Мен ҚҰРБАҚА емеспін

Анекдот

Баяғыда бір Құрбақа қызметі көтеріліп Астанаға кетеді. Ауылда қалған Құрбақалар «біздің арамыздан біреу шығып, билікке барды» деп мақтанып жүретін көрінеді. Сөйтіп, бір күні әлгі Астанадағы Құрбақа ауылға келеді. Соның құрметіне Құрбақалар жиналып, онымен кездесу ұйымдастырады. Сол кезде біреуі оған:
— Ал, Құреке, жағдай қалай. Астанадағы Құрбақалар аман ба? Ол жақта қандай өзгерістер бар? — деп сұрақ қояды.Сол кезде әлгі Құрбақа мұрнын шүйіріп:
— Мен енді Құрбақа емеспін, НҰРБАҚАМЫН, — деген екен.
Бөлісу:

25 пікір

aza
Ақылбек қоймай айтатын ет… Мені көрген сайын, Нұр… қосып атымды айтып)
Gastarbaiter
Құрбақаның Астанаға келген жерінен бастап езуім жиылмад нақ, автор тағы жаз)))
Zhan
Сонда не, сонда мен де, біз де, Астанаға келген «керекшілер» де, басқа жұрт та нұрбақа ма не? )))))
know_how88
Астанаға барғанның жағдайы НҰРмальный да))
Gastarbaiter
Анекдот
Уахахаха, білә білә, дамбалымды ауыстырып келдім…
torgai
Өскемендік ақын Дарын көп айтушы еді))))))))
Abilakim
Аптыр, ең нашар жазбаң осындай болсын! Бес!
Nurshat
«Нұр» ға тисе бермеңдер… Ол қастерлі ұғым!!!
edige
Қай жылдан бастап байқалды )))))))
Marationok
Жақсы анекдот сияқты, меніңше…
sigma
Заманауи Әнек екен, тек мезгілінен ерте шығып жәбір көріп жүрмеңдер.