Мең мен мінез егіз бе?

Адамның бетіне, денесіне орналасқан мең, қалға қарап отырып, білгірлер бірталай дүниені болжаған. Әрине, тағдырын, мінезін, денсаулығын. Мең, әсіресе, жазды күні күндіз туған адамдарда көбірек кездеседі екен. Түнде туған балаларға қарағанда күндіз туған бала әдемі болады, өйткені түн қараңғысы қара күштер мен жаман энергияны көбірек тартады да, оларға сиқыршы, көреген, болжағыштық қасиет көп қонады. Мұндай адамдардың денесінде ол міндетті түрде бір таңбасын қалдырады. Үнділердің ежелгі діни түсінігіндегі «карма» осы таңбалардан айқын білінеді деген пікір қалыптасқан. Сондықтан күндіз туса да, түнде туған бала болса да, денесінің әйтеуір бір бұрышында бармақтай болмаса да, тарыдай бір таңба-белгі сөзсіз болады екен. Мең – адамның бір бөлшегі. Алақанға қарап тағдыр болжайтын хироманттар секілді меңнің орналасуына қарап құпия-жұмбақтың сырын ашамын деу бекершілік көрінеді. Бірақ мең арқылы өзің туралы түсінік алып, мінез тануға немесе мінезді өзгертуге болатынын көріпкелдер бір ауыздан қоштайды. Сонымен, денедегі таңбаға қарап бірқатар түсінік алуға тырысып көрелік.

Бастағы мең – текті тұқымнан болса біреуге қожалық жасамақ, қарадан шықса, біреуге қызмет етпек.

Маңдайдағы мең – үлкен ақыл мен парасаттың белгісі. Мұндай адамдардан көбіне мемлекет қайраткері, саясаткер, елші шықпақ. Үлкен іс жасауға бейім.

Екі қастың ортасындағы мең – сәтті үйленбек.
Көздің асты мен беттің ұшындағы мең – әйелдің нәзіктігі мен мейірімділігін білдірмек. Мұндай меңді әйел ер адамдар үшін өте сүйкімді. Ер адамдардың махаббаты мен ықыласына тез бөлінеді. Мысалы, Мэрилин Монро. Егер мең ер адамның оң жағында болса, мінезінің бірбеткейлігін, еті тірілігін білдірмек. Сол жағында болса, үлкен талант. Жадысы, еске ұстау қабілеті мықты, адамдармен тез тіл табыса алады.

Беттің шығыңқы ұшындағы мең – тез шешім қабылдай алатын адамда болады. Олар өмір бойы ұлы мақсат жолында ғана өмір сүреді. Әсіресе, мең оң жақ бетте болса.

Мұрындағы мең – көпшіл адамдарда болады. Әзілқой, мінезі жеңіл адамдарға бітеді. Айналасы оны салмақты адам ретінде қабылдамайды. Оқуда болсын, жұмыста болсын, тек беткі жағына ғана мән беріп, астарына үңіле бермейді. Бірақ бәрібір жаны қанағат таппайды.

Құлақтағы мең – мақтаншақ адамдарда болады. Бойындағы кемшілігін ұмытып, болар-болмас қасиетін керемет етіп көрсетуге тырысатындарда мең құлаққа бітеді. Өзіне өзі сенімді болмағандықтан, мақтану арқылы қорғанбақ. Сөзінде тұрмайды, алдауға бейім. Бірақ өмірді өзінше танитын бірегей көзқарас иесі. Мақтаншақ болса да, соншалықты әлсіз де емес.

Тілдегі мең – таңырқамаңыз, тілде де мең болады. Көбіне әйелдерде болады. Ол – сырқаттың белгісі. Бірақ дәм-тұзы таусылғанша, ұзақ өмір сүреді. Өте сезімтал, әр нәрсеге күмәнмен, сенімсіздікпен қарайтын адамдарда болады. Көп сөйлейді де, тыңдағанды онша ұнатпайды.

