Бұл не деген масқара?

Бүгін, яғни 15-ші қыркүйек күні «Астана» арнасының таңертеңгі жаңалақтарынан Павлодар қаласының екі жасөспірімінің (аттарын айтып еді, ұмытып қалдым) өз аулаларының көріксіздігі, ластығы,қараңғылығы жайлы алаңдайтындықтарын білдіріп Путин мен Назарбаевтың атына хат жазғандықтарын, сол арна тілшісі аса бір мақтаныш пен айтып шықты. Әрі сол жасөспірімдердің хаты бойынша екі ел президенттері әлгі аулаға соғатынын бейне бір ырзалық екпінмен елге жария етті.Мен тыңдап отырып ойға қалдым. Әрине жасөспірімдердің өз қаласының,өз ауласының жайы алаңдатуы құптарлық жағдай, бірақ бұл жерде Ресей басшысы Путиннің қатысы не? Әлде Павлодар қаласы Ресейдіке ме? Жоқ болмаса бір үйдің ауласын жөндетуге пәрмен беруге біздің Елбасымыздың күші жетпейді деп ойлағаны ма? Немесе өз Елбасымызды сыйламағандығымыз ба, не деген масқаралық? Осыны жерден жеті қоян тапқандай жариялаған «Астана» телеарнасы мен сол арнаның тілшісінің көздегені не, осы жақтарын түсінбедім.
Осы бір ауланы сондай дәрежеге дейін жеткізген қала әкімі не қарап отырған? Ал осындай аулалар еліміздің қалаларында аз ба, және сол аулалардағы Палодарлық, Петропавлдық жасөспірімдер Путинге, Шымкенттік жасөспірімдер Каримовке, Өскемендік, Алматылық жасөспірімдер Қытай басшысына, Ақтау, Атыраулық жасөспірімдер Әзірбайжан басшысына хат жаза бастаса не боламыз? Өзім түсініп ой қорыта алмағандықтан сіздердің талқыларыңызға салғым келді. Аямай пікірлей беріңіздер.
Бөлісу:

