Уақыттың қадірі

Үнемі кешігіп жүретін «пунктуальный» досым Жанмейірге арнаймын

Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі — уақыт. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, тумақ пен өлмек бар десек, сол екеуінің арасы — уақытпен өлшенген ғұмыр. Ғұмыр біреуге аз, біреуге көп берілетіні тағы бар. Бірақ, жазбам уақыт хақында болмақ.
Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады.
Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, карьерамыздың қамы үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар. Өйткені "әр минут — ақша" немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар.
«Уақыт — ақша» демекші, оның құны мен құндылығы, бағасы Уақыт (In Time) фильмінде жақсы айтылып, ұтымды жеткізілген, ИМХО).
Уақыттың қадірін уақыты өтпей тұрып түсінуді нәсіп қылсын.
Сосын уақыт хақында мынау тұста жақсы айтылған екен.
Бөлісу:

2 пікір

MickThatsMyNick
Уақыттан қалып немесе озып жүргеннің пайдасы да зияны да бар, кейде асығып бір жерге ұрынып қалуың мүмкін дегендей, одан да ол кезді өткізіп жіберсең қуанасың, бірақ оның қалай аяқталатынын білмеген соң, өкініш те пайда болад. уақытты бағындыру мұмкін емес, сондықтан жаманды да, жақсыны да қатар ойлаған дұрыс.
know_how88
Әрине, уақытты тиімді пайдалану керек дегенде мен асығыс-үсігістікпен жұмыс атқар, барынша оны озып кетуге тырыс дегім келмеген. Уақытты тиісінше өз орнымен жұмсауға тырысу қажет екендігін нұсқағам. Уақытқа мойынсұнудың өзі — тағдырға мойынсұну болып саналады деп ойлаймын. Бір минут та кешігікпейтін, бір минутқа ерте де келмейтін ажалдың өзі уақытымын жүреді, өмірдегі ең әділ, ақиқаттардың бірі.