Мойындағы мең – ер адамдарда болса, оның күйгелектігін, әлсіздігін, ерік-жігерінің аздығын білдіреді. Көңіл күйі құбылмалы, бала кезінде жылауық болған. Мұндай адамдарға ауа райының өзгерісі қатты әсер етеді. Мойнында меңі бар ер адам интеллектуалдық, рухани жағынан өте дамыған, білімді, бірақ сол қасиетін іске асыра алмайтын әлсіздеу болады. Өз ісінің кәсіби шебері бола тұра, күрескер емес. Ал мұндай мең әйелде болса, ол — өзгермелі, талғамынан да, көзқарасынан да тез айни қалады. Бірақ өте мейірбан, нәзік, тіпті кейде өзін бір-ақ нәрсеге ғана арнайды. Ол отбасының жылылығын жақсы көреді. Өзгенің кеңесіне көп құлақ аса бермейді, тек өзінікін жөн санайды.

Иек үстіндегі мең – «көшпелі қазақ ұрпағы», жиі қоныс аударатын болмақ.

Иек астындағы мең – ер адамда болса, билік жүргізуге, әмір етуге бейім. Өзіне не керек екенін өте жақсы біледі. Мінезі ызбарлы, мысы басым. Мақсатқа ұмтылғыш, өзін-өзі жетілдіру жолында тынбай жұмыс жасайды. Әйелдің оң жақ иек астында орналасса, керісінше, жаны жайсаң, өз күшіне сенімді, тек алға ұмтылады. Дана, өзгені тыңдауға шыдамды, бір басына жететін әдіс-айла, ақылы бар.

Иектің тура ортасындағы мең – бірбеткейлік. Неғұрлым үлкен мең болса, соғұрлым алған бетінен қайтпайтын адам. Диктаторлық тән.

Иық үстіндегі мең – өте көп ақпарат арқалап жүрген адам. Бұл дүниенің барлық жүгін жалғыз өзі иығымен арқалап жүргендей шаршаулы жүреді. Үнемі қиындыққа тап болады. Мұндай меңі бар адам – жарқын тұлға, бірақ ол оған оңайлықпен келмейді. Олар «бара салып, ала салатын» адамдарға ылғи да қызғанышпен қарайды. Сондықтан да қатар жүріп, көз алдында өсіп келе жатқан адамның қабілеті мен қарымын мойындай бермейді. Олардың ісінен әйтеуір бір мін тауып отырады. Бірақ олар өте адал. Көп сөзді емес, шыдамды, басқалар итере салған кез келген ісі атқарып жүре береді.

Кеудедегі мең – әйелдерде болса, махаббат пен табындыру, құштарлық билемек. Ертеректе мұндай мең өте қатерлі саналған. Бақытсыз махаббаттың құрбаны деп таныған. Егер мең сол жақ кеудеде болса, адам әйел, үлгілі ана болмақ. Сезімі тұрақты, ұмтылысы дұрыс.

Омырау астындағы мең – әйелдің неге болса да даяр аяр екенін білдірмек. Махаббат үшін қолынан келгенінің бәрін істеп бағады. Балгер-бақсыға барып дуа жасатады, күндесінің үйіне күнде бір жаулық жасайды. Ал мең оң жағында болса, әйелдің іскерлігін білдірмек. Бірақ онымен бірге жұмыс істейтін адамдарға оңай соқпайды. Ал ер адамда болса, рухы төмен, оған сенудің қажеті жоқ. Ал сол жағында болса, қиялға берілгіш. Саяхатшылыққа бейім тұрады.

Арқадағы мең – иыққа жақын орналасса, өзіне де, өзгеге де талабы өте күшті. Егер арқаның жоғары жағында жыпырлаған көп мең болса, ол адамның рухани жағынан да, денсаулығының да әлсіз екенін білдірмек. Ол көп жағдайда адамның өкпесі ауыратынын байқатады. Бұл – ер адамдарға қатысты. Ал әйелдерде қолқа қабынуын және басқа адамдар тарапынан сатқындық болғанын меңзейді. Сондықтан әйел арқасына мең түсірмеуге тырысқаны жөн, егер арқада белгі пайда болса, оның жүйке ауруына шалдығуы мүмкін. Адам өзінің көркем мінезі арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасын дұрыс қалыптастыра алады. Ал бұл адамның кармасын жеңілдетіп, тағдырының түзелуіне оң әсерін тигізбек.