49 пікір

ken
нөмір бірінші қазақстандықтың тапсырмасымен әдейі жасалып отыр. халықтың тамырын басып көрмекші, реакциясы қалай болады екен деп.
Onlasyn
қайдан білдің?
ken
осы соншалық жаңалықтардан көрсететіндей нәрсе ме?
Onlasyn
Сен сұраққа жауап берсей. Қайдан білдің айтқан жоғарыдағы инфоңды?
ken
президентке өтінішпен хат жолдайтындар жетіп артылады. солардың ішінен дәл осы хатты жаңалықтардан көрсеткені арқылы білдім.
— десем, қанағаттанасың ба? әлде қанағаттанбайсың ба?
Onlasyn
неа
ken
онда сені басқа қалай қанағаттандыратынымды білмеймін, кешір.
Onlasyn
Сөзіңе жауап бер, сонда ок болад
Onlasyn
Жәй ойыңды бір болған нәрседей айттың ғой
ken
менің ойым бойынша, ол — болған нәрсе. ойымды бұрмалап жеткізбеймін ғой енді.
Onlasyn
Источникті айтсай, басқа ешнәрсе керек емес маған Кенеке
Onlasyn
Зачем сондай е? ©
Onlasyn
Муахахаха сразу айтсайш, өз ойым деп, болған нәрседей айтпай
ken
ойыма келді, жаздым. қайдан білейін, басқаша түсінетініңді)))
Gastarbaiter
Оңласын, комитеттегі әріптестерің не дейд соны айтшы)))
nurkanibek
OTTAҒАН ОРЫСТАР ШЫҒАР БАЯҒЫ.ПУТИНГЕ ЖЫРПЫЛДАП БЛТ
JAKO
Екі жасөспірім де өзіміздің қаракөздерден.
Janasil
Тікелей Путинге хат жазғандар да болған еді ғой. Жәймендеп құлақтарың да, көздерің де үйреніп кетеді.
Janasil
"Қазақстан мен Ресейдің әріптестігі мен достығына арналған фотокөрме"
деген сияқты жәймен кете береді өзі.
baq.kz/kaz/news/cat/24/16720
Nurshat
Ой, Енеңді ұрайын… Талақтар…
asaubota
бұл да Алма-Ата оқиғасы сияқты тамыр басып көру. не дейміз? әрине дарға мұндайларды!
know_how88
Бұл да бір саяси құрал, саяси әрекет. Астарында не бүркемеленіп жатқанын кім білсін?
Onlasyn
Мен де таң қалдым. Мен Астана емес КТК арансынан көрдім. Олар да мәз болып көрсетіп жатыр. Шынымен, Путиннің не қатысы бар?
salamat
Саяси жүйенің шиқаны жарылмаса, Қазак ұлты еңсесін көтермейді.
Шиқанға ота жасау нәтижесіэ болады!
Gastarbaiter
Енді қазақша қайталап жіберсеңіз, Ауезов театрының спектаклінен үзінді айттыңыз ба әлде?
salamat
Әуез театрында болғаным жоқ.
нәтижесіз деп оқыңыз.
жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ.
Gastarbaiter
Театралдық образыңыз керемет, тек орындауыңыз ақсап тұр екен.
«Жарылмаса» деген жерде мәнді үнсіздік сақтап, жұрт бері қарағанда "Қазақ (жекеше түрде айтқан күшті естіледі) еңсесін көтермейді!" деп көтеріңкі интонациямен айтып, қамшыыңызды жоғары сермеу керек "ұлы мақсат жолында, шиқан сипаған алақанымыз, жұдырық боп түйілсе (пауза) шиқанның сойқаны шықпай ма?" деп мен қосыла кетуім керек.
Сонда сіз жапсырма мұртыңызды бір сипап, «Жөн. Жөн ақ. Мақсатым көтіме көк бояу жағып (пауза), саныма сары ою салып көтриот болу емес (пауза), іргедегі аюдың бопсасын болдырмау, босағаға башпайын батыртсақ, бодандықтың бозғылт бауына буынғанымыз сол болмай ма?» дегенде жамағат жыляп жіберуі керек.
salamat
іргедегі аю тек ғана биліктегілерді бопсалайды!
шиқанның жарылуы ұзаққа созылса зардабы ауыр болады!
ерте ме кеш пе жарылады!
желтоқсан айы Қазаққа қасірет әкелмесе екен.
демократиялық қоғамда өмір сүрмегендіктен, өміріміз жұмбақ пен тозаққа айналды.
edige
Негылгын Аю… Түсінбедім… бірақ жілауға тұрарлық сөз сияқты… (((
a63a1
 лібә жарасың сенде
Abilakim
бляяяя,өлдім)))))))))))))))))
edige
Ұят… Өте ұят… Путинге жазып, кім болыпты а? Обамоға жазу керек…
Daniar-Alan
пезнец ақылды бәрі, саясатшыл…
қайдан білесіңдер екі пацан отырды да әшин жаза салған шығар? билік тексеріп отыр дид ғо әлгі жерде… хе…
онан да анау балалардың орыс патшасына ДА (!!!!) жазғанын айтсаңдарш ептілер…
Armanjan
бәрін айтта бірін айт, қаланы көріктендіру бұрын соңды болмаған қарқынмен жүргізіліп жатыр. Әсіресе екі елдің басшылары ашылу салтанаттарына қатысатын нысандардың маңайындағы үйлерді жылтыратуда  ДӨО (деректерді өңдеу орталығы) маңындағы 3 бірдей 9 этажды үйді толығымен бояп тастады, Потанин мен Шоқанға арналған (ескерткіштері де бар) үлкен саябақ ашылмақшы, сол саябаққа қарсы тұрған 2 бірдей 5 этажды үйдің терезелеріне пластик қойып, балкондарын шалтыратып шынымен қаптап тастады, «Астана» мұз айдынына жақын маңдағы жер үйлердің көзге түсетінінің барлығына жаңадан қоршау, темір есіктер орнатты, қазір енді гүл өспейді ғой, дайын өсіп тұрған (қайдан әкелгенін кім білсін) гүлдермен жайнатып тастады, қайсібірін айта берейік қыруар жұмыс жасалынып жатыр
ken
иә, жайнап кетіпті қала.
Abilakim
Ресей басшысына тікелей хат жазу үрдісі бұл аймақтарда бұрыннан байқалып жүрді ғой. Жыланның аузына өз еркімен арбалып құлайтын бозторғай секілді қазіргі күйіміз.
Armanjan
осы Форум болад дегелі халық арасында дүрлігу басталды ғой. Небір түрлі қорқынышты әңгімелер айтып бір-бірлерін қорқыта берген соң облыс әкімі арнайы мәлімдеме жасап жұртты тыныштандырды. Енді халық бәрін де уақыт көрсетер деп сабаларына түскендей…
b-asan
ол бала маладес екен, ырзамын (в войне все средства хорошо). әр ауылдан осылай жақын коршілерімізге хат жазайық. Бізде ауыз су жоқ, жолымыз нашар, үйлеріміз құлайын деп жатыр деп 100 рет әкімшілікке жазып, жұрналистерді шақырғанша бір рет көрші қолаңға осылай жазған тиімді. әуелі әлеумет (экономика), содан кейін саясат!
Abilakim
бұл балақтағы биттің басқа секіруі негізі
b-asan
1000 даған адамдардың ішінде 10 шақты адамның басқа елді өз елі ретінде қабылдауы қайда да болса бар нәрсе ғой. Қытайдағы, монғолиядағы қазақтардың Қазақстанды іштартуы сияқты. Тек, әлгі 10 шақтының саны күрт өсіп кетпесе болды.
nurkanibek
OTTAҒАН ОРЫСТАР ШЫҒАР БАЯҒЫ.ПУТИНГЕ ЖЫРПЫЛДАП
zholantai
расын айтсам, тақырыбыңыздың жаңғырығымен келіп қалдым, бұл жазбаға