Коллекция жинайсыз ба?

Кішкентай кезімде анкетаға жабыстыру үшін индия қыздары мен жігіттерінің фотоларын жинайтынмын. Өте көп болатын менде. Сосын Киндер сюрприз шығып жатқанда ішіндегі ойыншығын қорабымен қоса жинап жүретінмін. Оным бір сумка болатын.
Ал қазір, балалығымның белгісі қалып қойған болар,Теддиді жақсы көрем. Тым үлкендері бар еді, сіңілілерім алып кетті  Әзірге осы-ақ


Тағы бір әдетім — иіссудың түр-түрін ауыстырып тұрғанды жақсы көрем. Таусылмай жатып, басқасын ұнатып жатам, көрсеқызарлығым ба екен?  


Тырнақ бояуын ұнаттым ба, ала салам. Сапасы мен маркасына мүлде назар аудармайм, түсі ұнаса болды, жаман әдет. Бір рет жағылған соң тұрады. Тағы да сіңілілерім қарық боп жатады әйтеуір


Брелок жинағанды керемет жақсы көріп, жатпай-тұрмай жинаймын деп айта алмаймын . Сыйға келгені бар, өзім алғаным бар, біраз жиналып қапты. Енді брелок жинауды қолға алсам ба деймін.


Өзім жақсы көретін, бірақ еш қолданбайтын екі флешкам бар  Олар — анау гитара (әлде скрипка?) мен жүрек. Қалғаны құртыла берсін деп, қолданып жүрмін


Ал сіз ше? Коллекция жинайсыз ба? Осында суретін сала отырыңыз…
Бөлісу:

130 пікір

aikarakoz
Сіздер де коллекцияларыңызбен бөлісе отырыңыздар
dark_nazgul
анооооу көк түсті лак ұнап қалды.
менде түк жоқ. дүниеқоңыз емеспін.
asaubota
футбол шарфтарын жинаймын дей алмаймын, бірақ коллекция болатындай бар. көбісі сыйлық болып келгендер немесе басқакоманда фанатымен алмастырылғандар.
jako_83
мен әр елдің тиындарын(монета) жинаймын.Нумизматикпін.
aikarakoz
Суреті керееееек )
Aigolek
Анау точно гитара емес. Скрипка или виолончель
aikarakoz
 точно! Мән бермеппін ғо оған )
Xansha
Диордың иіссуларын жаннным жақсы көред… Әсіресе, Pure Poison. Бірақ иіссуларды жинамайды екенмін
АЛ Теддиді жақсы көрмейтін жан жоқ шығар. Жігіт, қыз демей бәрі бір-біріне сыйлап жатады ғой. Өзімдегі ойыншықтарды да көріп қалдым сізден.
Ал лактарға келсек, менде сіздкінен 3 есе көп шығар))) Мен де жүрген жерімде қарап жүрем. Ұнап қалса, алып қорапшама салып жинай берем. Қолданбасам да, сақтау мерзімі әбден біткенше тұрады)
Мен картинкалар жинағанды жақсы көрем))) Әдемі, көздің жауын алатын фонға қоятын суреттер, мейлі табиғат па басқа ма…
Осыған дейін жақсы көретін фильмдерімді сақтап жүретінмін, кейін обновлениеден кейін бәрі өшіп қалды(((
Суретке түсірген де әуестік шығар?.. Жүрген жерімді суретке түсірем, мейлі ол адамдар болсын, басқа болсын… Фоторепортаж жасайм солайша) БІрақ ешқайда жариялап көрмеппін.
Негізі, бұның бәрі Плюшкиннің ісі болмаса болды. Нағыз «коллекционист» ол сағаттар, не т.б. мәнді заттар жинайтндар шығар)))немесе алтын жинайтын сығандар)))
Erkekyz
Ох, парфюмерия. Мен де қызығамын. Кейде біреудің үстінен әдемі иіс сезіп қалсам, ұялмай не духи екенін сұраймын. Қазір менде 4 парф. бар. Біреуі сендегідей Мисс диор шерри. Бірақ оны қолданбағалы қашан. Қыста Кензо Индиго жазда ланвин.
Былай ойлансам, мен де «дүниеқоңыз» емес екем. Мақтанатын түк жоқ)).
Менде ең көп нәрсе корей сериалдары еді. Бірақ мен жоқта үйдегілер Бекжан базарға апарып өткізіп жіберген екен. Қайран дисктер еріп кетті сөйтіп.))
Zhanylai
Күштіііі Шарф жинаймын. Ертең салармын суретін
madlen
Магниткаларым )
aikarakoz
Маған таныс бір магнитканы көрмей тұрғаным…
madlen
Қатты жақсы көріп қойдым стеклянную магнитку… Есікті қатты ашамыз деп сындырып қойдық  кешірші, жаным
Marationok
Ондай коллекцияны жинауға, алуға шамам жоқ, әсіресе әтірсуларды.
Бала кезімде, фантик пен наклейкаларды жинаушы едік, аударыспақ ойынымен ұтып ап.
Gastarbaiter
Каменьжопа
Антилопа
Су-йе фа-а))))))
Gastarbaiter
Мен де ештеңе жинамаймын. Функционал маңызды.
Ағамның бала кезінде марка жинаған коллекциясы гаражға шығып қапты.
Білмеймін, мен тек функциясын пайдаланып лақтырып жіберем. Ауыр жүк деп есептеймін, кез келген артық нәрселерді көрсем сатып, өтпесе тегін таратып, не өртеп жібергім келеді де тұрады.
Мен өлгенде де егер қалауым болса, мені өртеп жібергенін қалар едім, тас-кірпіштің ортасында шіріп, босқа жерді алып жатпай.

