Домбыра-тарту. Махаббат әндері

Кеше 30-тамыз, мереке күні дәстүрлі домбыра пати болып өтті. Өте жоғары деңгейде (Тіпті біз күткендегіден де) болған шараға тек Керекшілер ғана емес, көрермендер арасынан да өнерпаздар шығып, өз өнерлерімен бөлісті. Тақырыбы: Махаббат әндеріне арналған патиге шамамен бір уақытта жүз қаралы адам жиналды. Ары өтіп, бері өтіп көріп кетіп жатқандарда есеп жоқ. Келесі думандарды да белгілі бір тақырыптарға арнаймыз деген жоспар бар. Ал әзірге, тамашалаңыздар!!!

Бөлісу:

210 пікір

Daniar-Alan
бұл жолы өте жоғары деңгейде өтті
asaubota
алдағы уақытта халық бұдан да көп жиналатын сияқты. дұрыстап дайындалып бару керек енді.
Marco
Дайындалып бару керек демекші, кеше Жазира жақсы бір ой айтты. Егер, айтылатын әндер алдын-ала белгілі болса, мәтінін қағазға басып шығарып, қосылып айту үшін халыққа таратып беруге де болады.
Daniar-Alan
тамаша идея. қолға алу керек.
Mansur
Жақсы идея!
Daniar-Alan
еу пиянщік… тьфу… пияршік хош келдің ортаға
konvict
Ваай, мен ұмытып кетіппін ғой
manshukn
Күштіііі,  Осындай Алматыда да ұйымдастырылса ғой
huanysh
boladi
Daniar-Alan
Егер, біз, алматылықтар жиналатын болсақ, Патик пен Қисық өздерінің киноларын айтып, Едіге аға өзінің метродағы жүргіншілерін айтып, соңғы кезде Алматыда проезд 80 теңге (метро да 80 теңге) болғалы бері метроға отырушылардың да көбейгенін айтып, Жалғас өзінің философиялық тұжырымдарымен басымызды қатырып, Ракишева мен Эстетика91 бір-бірімен «Сәлеееееееееем, қалаааааааааайсың?» деп амандасып болғанша, таң ататын шығар Жаль, бізде домбыра, гитара тарта алатын да ешкім жоқ. Сухой ән айтамыз, басқа қайтеміз
© Роза
edige
Басқа аумақтарға гастролге шығу жоспарларыңыз жоқ па, жамааат?
Marco
Кеше Өскеменде ішкі саясат басқармасында қызмет істейтін бір азаматша болды, жиын біткен соң, ортаға шығып, рахметін айтып, Өскеменеде де жақын күндері осындай шара өткізуге уәде беріп кетті.
aza
Өскеменге барғыыыым кеп кетті)))
VKM
 кеттік, менде 4 сменадан кейін отпуск)
aza
Мынауыңыз енді мықты ұсыныс, ойласып көрейік) Негізі қарсы емеспін…
Mansur
Ары Шығыстан Катон-карағайга да соға кетсен тіпти жаксы болады.
kozildirik
Кеттік, мен де барамын. Сөйлеген Арай апаймен отырып таң атқанша ән айтамыз)))
Daniar-Alan
ішіп алып айтқан саналмайды. домбыра патидің бір шарты ішпеу қажет. уот!!!
jako_83
толығырақ, қай күні өткізеді екен Өскеменде?
NaimanKa
Өскеменде 19 қыркүйек күні, сағат 18:00 Абай ескерткішінің алдында (бас алаңда, обл.әкімшілік алды) жиналамыз!!! <img
Daniar-Alan
неге Абай?..
NaimanKa
қазақтар Абай ескерткіші алдында жиналмағанда, өзге лайық жер жоқ.
Daniar-Alan
абайлаңдар әйтеуір… оккупайАбайдан кейін дұрыс түсінбей қалып жүрмесін…
NaimanKa
әрине, ескереміз…
Өзге жер таппадық: парктерде Пушкинның, Кировтың ескерткіштері бар
әмбе қаланың бас алаңы ғо!
jako_83
аптаның аяғына қарай болмай ма?
Daniar-Alan
21-не 18.00-де
jako_83
пікірдің соңына жетпей жазып жіберіп едім. Бәрібір осы жолы бара алмайды екенмін
ademi_alem
Өскеменде 19 қыркүйек күні, сағат 18:00 Абай ескерткішінің алдында (бас алаңда, обл.әкімшілік алды) жиналамыз!!!
Алақай! Домбырада ойнай білмегендіктен тамашалап, көріп қайтуға қанағат деймін.
aikarakoz
Азамат пен Нұрбергеннің ортасындағы жігітті танымадым. Сосын Даниярдың жанындағы шашы ұзын қызды.
Aikona
менде сол екеуін танымай отырмын )
Marco
Аза мен Нұрбергеннің ортасындағы Азаматтың бірге тұратын жігіті… жоқ, енді, екеуі бірге тұрады… ой, лібә, тұрғанда просты, бірге пәтер жалдап тұрады. ))) Өскеменнің жігіті. Анау қызды мен де білмедім
aikarakoz
Екеуі ұқсайды екен .
aza
86 ның тумасы, өскемендік, аты Жасұлан
Mansur
Рахмет Аза мен туралы жарнамаға!
aza
мына бейшара бірден тұтылды ғой)
Mansur
Өмірімде біріншірет клавиятурадан қазак әріптерин теріп жазып отырмын, Аза сенин улесин ғой…
aza
Орысшаң осы болса оңып тұр екенсің, епті)
Aikona
бойдақ па? соны айтсаңшы бірінші
Mansur
Иә! Бойдақ болғанда, таза бойдакпын…
Daniar-Alan
Сосын Даниярдың жанындағы шашы ұзын қызды