«Айқын» газетінен.
Бөлісу:

40 пікір

Abilakim
мына көрсетілген жерлердегі меңдердің барлығы бір адам денесінен табылса не болады екен?
aikarakoz
Менің оң қасымда, оң бетімде (бетімнің шығыңқы жерінде), сол омырауымда, он білегімде мең бар. Тағы да біраз жерімде бар негізі
Abilakim
Сол омырауыңдағыға сенбей отырмыз, суретін сал десең ә)))
мен де де көп-ақ,қай жеріме қарасам да бар.
bi2
қыздар ондай ерекшеліктерін әркімге айта бермесе гой, шіркін… а то ешқандай құпиялық қалмайды да, бәрі «оның емшегінде меңбар екен» дейтін болатын сияқты… (менің жеке ойым)
aikarakoz
Мең болу деген түк те ерекшелік емес. Кім көрінгенде кездесетін жәйт. Менің өзге де ерекшеліктерім жетіп жатыр, уайымдамаңыз
Abilakim
Ал бәрі «Емшегінде мең жоқ екен» десе ше? Онда ол құпиялыққа жата ма?
Aigolek
ени 1,2 мм болатын менге емес козге коринетин конил аудартатын мендерди есепке алу керек шыгар
asaubota
солай шығар, үлкен меңдер туралы шығар.
Abilakim
Обшым, мына жердегі біразымыз кездесіп, бір-біріміздің меңімізді санауымыз керек тәрізді
bazuka
менде иектің асты, мойным, сол жақ иығымда екен меңдерімнің көбі
manshukn
көздегі мең туралы айтылмапты ғой
Abilakim
көзге шөп салғыш болатын шығар)))
manshukn
қатырады екенсіз)
konvict
Қасы Мол Жастың жұбайы болады дейді мында бір білгіштер
Gastarbaiter
Газеттен копипаста қою мода болған ба деймін))
Менің меңіме қарап, төменірек болса Зилола Вера Брежневаға ұқсатқаны есіме түсті…
asaubota
менде бұрынғы Арулар сайтының үлкен мұрағаты бар еді. біразын Айқаракөзге бердім. мынау Айқынның қазіргі сайтында жоқ материал, бірнеше жыл бұрын шыққан мақала.
Gastarbaiter
Сөкеттігі жоқ, Аршеке. Мен де Эскуайерден мақалалар аударғанмын бір екі.
Сапалы жазбалар азайып кетті, жастарды раскрутка жасау акциясын ұйымдастырсаң қайтед, он шақты тақырып беріп, конкурс жасап.
asaubota
жақында тың нәрселер болады. жалпы жақсы жаңалықтар күтілуде
Armanjan
Мендегі бар меңдер ылғи белден төмен. Мында айтылғандар бәрі бас жақтағысы екен. Қасиеттерімді біле алмай қалғаным.
salima
қиын болды ғой маған… тілімнен басқа бәр жерде… онда былай стеу керек шығар унайтындарн қалдырып қалғандарын тоналкымен жағып тстау
Erkekyz
Әйелдің оң жақ иек астында орналасса, керісінше, жаны жайсаң, өз күшіне сенімді, тек алға ұмтылады. Дана, өзгені тыңдауға шыдамды, бір басына жететін әдіс-айла, ақылы бар.
Менде сол жағымда еді, егер ірі мең туралы айтылса.
Daniar-Alan
онда қарама қарсы оқу шарт…
Rozatai
қолымда мең бар, ол нені байқатады екен?
VKM
Менде мең көп, гены.
dark_nazgul
Бәсе, менің мойнымдағы мең тегін емес екенін біліп едім.
a63a1
 қоиии… айтпайм, айтпайм!!! Ұят болад)))
a63a1
Бала кезімде қатының көп болад деушед әжелер
Aigolek
мен меңнен кори «Теори лжи» сериалынын теорияларына кобирек сенем
Tarazkyzy
қас пен көздің ортасында болса ше?
araika
Жоғарыда жазылғандар меңнен гөрі, қалға келіңкірейтін сияқты. Мең бар болғаны қаламның ұшы тиіп өткен нүкте ғана ғой, соған сай олар қаншама.
maryash87
ана жазылгандардын жартысы менде бар гой, мен сонда кандай адаммын?
Zilola
Менде арқамда қал бар, мең емес. Ал мең деген родимое пятно ғой, ол да бар, бірақ ол үшін қысқа шортик киіп суретке түсу керек )))
MickThatsMyNick
Меңмен едім мен едім…