Құлаққағыс

Биыл астаналық «Керекшілер» жақсы бір үрдісті қалыптастырды. Ол әрине «Домбыра тарту». Бұндай игі шаралар тамырымыздан ажырамауымыздың басты кепілі. Бұның барлығы жасандылықсыз, өз еріктерімен істеп жүрген іс екені белгілі. Ендігі айтарым…
Осындағы дәстүрлі өнерді дәріптеушілерге және халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын кез-келген оқырманға құлаққағыс. Қазан айының 17-19 аралығында Қарағанды қаласында Қазақстанның халық артисі Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық конкурс өтеді. Қатысқысы келген жандар маған хабарласуына болады немесе мына мекен-жайға құжаттарын жібере алады.
100009 Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі, 45-ші үй, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі.
Телефондары: 41-10-88(қабылдау бөлімі), 42-08-58(Айсұлтан).
Ұсыныстарға төмендегідей құжаттар қоса беріледі:
— тууы туралы немесе жеке бас куәліктерінің көшірмесі;
— СТН (РНН) көшірмесі
— өмірбаяны, ұстазының аты жөні;
— музыкалық білімі туралы құжаттың көшірмесі;
— оқитын (оқушылар мен студенттер үшін), жұмыс істейтін жерінен анықтама;
— 13х18 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
— әр кезеңде орындалатын шығармалар тізімі.

Қарапайым тілмен түсіндіре кетейін. Конкурс екі кезеңнен тұрады. Әр кезеңде 3 әннен орындалады. Екі ән өз таңдауың бойынша бір ән төменде көрсетілген әндердің арасынан болуы шарт.
Ұйымдастыру комитеті үміткерлердің әр кезеңінде бір әнді міндетті түрде орындайтын шығармалар тізімін ұсынады:
Сейтжан сал — «Қанатталды», Біржан сал — «Айтбай», «Жонып алды», Ақан серінің әндері, Мәди — «Қарқаралы» «Қаракесек», «Шіркін-ай», «Үшқара», Жаяу Мұса — «Көгершін», Мұхит — «Зәуреш», Кенен — «Қайран жастық», Қалқа-«Сарыжазық», Берікбол — «Ағаш аяқ», Сегіз сері — «Ақбақай», «Гауһартас», «Сұржекей», Абайдың әндері — «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғақ»,«Татьянаның әні»,«Қараңғы түнде тау қалғып», Үкілі Ыбырай — «Аңшының әні», Жарылғапбердінің әндері — «Ардақ», «Ғайни», Балуан Шолақ — «Ғалия» 1-2 түрі, Шашубайдың әні — «Аққайын», Ғазиздің әні, Салғараның әні — «Жиырма бес», Естайдың әндері — «Қорлан», «Жай қоңыр», «Бір мысқал», У.Шондыбайұлының әні — «Бозқараған», М.Бүркітбайұлының әні — «Бүркітбай», Халық әні — «Екі жирен», Әсет Найманбайұлы — «Інжу-Маржан», Қалқа Жапсарбайұлы -«Саржазық», Берікбол сал Көпенұлының әні — «Ағаш аяқ», Басықараұлының әні -«Канафия».

Мен Батыс мектебінен едім, немесе Сыр мектебінің түлегімін деп жүрексінбеңіздер. Арқаға келіп Арқа әнін (көрсетілген әндерді) өз мектептеріңіздің мақамымен айта бересіздер.
Бөлісу:

10 пікір

Abilakim
Аза, қатысатын болсаң лауреат болмасаң да дипломант атанып кетесің)))
aza
жоға, алла разы болсын, жұмыстан босай алмаймын, әйтпесе барып додаға түсіп қайтарға болуыша еді. Және тек дипломанттықпен тоқтамай деп қоясың ғой)))
Abilakim
Әрине)))Жатын орын, ішіп-жем бәрі біздің тараптан
VKM
Аза мен Нұрғиса ағаға бару керек.Жанкүйерлері де баратын шығар))))
dark_nazgul
Сонда не, мен де қатыса берсем бола ма барып? Білімім жоқ болса да?
"ІнжуМаржанды" айтар едім…

ой, әкең, мұқият оқып шықтым...
Abilakim
6 өлең айта алсаң қатысасың)))
dark_nazgul
айтуын айтам ғой… қазір "інжу-маржан" мен «мұхида-шайбанды» үйреніп жүрмін
білімім жоқ…
Armanjan
Екінші дауыста қатысуға бола ма? Мысалы бір әншімен бірге барсам ол ән айтса, мен қосылып тұрсам, қандай жүлде бұйырады?
Abilakim
Халық әнін екі дауыста орындаймыз десеңдер болады. Екеуіңде жолдама алып келіңдер. Қатысушының шашбауын көтеріп келетіндер барлық шығынды өздері көтереді. Ал, келем десең, дәл сенен ондай ештеңе сұрамаймын. Келіп, тамашалап қайт.
Жүлде мәселесі, бірінші дауыстағы қатысушы өз жүлдесінің белгілі бір мөлшерін беретін шығар. Оны сол әншімен келісіп ал.
Abilakim
Бас жүлде-1
Бірінші орын-1
Екінші орын-2
Үшінші орын-2
Дипломант, арнайы сыйлықтар бар.
Ақшалай сыйлықтар барлығы