жеңгеңнің группаласы.
Onlasyn
НАзарды айтқан қыздың аты кім?
asaubota
Раушан екен аты, Семейден.
kindikti
Rayshandi bizdin ayildin kizina yksatip otirganim, Semaydin Aksyatinanba eken, biletinderiniz bar ma )). Eger sol Rayshan bolsa, matkym akesi Millat aga keremet anshi edi.
asaubota
біз танымаймыз, тыңдауға келген көрермендер арасынан шықты.
kozildirik
Ақсуаттан екен. Әкесінің атын сұрамадым. Семейден соң ішім жылып қалды)))
RauRau
Рахмет, иә мен сол Раушанмын Ақсуаттан…
VKM
 қош келіпсің, Раушан.Таныстыра отырыңыз өзіңізді.
RauRau
Қош көрдік, алдында айтылғандай Семейдің Ақсуатынанмын… Ұлттық өнерімізді насихаттайтын осындай ізігі бастамаларға ризамын…
asaubota
қош келдің Раушан! сайтқа қалай келгеніңді жаза кетші, бізге қызық
RauRau
Достарымның өз ойларын бөлісу кезінде сылка арқылы кірдім…
asaubota
нақтырақ? осы сайтта өткендегі домбыра туралы айтылып жатыр деді ме?
RauRau
Мені танығандар, басқа ештеңе жоқ…
Mansur
Шығыс пен Батыс қосылды, ол да бір керемет…
Daniar-Alan
батысты пихать етевермей барлық өңір десеңЧ…
Aikona
Азаны айтсаңдаршы ))) даусы қандай десеңшііі
Erkekyz
Айтпаа, прям фанатеть етіп жатырым)
dark_nazgul
"Әселім-әнімде" неге «Толқындай шалҒып» деп айтасыңдар?
Marco
орфоэпия шығар
dark_nazgul
бәрібір, толқын «шалҚиды» ғой.
aza
Ққққққ))) ал, сізге қ керек болса)
dark_nazgul
"қос аққудай су бетінде қалҒиық", ендеше.
aza
Кешіріңіз, мен бұрын қалғымаған аққулармен ғана қалғиын…
dark_nazgul
онда толҒындай шалҒып жүре бер
aza
лайктай салайын)
Gastarbaiter
Лібә, секстен бөтен тақырыптың бәрінде өшің бар, қорқам сенен…
VKM
Кейбір ТВда ән айтып жүргендерден артық, біздің керекшілер! +10!
aza
Рахмееетт, ВКМм!
Daniar-Alan
керекшілер дед ғо… не ғо… сен шы осы рахметтің бәрін өзіңнің атыңа жазып алғаннан саумысың?
aza
Дан! Мен өзіме тиесілісіне рахмет дедім, нақ, немене бесбұйдаң күйвотр, лібәд?!))) Жәй әдемі, ақылды қыз тілектестік танытқан соң ілтифат білдірдік, немене болып қалды?! Әйтпесе, мені бір рахметтен кенде қап жүр деп пе ең, нағау)
Daniar-Alan
Мен өзіме тиесілісіне рахмет дедім

