқыш алынған қорытынды күміс мен көміртекті болаттан дайындалып, уақыт өте тот басуға байланысты жарамсыз болатын ас үй құралдарына сайма-сай келетіндігін түсінді.
d-лизергин қышқылының диэтиламиді швейцариялық ғалым Альберт Хофманмен бала туу кезіндегі ауырсынуды жеңілдететін дәрмек шығаруға талпынысы кезінде ойлп табылған болатын. Шығарылған зат оған қызықсыз болып көрінді де, оны сөреге алып қойыпты. 1943 жылы аталған затпен жұмыс барысында қолғап қолданылмауына байланысты үлкен дозасын қабылдаған кезде оның нағыз мүмкіндіктерін сезіне алды. Өзінің айтуынша, «қалыптан тыс формадағы фантастикалық суреттердің тоқтамайтын ағынын» сезінген екен…
Нью-йорк дүкенінің сатушысы Томас Салливан шәйді жібек қалталарға салып сату ыңғайлы деп шешеді, және сол сәттен бастап, шәйдіңсатылымы күрт өсіп кетеді. Сөйтсе, сатып алушылар қателесіп, шай толтырыған қалталарды сол күйінде ыстық суға салыпты, нәтижесі бәріне ұнайды.
1946 жылы инженер Перси Спенсер микротолқынды радиация шығаратын магнетронды сынақтан өткізіп жүргенде қалтасындағы шоколадтың еріп кеткенін байқайды. Перси бұл құбылысқа магнетронның қатысы бар деп болжап, құрылғының жанына попкорнға арналған дақылдарды қояды. Попкорн дайын болғасын, Спенсер жұмыртқа пісірмекші болған кезде, жұмыртқа жарылып кетеді. Бұның барлығы оны төменгі жиіліктегі энергия тамақты тез дайындауға көмектеседі деген ойға алып келіп, бір жылдан кейін алғашқы микротолқынды пеш шығарылады.
Дереккөз мында
1. Суперклей (супержелім)

2. Стикерлер

3. Струйный принтер (атауын аудара алмадым.)
Canon компаниясының инженері қызып тұрған дәнекерлегішті абайсызда қаламның үстіне қойып қалыпты. Содан еріген қаламнан сия ағыа бастағанда осы струйный принтерді шығарудың идеясы дүниеге келген екен.
4. Динамит
Динамитті Альфред Нобель ашқанын бәріміз білетін болармыз. Ол нитроглицеринді сынау барысында кездейсоқ жарылыстар болмауы үшін оны тұрақтандыруды ойластырған екен. Нитроглицерині бар құты кездейсоқ жаңқалар төгілген еденге құлап кеткен кезде жаңқалар шамалы тұрақтылық беріп, құты жарылмайды. Бұны көрген Нобель формуланы жетілдіріп, нитроглицеринге кремнезем (кремнийдің оттегімен қосындысы) қосады. Осылайша, динамит дүниеге келіпті.
5. Вазелин
1859 жылы ағылшын химмгі Роберт Чезбро мұнай өндірісі саласының көп жұмысшыларынан «парафин» атты балауыздық заттың мұнай насостарының құбырларында жиналып қала беретінін естиді. Чезбро сол сәтте заттың үлгісін алып, тәжірибе жүргізе бастайды. Мұнай желесі жаралар мен кесілген жерлердің тез жазылуына септігін тигізетіні байқалады. Химик оған «вазелин» («Wasser» немісше – су, және грекше «Еlaion» — май) деген ат береді. Ол кезде вазелинді қолдану аясы өте кең болды, оны кілем тазалаудан мұрын тазалауға дейін қолданды. Автордың вазелиннің таңғажайып қасиеттеріне сенгені соншалық, өмір бойы күніне бір қасық вазелин жеп өткен екен.Нтижесінде 96 жасында дүниеден өтіпті.
6. Виагра
Виаграның бастапқы мақсаты – стенокардияны емдеу болатын. Алайда, дәріні шығарушы «Pfizer» фармацевтикалық компаниясы дәрінің жанама әсерлерін зерделеу барысында жоғары қан қысымы төмендемейтінін және сыналушыларда керемет эрекция пайда болатынын анықтаған. Осылайша, компания эректильдік дисфункция мен оған виаграның әсерін зерттей бастады. 1998 жылы сапаны бақылау басқармасы дәріні мақұлдап, содан бері көптеген еркектердің қызықты да көңілді өмірлері басталды.
7. Тот баспайтын болат
Ағылшын металлургы Гарри Бреарли қару өндірісі үшін тот баспайтын болат қорытпасын жасауға талпынды. Тот баспайтын болат 12.8% хромды 0.24 % көміртекпен араластыру нәтижесінде пайда болды, алынған қорытпа тіпті сірке қышқылы мен лимон шырынына да төтеп беретін еді. Кейінірек өнертапқыш алынған қорытынды күміс мен көміртекті болаттан дайындалып, уақыт өте тот басуға байланысты жарамсыз болатын ас үй құралдарына сайма-сай келетіндігін түсінді.
8. ЛСД
d-лизергин қышқылының диэтиламиді швейцариялық ғалым Альберт Хофманмен бала туу кезіндегі ауырсынуды жеңілдететін дәрмек шығаруға талпынысы кезінде ойлп табылған болатын. Шығарылған зат оған қызықсыз болып көрінді де, оны сөреге алып қойыпты. 1943 жылы аталған затпен жұмыс барысында қолғап қолданылмауына байланысты үлкен дозасын қабылдаған кезде оның нағыз мүмкіндіктерін сезіне алды. Өзінің айтуынша, «қалыптан тыс формадағы фантастикалық суреттердің тоқтамайтын ағынын» сезінген екен…
9. Шай пакеттері
Нью-йорк дүкенінің сатушысы Томас Салливан шәйді жібек қалталарға салып сату ыңғайлы деп шешеді, және сол сәттен бастап, шәйдіңсатылымы күрт өсіп кетеді. Сөйтсе, сатып алушылар қателесіп, шай толтырыған қалталарды сол күйінде ыстық суға салыпты, нәтижесі бәріне ұнайды.
10. Микротолқынды пеш

дедік…