ПС.Е-Кітаптар біраз жиналып қапты. Біраз оқылған, немесе бәрібір оқылмайтындарды құрту керек.
VKM
ПС.Е-Кітаптар біраз жиналып қапты. Біраз оқылған, немесе бәрібір оқылмайтындарды құрту керек.
лақтырмасай)))
Gastarbaiter
Таратып берейін бе
monti
Фб-да Эльвира ханым бар. Бұрынғы вордпрестегі Аспаздық блог иесі.
Осы жақында ауылдық жердегі кітапханаға кітап тапшылығына, кітап жыйып берді. Қаласаң Эльвира ханыммен сөйлесіп көр.
басқа/басқа Гастежан, кітаптың обалы болады дид
қаласаң сондай акцияларға қатсып сауабын ал, шынмен кітапқа қолы жетпейтіндерге
Gastarbaiter
Е-кітаптар деп жаздым ғой.
Ал қатты кітап керек болса бере алам/
ЦК КПСС -тің он бесінші съезінде талқыланған ауылшаруашылық мәселелері (он том)
Adiletshu
Туалетте оқуға болады
VKM
Қыздар айтқандай, лак, духи, сумка, помада ала беремін, бірақ коллекцияға жатпайды ғой.Ең үлкен коллекциям:әртүрлі конкурстардан(жылына 20-30 шақты) алған дипломдар, медальдар. Оны да мен емес, мамам жинаған.
Үйдемін қазір. Бөлмемдегі әр затым ыстық маған) настальжи)
Gastarbaiter
Меніңше де лак, духи, сумка, киім-кешек қыздар үшін коллекция емес.
Медаль-седальдар да колекцияға жатпайтын шығар, фотосуреттер сияқты жай естеліктер ғой
Armanjan
Енді Қаракөз сұрақ қойғасын жауап беру міндет деп ойлаймын.  Мындағы жинақтарды түсімізде көрмесек, бізге мүлдем қатысы жоқ дүниелер ғой. Менің айтайын дегенім қыздардан өзім сұрап, ұрлап-жырлап алғаным, ұмытып кеткені, мә сен-ақ алшы деп бергені бар — барлығы жетеу боп қапты. Енді коллекция деуге келмес, киюге де келмес, бірақ жетеуі қатталып жиналып тұр. Әзірге «коллекциямның» түрі осы.
aikarakoz
Ол не зат?
VKM
хихи, Арманджан мақтаншақ))))
Armanjan
БыКыжан мен айтайын саған, Қаракөздей сұлу сұрақ қойғанда үндемей отыру ер азаматқа сын деп есептеймін. Енді ойланып отсам ешқандай коллекциям жоқ екен. Барым сол болғасын, өзіме коллекциядай көрінгесін айтып жатырмын да, сөге жамандама енді.
Daniar-Alan
Менің айтайын дегенім қыздардан өзім сұрап, ұрлап-жырлап алғаным, ұмытып кеткені, мә сен-ақ алшы деп бергені бар — барлығы жетеу боп қапты.