өзіңе тиесілі ВКМ?..
aza
өөөййй, бұра тартқан шешендігіңнің)))
Daniar-Alan
ВКМ саған «Бипааанн» дегендей естілетін шығарӘ? бірден жының басылып, жүнің басылып...
aza
Лайктай салайыншы)
monti
уай қыздар/балдар, супер/пупер точнее балдар мадистер
прям мен естімеген өлеңдер де бар екен. ажь бұл жолы көрермендерде ән айтқан ба?
домбыраға деген ғашық сезімімді қайта аштыңдар рахмет жақын маңда бірдеңе үйренгім кеп кетті ғо ажь
Нұрғисаның шертіп тартқандары керемет!!! көрніп тұр проф.айналысқаны
Алдан, Азалардың кейбір өлеңдерін қазір естіп тұрм тож супер.
ErNur
Aza інішек, базар жоқ! Әдемі қоңыр үнің бар, тамаша әнші екенсің! Бар бол!
aza
Рахмет, тырысамыз!
Gastarbaiter
Көре алмай отырм нақ… тура мағынасында… соткам ютуб тартпайд. Данияр сволыш қызық қылып суреттедің…
Daniar-Alan
соткам ютуб тартпайд.

aikarakoz
Видеоны енді көрдім. Керемет дәстүрге айналдыруды жазсын! Браво!
zholantai
керемет, барғым келеді, жұмыстан кеш шығып жүрмін, әттең
aza
ооо, қызмет құтты болсын, Жолантай! Жұмысыңды жаса, ән керек болса, барып айтып беремін, Астана еркелікті көтермейді. Алдымен жұмыс, сосын ойын дейтін бір қыз…
Aldeken
Алдымен жұмыс, сосын ойын дейтін бір қыз…
қыздың мамандығы мен кәсібін нақтылай кетсең… деееееп па?
MickThatsMyNick
Халықтың көптеп жиналуына мереке мен пати тақырыбының әсер еткенін жоққа шығаруға болмайтын шығар. Алайда «Конституция» тақырыбына халықты жинау қиындау болар…
VKM
Кеше мен осы тақырыптан сурет көргенмін.Таааккк...қайда???
Daniar-Alan
өшіріп тастадым.
VKM
Біреу өшір деді ме?)
Daniar-Alan
ия
VKM
неге?))))))Бәрі пристойно сияқты еді ғой
Daniar-Alan
пристойно мес кен
Karakyz
Күшті! мен ұмытып кетіппін… Фейсбукта хабарлап жіберсе артығы болмас еді, ивент жасап дегендей. Өйсте адам саны көбейер еді.

