Мектепке жол!


Сонымен жаңа оқу жылы басталып кетті, құтты болсын! Менің балам алғаш мектептің бірінші класын бастаушы қатарында. Бірінші сентябрь күні мектебіне апарып класына орналастырдық. Мектепке барып тұрып өзімнің балалық шағымды тағы бір сәт еске түсірдім. Біздің кезімізде әке-шешең мектепке жетелеп апару сирек еді. Ол әрине кез-келгеніміздің үйінде минимум бесеу, немесе жетеу, он болғандықтан (көптің бірі, көттің кірі)емес, кеңестік кезең, заман солай болды. Бұл кезде шөп шабу, егіс жинау т.б. қызып тұрған науқаннан босамайтын еді. Тек ата-аналары мұғалім немесе кеңсе қызметкерлері болған балалар ғана алғаш мектепке бірге бару бақытына ие болуы мүмкін Сонымен, балам қарапайым 1д класының оқушысы атанды. Тіфә деп қояйық, әр қайсысында 25 оқушыдан 7 клас жиналды балалар көбейіпті, аман болсын. А, Ә, Б кластары ақылы кластар екен. Олардың айырмашылығы түстен кейін арнайы ағылшын, бейнелеу немесе би болуы мүмкін таңдауы бойынша курс оқытылады екен. Мен бұлардан бас тарттым. Ақысынан қашу емес мұным әрине, балаға артық салмақ болар деп ойладым. Кейін санасына, қабілетіне қарай таңдау жасай жатармын. Мен спорт жағына көңіл бөлсем деп отырмын бұйыртса.

Сонымен, аз-мұз суреттерін сөйлетейін:
Біздің ұжымда жыл сайын басшымыз қызметкерлерінің алғаш мектепке баратын балаларына сый-сияпатын жасауды дәстүрге айналдырды. Мың алғыс ағайға!




Ал енді мектеп партасынан:



Даярлықта бірге оқыған «жігіттері» кластас болды

Мамасының қасында, «папа, түсірмей ақ қойш» деп ұялған түрі
Бөлісу:

29 пікір

Armanjan
Балаңыз мектепке тарыдай болып кірген екен, енді таудай азамат боп шықсын.
Abilakim
Білімді де білікті азамат болып, елімізге үлкенді-кішілі пайдасын тигізсін.
aza
Аззамат! Әкесінен айнымай қапты, машаллаһ! Ұзағынан сүйіндірсін) Тамаша, ааай, енді бір бата жауады ау)))))))))
Nurgisa
Артынан ерген іні-қарындастары сау-саламат, ағасына мығым тірек болуды жазсын. Білімге тоймай өссін жас арыстан.
ErNur
Рахмет барлығыңызға! Осындай күн барлығыңыздың басыңа тусын деп тілейм!!!
Daniar-Alan
ооо бырат тай мінуге жарапты… тұлпар мінсін!!!
aikarakoz
Өзіңіздің аузыңыздан түсіп қалғандай! Қуаныштарыңыз құтты болсын! Тек «5» деген бағамен оқысын!
asaubota
ұжымдарың басқаларға да үлгі болсын! Дәрмен балақай да сабақта озат болып, мектебін үздік бітіріп шықсын!
Gulistan
Мамасы қандай әдемі!!! Үлкен азамат болсын!!!
Marco
Әп-бәрекелді!!! Өзімнің баламды елестетіп кеттім)))
bazuka
Тарыдай болып кірген екен, таудай болсын балаңыз! 40-шы мектеп Шанхайда ма?
ErNur
Рахмет көп-көп! Ия сол мектепте
monti
Құтты болсын!!! Балаңыз тек жақсы оқысын
то сізден, то жұбыңыздан аумайд прям
Эпольдың мектебіне менде бардым Қызық сондай күшті әлем мектеп деген
ақылы бөлімі* қанша тұрады екен айына?
сосын сіздер жақта р/н аты Шанхай ма? қызық кен
ErNur
Рахмет!!! Ия солай аталады
Rozatai
Құтты болсын! Балаңыз сізге сойып қаптағандай ұқсайды екен. «Мектепке бармаймын» деп қиғылық салмаса болды ғой, бастысы
Marco
сойып қаптағандай
біртүрлі естіледі екен  соймай-ақ қоялықшы
Abilakim
ия, «копия», «аузынан түсе қалғандай» деген тамаша теңеулеріміз бар емес пе еді бабаларымыздан қалған)))
Rozatai
әжептәуір тақырыптың кәйпін бұзбай отырайық, Әкім Әбіл аға
Rozatai
аға, мен емес айтқан, қазақтың сөзі. Сізге сразу ужастик фильмдер елестеп кетті-ау деймін  «Аузынан түсіп қалғандай» деген тіркес жоғарыда айтылыпты, қайталағым келмеді.
Marco
Ағалаған түріңнен сол)))
alisha
Дәрмен тіл-көзден аулақ боп, дені сау, білімді азамат боп өссін! Енді бір 7 жылдан соң анау көк көйлектің артында тығылған періштенің мектепке жолын көрейік!
ErNur
 Аумин! Рахмет! Аңғарып қалдың ғой ә? Ия алла қосса жетерміз ол күнге де!
alisha
Өзің айтпап па едің Аса аңғарымпаздылықты қажет етіп тұрған жоқ, ТФӘ!!!
ErNur
а а… солай ма?! ұмытып қалыппын Бұйыртса болады
ushkin
 қадамы құтты болсын!
VKM
Құтты болсын.Жақсы оқып, сіздерді қуанта берсін!Қашан осылай балаларымызды мектепке тасып жүреді екенбіз?)
dark_nazgul
Балақайдың қадамы құтты болсын!
сыныптың ішінде суретке түсіріпсіздер. Бізді былтыр тіпті мектептің ішіне кіргізбей қойған.
Zhan
Адамның өмірі ұрпағымен мағыналы. Ұлың үмітіңді ақтайтын мықты азамат болып өссін, жақсы оқысын!
Delhi
Жерлес, құтты болсын! Ұлың үлкен азамат болсын!