 оның коллекцияға жататынын білмеппін… мында керекте ең үлкен коллекционер кім екен? қызық…
Daniar-Alan
сегізінші «коллекцияң» соңғы болсын енді… жас та кеп қалды дегендей…
VKM
соны айта алмай отыр едім)))))
Armanjan
Толық коллекция болу үшін минимум 10-15 болу керек деп естідім. Соған қарағанда әлі талай уақыт, әлі талай еңбек жатқандай.
Gastarbaiter
Бұйрық екі жүз елуіншіде де, екіншіде де келуі мүмкін.
asaubota
ұлт «коллекциясын» жасайтын да бір дәурен болып еді…
Armanjan
Ареке сәл-пәл толығырақ боса
Gastarbaiter
Ужсс, гаражға қамап?
Daniar-Alan
басындағы әріптер бойынша ия? мысалы..
asaubota
жігіттер түсінбей қалған сияқты. жарайды, түсінбесеңдер маңызды емес
a63a1
мен енді енді ұлт коллекциясын жинай бастаймын, амандық болса
asaubota
дұрыс бұл тұрғыда да толеранттықтан таймау керек. мейлінше көп ұлт! тек өз ұлтыңмен болмайды
a63a1
антиквар жасап тастайын деген едім) археологиялық қазбалардан тапқанда: ОХх әкесс… ҚАЗЗЗАҚ!!! дейтін
Gastarbaiter
Түсіндіріп жіберсейш, тек осы жолы мұрныңның астына емес, даусыңды шығарып айт))
asaubota
ұят сияқты. енді отырам ба не жас кезімде түрлі ұлт қыздарын санап жүретін едім деп?
Gastarbaiter
Саған ұят, Арманжанға өз коллекциясымен жарысуға жақсы сылтау, Абзалға прикол, маған сәтті пайдаланып докторды қосуға түрткі керек))
Aikona
Коллекцияларың ұнап тұр. Брелоктарың мен флешкаларыңа көзім түсті)) Ештеме жинамайды екем ((
Aidakonya
мен ештенке жинамайды екем ше, керсинше колданыстан калган, ески заттардан кутылуга тырысам
Abilakim
сирек кездесетін кесірткелерді жинаймын десең ә))))
monti
қаз жыйнағым кемейд өстік ғо, бұрын жазылған хаттардың конвертін жыйнайтынмын, түкке тұрғысыз майда/шүйде сосын, ажь қаз есімде жоқ солар
барби жыйнадым фантик ловиз
қаз қарап отсаң, жүгіңді көбейтіп қайтесің? тек керекті/ностальжи ыстық заттарды жыйнап жүрмін.
Мөлдірімнің берген брелоктары кәдімгідей жыйлып қапты. қайда барады, сол жақтан әйтеуір брелок+наклейка алып келеді иии ЗАНЫ СОЛ
көңілін қалдырмаймын, бәрін қорапқа жыйып атырмын
erkekiz
Сүйінші!!! Бүркіт Нұрасыл кеше әке атанды! жұбайы Жұлдыз дүниеге торсықтай ұл әкелді.
Abilakim
Бау берік болсын! Ғұмыры ұзақ болсын!
aikarakoz
Қандай күшті жаңалық! Бауы берік болсын!
7 күн шыдағанда, маған сыйлық болар еді
VKM
құтты болсын! Тақырыпқа байланысты, Бүркіт Нұрасыл ұлдардан коллекция жинасын!
erkekiz
Айтқаныңыз келсін!
Marco
Не деген тілек! )))
aza
Тамаша, қандай тапқыр жауап я?! Жұлдызбен бұрын бірге істегенбіз, ұлдан басқаны таппайтын келіншек болсын деген тілек бар.
seyh
бауы берік болсын! Елім дейтін ер болып өссін! Маңдайы торсықтай ма еді әлде мен жаңылып отырмын ба ?
Abilakim
шекесі торсықтай дейді біздің халық…
a63a1
Коллекция жиналмайтын адаммынғой осы мен, қолға түскенді сатып жіберетін жаман әдетім бар
Abilakim
мен қолымдағы нәрсені бере саламын)))жаман әдет екен)))«ана пәлем қайда?» деп дауысыңды көтеріп келіншегіңнен сұрап жатсаң«ана жолы Пәленге „маған керегі жоқ, менде басқасы бар деп беріп едің ғой“ дегенде өзің ұялып қалады екенсің.
a63a1
сатқан әлде қайда жақсы әдет))
Armanjan
Әбеке, аяқ артарың заулап тұрма, былай қалай өзі жағдайы..
Daniar-Alan
бере саламын