ЗЫ Аза мана Алмас Алтай деген атпен Армангүлдің күнделігінен сөйлеп жатыр.) Шын аты Азамат деп ойлап жүріппін.
Aikona
Мен шынымен Азамат екен деп жүрмінші
dark_nazgul
Кеше тойда «сүймесем, сені, сәулем, дәл бұлай сағынбас ем» деп келетін әнді естіп, ғашық болдым. Сол әнді үйреніп алу керек. кімде бар?
Adiletshu
Әсіктің алды ақ қайың деген жолдары бар ма
dark_nazgul
ондай есімде жоқ. тек қайырмасы есімде қалыпты.
Daniar-Alan
әнін ыңылдап айтып жіберіңізші…
dark_nazgul
ыңылдап отырмын
Daniar-Alan
… сіздің ыңылдағаныңыз ыңырсығандай естіледі кен…
dark_nazgul
менің ыңырсығанымды естімей-ақ қойғаның дұрыс болар
Daniar-Alan
қатты құмбыл да меспіз енД…
dark_nazgul
Ендеше ыңылдағанды ыңырсығанмен шатастырмай тыныш отыр.
Jacqabaies_Chirac
Жібек сезім — Клара Төленбаева қотарып алуға немесе онлайн тыңдауға
aikarakoz
Қотарып алу деген сөздің не үшін қолданылып тұрғанын түсіндіріп жібересіз бе?
Jacqabaies_Chirac
еш бөтен ойым жоқ сіңлім
aikarakoz
«Бір шыны суды басына қотарды» деген сияқты «тауысу», "ішу", «сіміру» сөздерімен синоним деп ойлайтынмын. Мынау мен үшін жаңалық болды ғой…
Daniar-Alan
өткендегі «тінтуір» іспеттес сөз ғой…
dark_nazgul
Қотару деген бір ыдыстан бір ыдысқа түгел ауыстырып құю
Daniar-Alan
дұрыс қо… ал «тінтуір» деген тінтіп-тінтіп нететін нәрсе…
Jacqabaies_Chirac
қотардың ба енді құрбым?

клипі бар екен мынадай ес че жүкті қылып ал гамбюдіріңді қотарғың келмесе
dark_nazgul
Қотарып, тіпті жаттап алдым. Айтып жүрмін күні бойы.
ken
"Қотару" деген сөзді бірінші рет Саян3-тің жазғанынан оқығанмын. Бір тілден екінші тілге аударуды осылай жазды-ау деймін, қателеспесем.
dark_nazgul
қырғыз тілінде «аударманы» "қотару" дейді.
araika
Magenttin kazaksha nuskasy shykkaly beri bul soz koldanysta, meninshe. Satsiz audarma
asaubota
Гуглден "қота" деп бастап, жазып іздейін деп жатқам, басқа неше түрлі варианттар ұсныады екен оңбаған Гугл.
araika
Onda Google kazaksha malimetterge baiygan eken 
Ne goi, biraz uakyt latyn aripterin koldanuyma tura keledi, renjimeisizder me? Karsylyk bildiretin bolsanyzdar «undemeuge» barmyn
dark_nazgul
Біз жақта «басына көрету» деп айтылады.
Abilakim
Құрбыжан, бұл әнді дәл сенің бұрын естімегеніңе таңым бар
dark_nazgul
СОЛ, неден құр қалғанымды енді білдім.
Adiletshu
Марко жақсы сөйлейді екен
NaimanKa
Құрметті оқырмандар!
Осындаай жиын Өскемен қаласында 19 қыркүйек күні,
сағат 18:00 Абай ескерткішінің алдында
(бас алаңда, обл.әкімшілік алды) өтеді!!!
БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ШАҚЫРАМЫЗ!!!
asaubota
әлеуметтік желі арқылы да хабарландыру жасаңдар. тек ұйымдастырушылар биліктің күштеп апару методына салынбай тек ерікті түрде шақырғандары дұрыс. жасанды болса дұрыс шықпайды. сәттілік!
NaimanKa
Әрине тек өз еркімен щақырамыз…
Әлеуметтік желіде жарнама бүгін кешке басталады
Рахмет!
NaimanKa
Өскемен қаласында жиналу 21 күніне ауыстырылады, 18:00 Абай ескерткіші алдында.
araika
21 күніне ауыстырылады
Merekege orailastyrylyp pa? Jalpy kimderdin katysuymen, ol jaktan Kerek koldanushylary azshylyk edi?
Gastarbaiter
Лібә, осындай жиындарға жай көрермен боп баруға ұялам, бөрік шапан киіп ең болмаса подтанцовкасына жарамағасын.
NaimanKa
келіңіз, бірге билейміз, менің де қолымнан ондай келмит (домбыра тарту)
Gastarbaiter
Көрермендерден қалпағыма тиын жинап әкетсем өнерпаздар ренжімес пе екен?
Marco
Отын жарып, самаурын қойып, тағамы қарлыққан әншіге ыстық шай таситын жігіттер мен қыздар да керек. )))
Daniar-Alan
соны айтам… жүрк қо патапаратымызды сүйретіп…
aza
Маркоо, брат салш бесті! Дәл!
Rozatai
ваай, Алмас, азаматсың, прям күЧт айтад кенсің!
Анау қыздың даусы ащылау екен, ә? Бірақ, ән айтам деген ниетінің өзі чего стоит?
Daniar-Alan
Алмас, азаматсың

