«Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа термелер байқауына шақырады

Терме – текті сөздің төресі, рухани тәрбиенің құралы, қазақы пәлсапа мен данышпандықтың көзі. Өкінішке қарай, бір кездері сайын даланың саңлақ ұрпақтары ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғаны жасырын емес. Бабадан ұрпаққа аманат болған, кейінгі кездері кенжелеп қалған осынау өнерді «Әзірет Сұлтан» мешіті қайта жаңғыртпақ.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу салтанатында: «Әзірет Сұлтан» мешіті тек қана құлшылық орны емес, бас мешіт ірі рухани және мәдени-ағарту орталығы болуы тиіс», – деуі арқылы Президентіміз дініміздің алдағы жұмысы осы бағытта дамуы қажет екенін меңзеді. Осы орайда «Әзірет Сұлтан» мешіті ұлтымыздың рухани тәрбие құралы, қазақы пәлсапа мен данышпандықтың көзі, ұлттық өнеріміз – термеге бәйге жариялап отыр», – деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы.

Оның айтуынша, қазақ халқы Ислам дінін әрқашан өзінің өнерімен сабақтастырып, дәстүрімен ұштастыра білген халық. Ұрпағына, бала-шағасына насихатты мақал-мәтел, жыр-дастан, хикаялармен және термелермен жеткізе білген. Қазаққа жай сөзден гөрі жыр-термелер қымбат. Себебі, қазақтың жыр-термелерінің барлығы – үгіт-насихат. Міне, осы дүниелерді ескерген мешіт осындау ауқымды шараны қолға алуға бел буып отыр.

Бәйгенің шарттары:
бәйге терменің жаңадан жазылған мәтініне жарияланады. Жүлделер мәтіннің мағыналық тереңдігіне сай беріледі. Мәтіннің ойы терең, сөзі өткір, терме табиғатына сай болуы ләзім. Таза діни сарында болуы шарт емес. Себебі, терме ұлттық, рухани және діни бағытта. Терменің мақамы мен жеткізе орындау шеберлігі де ескеріледі. Терме мәтінін жазған адам оның мақамын шығартып, дауысы келісті адамға орындатуына да болады. Орындаусыз жіберілген терме мәтінінің құр өзі қабылданбайды. Бәйгеге ұсынылатын шығармалар қарашаның 20-сына дейін жіберілуі керек. Әділ қазылар алқасының есімі бармақ басты, көз қысты, бұра тарту болмас үшін жарияланбады.

Бәйгеге қатысушылар үшін ұсынылатын тақырыптар:
  • «Отанды сүю иманнан»
  • «Мен – Қазақпын, мұсылманмын әлімсақтан»
  • «Аманат болып жеткен Жер»
  • «Мұхаммед – адамзаттың ардақтысы»
  • «Қазақтың қазақтығы тілінде тұр»
  • «Дәстүрі өлген ұлттар жоғалады»
  • «Ғылымға мойныңды бұр, иманды ұрпақ»
  • «Әлемді селт еткізген ерлер өткен»
  • «Өсиет айттым ұрпаққа»
  • «Азаттығы үшін елімнің, жан менен бас садаға»
  • «Насихат айттым келінге»
  • «Ата-анаңды қадірле тірісінде»
  • «Не жақсы? Не жаман?»
  • «Жақсы адамның мінезі көркем болар»

Бас жүлдеге шетелдік автокөлік тігіледі. Ал бірінші орынға – 1 миллион 500 мың теңге. Екінші орынға ие болғандарды да ренжітпейтін жүлде бар. Яғни, 750 мың теңгеден екі адамға беріледі. Ал үшінші орынға ие болған үш адамға 500 мың теңгеден бұйырады. Бұдан басқа ынталандыру сыйлығы ретінде бес адамға кіші қажылыққа жолдамалар да бар.

Терме бәйгесінің талаптары жайында толық ақпарат сайтымызда жарияланады.
www.muslim.kz/kk/news/251-aziret-sultan-meshiti-tekti-sozdin-toresi-termeni-qaita-jangyrtp.html
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
КерекИнфо жамағаты ең болмаса 1 терме шығаруы керек деп ойлаймын. Клипін де түсіріп жіберейік.
ademi_alem
ең болмаса 1 терме шығаруы керек деп ойлаймын. Клипін де түсіріп жіберейік.
жаксы ұсыныс, шығарайық
Marco
Қамбар батыр жыры "Әуелі Алла екінші, Тәңірі пірім қолдасын" деп басталатын еді, осыны ширк дер ме екен?
asaubota
бұл байқауға жаңа термелер қатысады
Adiletshu
Алла мен Тәңір синоним сөздер емес па
aza
Қалқаман Сарин бас жүлдені алвалған шығар уж)
ademi_alem
Бұл жерде басты мақсат бас жүлде емес, ұмыт болып бара жатқанды қайта жаңғырту ғой…
aza
ал мен қатысар болсам тек Бас жүлде алуға ғана талпынам. Кім айтты термені ұмытылып бара жатыр деп?!
ademi_alem
қатысар болсам тек Бас жүлде алуға ғана талпынам
олай болса сәттілік!
Кім айтты термені ұмытылып бара жатыр деп?!
Жаңа термелер байқауының өткізілуіне себепші болған да сол ұмытылып бара жатқандығы емес пе?.. Ұмытылып бара жатыр дегенде
терме жазу шығармашылығын
меңзеген едім.
Abilakim
Кезіндегі Аяз Бетпаев дегендей термешілер қайда десеңші… Еһ
Adiletshu
Ол амиго Шуда тұрады
Abilakim
қай жақтан екенін білемін, шәкірт -мәкірт бар ма екен.«Шулатып» кетті ме бәрі)))
Abilakim
Уже 128 жол жазып тастадым норма ма десең ә))))