қыз болып жаратылмағаныңа тәубә де Әбеке…
Abilakim
тәубеміз де тәбішке секілді болып кетті ғой, кейде шешкен жерімізде ұмытып кетеміз.Тәубе!
Daniar-Alan
нәп нәрмәлні постты өстіп жібереміз аууу осы…
Armanjan
оппанааааа, көрші кабинетте біреулер "Қызыл өрікті" бұрқыратыв атыр, бәнкі қойып мен тыңдап отырмын
Abilakim
стаканнан көрі қатты естілетін болар)))
aza
"Қызыл өрікті" ертең кешке «Күнделіктен» де қарауға болады… КЕректегі әңгімелерді пайдаға асырдым. Қараңыздар, кешкі 20*30 да басталады.
Armanjan
қай арнадан?
asaubota
Астана
Armanjan
Осы Күнделік болад дегесін сағат сегізден бастап көкжәшіктің алдында отырдым  Аза жақсы жүргізді, әншілік өнері де байқалды. Сосын Аза құдай үшін анау жүргізуші қызға сәлем айтшы, әрбір үшінші сөзден кейін көзін үлкейтіп, кішірейтіп, жыпықтап, ал әрбір төртінші-бесінші сөзден кейін басын еңкейтіп сәлем салып тұрғандай қылжақтай береді екен, біраз нервті құртып тынды, рас айтам Аза дереу қолға ал ана қызды.
Abilakim
"қолыма алдым енді не істейін?" десе ә)))
Armanjan
Алсын қолына, алғаны дұрыс, әйтпесе ана қыздың «еңкеңдей» бергені көз алдымнан кетпей жатыр, жақсылап алса еңкеймейтін шығар енді.
edige
Көзім шалып қалды… Өз ортамыздағы әңгімелердің теледидарда көрген жақсы кен… @Abilakimнің аты аталғаннан бастап қарадым… Жақсы шықты. Бір қателік кеткені болмаса.
@Janasilдың аватары КүшТіҒОе
Armanjan
Әбіләкімнің арқасында бүкіл бір арнадан өзіміздің де атымызды көріп қалдық
edige
Кеше керектің күні болды ма дедім…
TERISKEY дің жымиып, konvict ің бұттан кетіп жатқанын да байқап қалдым Жайдарманда.
Abilakim
бұл Азаның арқасы деп білемін
aza
Әбіл, Азаның арқасы емес түк те! Қазақы нетте әдемі тақырып болса жылт еткен шығару керек деген принцип менікі. Тақырып әдемі, талқылау қызу болса кез-келгені шығады. Сондықтан, Керекте ыңғай боқжағысты қойып, толымды нәрсе айтайық, болымды нәрсе жазайық, болмайтын қыртымбайларды табатын сайттарым бар өзімнің))) Атын айтпай-ақ қояйын)))
Janasil
Соңғы екі аптада жазған екі пікірім де ТВ ға шықты. Деп мақтанып… отырсаң е. Рахмет АЗА. Дұрыс айтасың енді сапалы жазбамен қатар сапалы «ПІКІР» жазатын уақыт келді.
Daniar-Alan
Дұрыс айтасың енді сапалы жазбамен қатар сапалы «ПІКІР» жазатын уақыт келді.