біресе Алмас дисс… біресе Азамат дисс…
Rozatai
Ол — Алмас Алтай, телевизордан көргем. Псевдонимі — Азамат Табылдиев
Daniar-Alan
телевизордан көргем.

суға түскен шөжедей болып тұрған ба еді
aza
Лібәәә, Американы ашып тастадың ғо, тығылып жүрсем))) Рахмет, Роза!
Rozatai
жоғарыда қыздар айтып тастапты ғой ұже. мен емес
Rozatai
сіз соңғы кезде осы жақтан шықпайтын бовапсыз прям
aza
басқа жерлерге шақырсаңызшы)
Rozatai
пожалуйста, Алматыға келсін фотоаппаратын құшақтап, күтеміз
Daniar-Alan
мен Азаны шақырып жатыр ма десем…
Rozatai
сіз соңғы кезде осы жақтан шықпайтын бовапсыз прям
Осы сөз сізге айтылған, стрелканы басып көрсеңіз болады
Daniar-Alan
біз барсақ алтау болып барамыз ғой…
Tarazkyzy
Күштііі, қызығыыып отырм. Алматыдан бұрын Астанаға көшкім кеп кетті ғо:-)))
Daniar-Alan
келіңіз! әрі түрік тілін оқып қайтасыз отағаңызбен
Shakirt
Жаксы, сонына дейін үзбей көріп шықтым. Алмас бауырымның дауысы керемет!!!
Shakirt
Жаксы бастама жалғасын тапса екен, қыс қыр астында қайда баратын ойларың бар??? біздікі тек ендігісін көзбен көру, қол тисе арине.
Daniar-Alan
ойланып жатырмыз. ой қосатын болсаңыз мәрхәбәт
Shakirt
Сол Керуеннің үсті жайлы секілді, арнине администратор мырзалары келісіп жатса, менше келіседі көптеген сонгы «флешмоптар» сонда жасалып жатыр го.
Daniar-Alan
осы вариантты қарастыру үстіндеміз
aza
Лібәд, Алмас дегенге үйреніп алдыңдар ғой, тегі! анау ауызына сөз тұрмайтын алматылық қыздың кесірінен… Аза дегенге үйреніп қалып ем, расымен!
Daniar-Alan
конспирация сымағың өтпеді ма?
Rozatai
ауызына сөз тұрмайтын алматылық қыздың кесірінен

Күшті! мен ұмытып кетіппін… Фейсбукта хабарлап жіберсе артығы болмас еді, ивент жасап дегендей. Өйсте адам саны көбейер еді.

