Алданған махаббат



Агентпен сұлуға болмайм деп бірақта,
Ғашық боп көргенмін отырған жырақта,
Көрмеген, білмеген бойжеткен аруға
Көздері лаулаған жанғандай шырақта!

Айттым мен бойжеткен құндызға, шыраққа:
"Өзіңді аруым көргім кеп тұратта
Кездескім келеді, жаным"-деп ойымды
Жеткіздім агентпен отырып сабақта.

Қыз деген үндемей, айтты бір уақытта:
«Шартым бар ендеше, көнсең сол, пырақта
Болу сен керексің, кездескің келсе егер,
Тезірек іздегін, уақытты жоғалтпа».

— Ақ боз ат деймісіз, ол деген сұрақ па,
Қарындас шартыңыз жалғыз ба, осы-ақ па?
Бір шоқ гүл арқалап барамын тағыда,
Келіңіз күтемін, демалыс паркта.

Тұрмын ат үстінде, алғанмын құлап та,
Қыз жоқ қой күткенім, бұл несі сынақ па?
Сол кезде таныс жан келеді алдымнан,
Бауырым екен ол, жымиып сұрады да:

— Сәлем-оу! Қалайсың? Жай жүрсің бұл бақта?
— Тұрғанмын қыз күтіп, сұлуда ақ мақта.
— Мен едім сол қызың, агентте алдаған,
Алданған өзіңсің, Бауырым, кінә артпа.

Түпнұсқасы мұнда
Бөлісу:

8 пікір

zholantai
кинодан алынған сурет ғой, есіме түспей тұрғаны, ақымақ графика
dark_nazgul
Мәәә. Махаббаттың өзін алдап кеткен соң… Шайтанды алдаған Алдар наша шегіп кеткен шығар.
Abilakim
"… Содан менің Мұрат досым көрінбеді бір апта
Жаз жыылыстап, күз жайланып жатқантұғын қыратқа..."

Ұйқастары «Танакөз» поэмасын еске салды,өлеңдік дәрежеде «Мысық отыр партададан» төмен мен үшін
asaubota
виртуал махаббат тақырыбындағы ең танымал оқиға
aikarakoz
Прозамен анағұрлым әсерлі жетер ма еді…
Aldeken
Не ғо, түпнұсқада жазба ретінде жазылған өлеңді ептеп поэзияға ыңғайлауға келер, ал сенікі тек ұйқас сөздер ғана деп түйдім. Жалпы сюжетіңнің өзі сол ұйқасатын сөздерге тәуелді болып қалған сияқты… уоот… Түпнұсқадағы комплименттерге марқайып мында келген шығарсың… бәлкім… оның қате болды…
Gastarbaiter
Содан қарап тұрып
Баха күлді уазахаха
Мен де күлдім хехехе,
Жұрт та күлді хухуху…
Естіп апам хыхыхы,
Ол да күлді ықықы"
Деген жалғасы бар болатын, редактор қиып, сендерге тек жарьютысы жеткеніне шүкір деңдер.