дұрыс қой… бірақ… әбден флудтауға үйреніп қалған мына саусақ… көринш бір осы салмақты болып
aza
Ыңғай жігіттің дауысы кете бергені жалықтырып алады ғой, сосын Жанасыл деген қызға да ортақ есім болған соң солай етуге мәжбүр боодық. Әйтпесе, мында бір жөнді пікір де тастамапты қызы түскірлер)
Abilakim
Жанасыл + Жансарай
Abilakim
Басында фейсбукте жазған едім "қызыл өрік" жайлы
aikarakoz
"Қызы түскір" деген қарғысыңыздың мағынасын ашып беріңізші?!
aza
Ол қарғыс емес-ау деп қорқып отырмын, біздің елде кемпірлер қолданатын күліп қана айтатын, соған қарағанда зілсіз сөз болса керек.
a63a1
ЕЕЕ айтпақшы асық жинайтынмын, әлі де бар 2000 шықтысы қалу керек кешке кладовкіні ашып іздемесем
Marco
Өй сенде бір! Кладовкасы несі?! Бизнес жасамайсың ба?!!!
a63a1
құнттамадым соны, басында ойлаған едім брелок жасап әр-қайсссын 100 теңгеден сатамын деп. Шеберхана жоқ оған))))
ademi_alem
Зайсан қаласында Марат Қасенов есімді көне жәдігерлерді жинайтын адам бар. Өзі демікпе дертіне шалдығып, емделу үшін дәрігер, емші атаулыға жүгініп, шет елдерде болып, ауруханада үш жылдап жатқан кездері болады. Бірақ емделе алмайды. Сосын «ақыры маған ем қонбайды, қалған күндерімді табиғатта серуендеп, тыныштықта өткізейін» деп 1990-жылдан бастап тау-тасты аралайтын болған. Содан алдынан кезікке темір-терсектерді қызықтап жинай бастайды, арада біраз уақыт өткеннен кейін дертінен айыға бастағанын бақайды. Бұл күні дертінен құлан таза айығыпты. Қатар тұрған екі үй бар, бірі өзінікі, бірі қызынікі. Сол екі үйдің бірін көне жәдігерлер сақталатын мұражай етем деген былтыр барғанымда. Сол кезде көргенім: 1500 төсбелгі, патефондар, 300 пластика, Қазақстанның мерейтойлық және Бельгия, Монғолия, Франция, Польша, Үндістан т.б қырық мемлекеттің тиындары; балалайка, қобыз, үш ішекті прима-домбыра, шертер сынды ұлттық аспаптар, 1845 жылғы «Зингер» тігін машинасы,1853жылғы іс машиналары, 1884, 1902 жылғы және заманауи безбендер, кеңестік кезеңдегі сағаттың түр-түрі, 1830 жылғы самауырлар мен сиясауыт, 9 фотоаппарат, майшам, еттартқыш, ағаштан жасалған және басқа 10 үтік, аяқ киім тігетін машина, қол диірмені,1945, 1946, 1947 жылғы 15 түрлі баян. Көне жәдігерлерден бөлек құс асырағанды жақсы көреді екен: Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Талдықорған, Астана, Алматыдан алдырған 250 көгершіні, 300 қаз, үйрек, тауығы мен тотықұстары бар.

