Түс көрмеу

Мойынға асып тірліктің тар қамытын
Ұмыттық-ау келер сәтін шабыттың
Шаршап келіп ұйықтаған соң талықсып
Түс көруді ұмытып та қалыппын.

Бір жағымда жатқаннан соң сүйгенім
Түс көрмейтін қазір достар күйдемін
Өзге жанның атын айтсам түс көріп
Ренжіп қалар қалап алған үйдегім

Өз-өзімді жатам солай бақылап
Аппақ таңдар алға қарай шақырад
Жалаңаш қыз түгілі түсіме
Кірмейд қазір қотыр ат пен соқыр ат

Беталды түс көруді қойыңдар…
Бөлісу:

19 пікір

VKM
 в тему жазылған.
Мен түс көремін, бірақ ақын болмағасын,әдемілеп жаза алмаймын))))
Abilakim
еріккеннің ісі ғой менікі))) Жұрттың не көретінде негізі шаруам қанша.Сайтта ептеген қозғалыстар болсын деген ой ғой
xsanatos
Түс көрем
Түсімде ылғи мас жүрем
Armanjan
Егер Назгүлге барып бір рет жақсылап ұшықталып алсаң, ылғи нететін түс көретін боласың.
Abilakim
бұл түс емес, түс болса да тұрмыстық деңгейдегі, күндізгі шаруалардың түнде мида жаңғыруы секілді бірдеңе болар)))
AKY
күнде-күнде жынды жынды түс көрем. бүгінгі түсімде ұшақтан қалып қойыппын оянсам, пойызда жатырмын
aza
Аядым, Әбіләкім. Жағдайың қииын-ақ екен, бейшара… Әйелден қорқып түс көре алмау деген… Жауыңа да тілемейтін нәрсе ғой, енді, Үйлену, Оо, Үйлену, қандай қорқынышты ең?! Келіншек дегенді сендер құбыжық етіп біттіңдер, әбден! Өңшең үйленгендер, ліббәд!
nurbergen_makym
Дұрыс болған, епті! Жастай сорлап няғыласың?
Daniar-Alan
 соны айтам… түс те жөндеп көре алмайсың…
Abilakim
әйелден қорықсам бұл ойымды тіпті жазбас та едім, бұл сыйластық қой. Бала екеніңді тағы бір дәлелдедің.
Үйленіңдер, көбейіңдер, көп мылжыңдағанша.
araika
Kerekinfoda «Tus aptalygy» otip jatkan siakty
Adiletshu
Кейде түсімде өлең шығарып жатып оянып кетем. Ұмытып қалмайын деп қайта-қайта қайталаймын. Ертеңгісін ұмытып қалам. Былай өңімде өлең шығаратын қабілетім жоқ
Abilakim
ал, бала Жамбыл ұмытпайды
AKY
қойня ғо, түсіңде керемет өлең сияқты көрінгенімен, оянғанда есіңе түсірсең қырт болып шығады))) келесіде ұмытпауға тырыс, көзің жетеді.
VKM
Түсімде ұшып жүрмін))) не екен, а?