Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш


Бүгін дастарханға түрлі тағамдар жасап қойғанды ұнататындар үшін немесе жәй анда-санда бірдеңке пісіргісі келіп кететідер үшін қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсілімен бөліскім келіп отыр. Қатпарлы ватрушка кәдімгі ватрушкаға қарағанда жеңіл тағам. Сонымен қатар, оны дайындау әдісі оңай әрі тез.

Бізге қажетті заттар:
- Сүзбе
- Қант
- Ванилин ұнтағы
- Қатпарлы қамыр:
- 200 г. — маргарин.
- 2 стақан — ұн
- 1/2 стақан — су
- 1 шәй қасық — қант
- 1/4 шәй қасық — тұз
Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірнеше қатпар қылып, бүктей отырып, қайта илейміз.

Дайын қатпарлы қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақтап, майланған қаңылтыр табаға саламыз.

Домалақ қамырдың барлығын сүзбе салғанға ыңғайлаймыз.

Сүзбені қамырға салмас бұрын қантпен араластырып аламыз.

Дайын сүзбені әрбір бәлішке салып шығамыз.

Бәліштерімізге әдемі рең беру үшін үстінен жұмыртқаның сарысын жағамыз.

Артынан 280 градусқа дейін қызған пешке салып, қызарғанша пісіреміз.

Піскен бәліштердің үстінен ванилин ұнтағын себеміз. Сүзбе қосылған тәтті қатпарлы бәліш дайын.

Астарыңыз дәмді болсын!
«Сүзбе қосылған қатпарлы бәліштің» түпнұсқасы
Жылына бір рет жеуге болатын каллориялық бомба екен))
Салауатты тамақтың рецептілері болса, бөлісіңдерш, қантсыз, ұнсыз май маргаринсіз желательно.