Gastarbaiter
Міне нағыз коллекция. Ато не ол сексуалды жетілу жолын ерлікке балап)
Табиғи тірлік ғо)
a63a1
Әдемі әлем екен)
VKM
самовар демекші, біздікінде арғыыы апамның(18 ғасыр) самовары бар,10 л, бронза, орыс патшаларыңың портреттерімен. Ақырғы 2 патшаныкі жоқ.Раритет.Бірақ сыртын құммен ысып жуу керек.Қарайып кетеді.Самавардың шайын сағынғанда шай қойып ішеміз)
bi2
Сүйікті ісімен айналысқан жақсы ғой, біз сияқты тұрмыстың тауқыметімен, бала-шағаның қамымен жүргендерде бір нәрсе жинауға уақыт та тапшы. Өзімнің басқа жақтан әкелгендерімді туыстарыма таратып берем, достардың шетелден әкелген магниткалары ғана жинаулы тұр тоңазытқышта. ал иіс су, лак-млак дегендердің босаған құтылары мусор ғой, құдай-ау. Үй-жайы жоқ Алматының пәтерлерін тегістеп жүргендер оның бәрін көшкенде жүк қылып қайтеді. одан да доллар жинаған жақсы. болса әрине…
Adiletshu
Футболистердің суреттері бар наклекаларды дәптерге жапыстырып жинайтынмын. Үйде тұр
patick
Кезінде тиын жинағам… төменгі кластардан. Мектеп бітірген соң ол әдетімді қойып кеттім.
Kipshakkyzy
Мынадай заттар менде де бар. Қажеттілік үшін алғанмын. Бірақ коллекция деп айта алмаймын. Бір кісіні білем. Темір жинайтын. Машинаға қатты құмар. Бұзылған, ескі машина көрсе болды сатып болса да алады.Тіпті Германиядан машина әкеледі. Сатқанын сатты сатпағанын есік алдына жинайды. Қазір есік алды толып кеткен соң, інісінің үйінің есік алдына жинап жүр. Кейде таң қалам. Дымға жарамайтын темір-терсекті несіне жинайды деп.
Marco
Авторазбор деген мықты бизнес негізі
asaubota
үйге мусор жинайтын ауру бар екен. соңғы кездері көп көріп жүрміз ғой ТВдан сондай орыстарды. сол ауру екен обшым.
konvict
Онлайн түсіріп алған видеолар коллекцияға жата ма? Менде көп олар. Сосын менің шпор жинайтын әдетім бар. Студент кезде жазған шпаргалканың бәрі үйде тұр
Gastarbaiter
Ботаник па да десем оны да қатырмапсың ғо)
kokbori
шынымды айтсам осы коллекция жинау туралы ойланып та көрмеппін, бірақ көп адам маған кітабын сыйлайды. Кейде өзім де сұрап аламын. Шамасы, мен де коллекционер сияқтымын ғой. Кітапханамнда сатып алғанымнан сыйланғаны көбірек сияқты.
sakenspb
рубль с ленином жүз штугы бар. тоқсаныншы жылдардың календариктері гдето екіжүздейі бар. ескі конверттер жиырмадай данасы бар. заварочный чайник отызыншы жылдар (новгородский патронный завод). екіжүзграммдық самаурын. отызыншы жылғы екі томдық кітап (басылым жылын латын цифрымен жазған). тақиялар дагестанский, шешендікі, қырғыздардікі.
aza
Достар жинаймын… Неше түрі бар: адал, ақымақ, арам, аңқау, лібәд, наркоман, танымайтын, әнші, журье, әкім, жұлдыз, Бақтыбай Жайлау, көтерілісші, адвокат… Көп -ақ, есіме түспей отыр…
Daniar-Alan
адал, ақымақ, арам, аңқау, лібәд, наркоман, танымайтын, әнші, журье, әкім, жұлдыз, Бақтыбай Жайлау, көтерілісші,

барлығы да жаман обрыздар кен…
aza
Досыма қарап бағамдап алсын дегенім ғой, әрине, өзім де оңып тұрған жоқпын!
Daniar-Alan
мен сенің досың емес екенім қуантады
aza
Өкінесің, нақ))) Сәл шыда)))
Gastarbaiter
Жынды жынды байланыстар жинайм десейш)
aza
Жақсы коллекция деп білемін…
Gastarbaiter
Мен де. Арам, лібәд, ақымақ, жұлдыз, әкімдер жоқ ау бірақ.
Досыма қарап бағамдап алсын
Ия, сенімен абайлап сөйлеп, қалай болса да дос болуға тырысу керек деген месседж оқыдым
aza
Қасқаааа))) Сенде Бақтыбай Жайлау да жоқ қой) Месседж оқи берме кез-келген жерден, әркім көргісі келгенін көреді ғой қай жерден де…
Gastarbaiter
жетпіс тоғызда Шанхай вокзалындағы Тишонды танисың ба, нақ?..
Соның брәтішкәсі болам а так.Айтпай ақ қояйын деп едім, қоймадың. Ал, ал нақ. не болды ал?
Өштің де қалдың.))))))
aza
Кечіна))) Өлдім, әнәсссс, булығып)
salta
мен ешнәрсе жинамайды екенмін… артық тұрған нәрсені лақтырып жібергім келіп тұрады. керегімді ғана аламын, қосарландырып ешнәрсе ұстамауға тырысам. Гүлді жақсы көрем тек)))
sigma
кезінде біраз коллекция болды Гаста айтқандай жетілу сатысының біраз баспалдағынан өтіппін.
Сағыз маркасын жинадым 5 класс шамасында, 7 класта темекі пачкасы мен пиво банкасы. 10-11 класта мамандығым бойынша неше түрлі кітаптар жинадым ескісі 1905 жылғы.
опшым бәрі қалды. Сол сарқыншақтан сәбет тиындары бар жалпы сомасы 32 рубль
edige
7-класс пен 10-класс арасындағы жылдардағы эмоцияларыңызға толығырақ тоқталсаңыз
MickThatsMyNick
бұрын картонды қара түске бояп, неше түрлі қарулар жасайтын едім. жалпы, кез келген нәрсені пайдаға асар деп жинай беретінмін, наклейкілер үйде бір жерде жатыр, өзіңнен үлкен балаларды жеңген ештеңе емес, өзіңнен кіші балдармен наклейка ойнамаған дұрыс,)) қазір қажет емес заттардың барлығын бірден қоқыс жәшігіне зытырам.
Aizhantabyn
Қонжықтар жинаушы едім, қазір, шүкір, арылдым))))) жиырма шақты қонжыққа көшбасшы болған Ақ Қонжық та солардың қатарында кетті қара сандық түбіне.
Шарф жинаймын, әр елден, сонау екі мың бірден бері жинап келем. Алғашқы палантин ағамның Үндістаннан алып келген сыйлығы. Содан басталды «махаббатизация». Қазір қырықтан астам орамалдарым бар)
Айтпақшы, әр елдің ақшасын жинаймын))) Ескі ескі тиындарды да жинаймын, ең ескі қазірге американдыққ пенни 1938 жыл.
Adiletshu
Ақша жинаймын. 500, 1000, 2000, 5000, 1000-дық купюралармен.
ken
сурет жинау да осыған жата ма?
— десең, ә?
NaimanKa
Менің де кішігірім коллекциям бар, нумизматикпін
Жұмыста жатқан ақшаларымды соткаға түсіріп алдым