ЗЫ Аза мана Алмас Алтай деген атпен Армангүлдің күнделігінен сөйлеп жатыр.) Шын аты Азамат деп ойлап жүріппін.
© Қарақыз
aza
Аты Роза Әрең!
Rozatai
Алмас Алтай — Шалтай-Болтай!
aza
Лайктай салайыншы…
Daniar-Alan
сөз таусылғанда осылай құтыла салатын бопсың өзіңӘ..
aza
Цгиндермен сөз таластырғым келмейтін болды өсігүн) Иттер үруге ғана жаратылған)))
dark_nazgul
ай маладес!!! нағыз «АЗАМАТТЫҢ» сөзі…
Gastarbaiter
Негізі сені оқығаннан көрі әндеріңді тыңдағаннан көбірек кайф алады екем.
Минус кетті, без обид. Уақыт өте келе есеетін боларсың деген үміттемін.
aza
А маған бәрібір, бырат! Без обид, сен минустады деп асылып өле алмайм, и қарымта қайтару үшін сені минустап саусағымды былғамайм, Гаста бырат!)))
Gastarbaiter
Қарымта минусты қойш, тыңдарман боп барғанда ұрып жібермесең болды. Мен.Алмас емеспін, Азаматпын деп
Атың кім болса, ол болсын, аман бол бастысы
aza
Лайктай салайыншы, бырат… Минус плюсті қайтесің, менің минустарыма қыздар да жақсы еңбектеніп жатыр ғой, сіз қосылып шапқаннан жақсы атты көрінбейсс, мен минустан жаман атты көрінбим, просто қыз қырқынның ісіне араласып Гаста атыңызды төмендетпеңізшиш деген тілек қо. А так, таңдау сізде) Кстати, осы бейсенбі тағы жиналамыз, келіңіздер!
Gastarbaiter
Барынша өнеріңді сыйлай тұра,, трикомды шайнамай кетнақ деуге мәжбүрмін.
Rozatai
Гаста атыңызды төмендетпеңізшиш
Гаста сенің ақылыңа мәжбүр емес
Саған просты "Құдай берген талантыңа мінезің де сай болсын, қыздарды қандай болмасын, сыйла! «Иттер үруге жаралған» деуге қалай дәтің барды?" деп отыр
aza
Гастаны өз шығарам деген жанталасыңыз оны Иттердің адвокаты етумен аяқталыпты…
Rozatai
ұжыс, сен қандай ұятсызсың, Алмас? Сөздерді қалай-қалай қолданасың, виртуалда отыр екенмін деп шектен шыға беру керек пе?  Тіпті сөзім жоқ
aza
Сөз біткен жерде боқжағыс (боғауыз) басталады, ужс, ұятсыз деген секілді) Просто, «сен жазған пікірге тышып кетуден басқа түк жасай алмайды, монитордан атып шығып жағыңа бір ұратын мүмкіндік әлі пайда болған жоқ» © дегені бар еді Гастаның, пікіріме минустаудан басқа ештеңе жасай алмайсыңдар да маған))) Жүйке құртып не керек, «иттер үру үшін жаралған» деңдер де кете беріңшиш))) Біләәә, қалай жеңу керегіне дейін өзім үйретем… СААТ, Айжантабыыыын, қайдасыңдар?! Қайраааан, аңсадым-ау асылдардың асылдардың сынығын))))
Jacqabaies_Chirac
типінақ «жұлдызды» аурумен ауырып отырған шығар ана ОРТ-дан сөйлеген "қызыл көйлекті бала жақсы айтады екен" деген әженің бешпетін жеп
Gastarbaiter
Әлі ақ түзеліп кетеді, ешкім аспаннан мастер общения боп түскен жоқ. Такт мәселесін өзімнің де үйренгенім кеше.
Негізі қыздармен қырылуға дохуя мидың қажеті жоқ, қыздарды ренжітуден мүйіз шығатын болса мен осы кезде Марал, кешірерсіздер марал боп кетер едім.
Очм, не мне судить.
Жай мұғалім болған соң тәрбиелік приступ ұстап отырм да.
Азамат жақсы жігіт.
Daniar-Alan


керектің осысына ырзамын… ұрсысып, төбелесіп, айтпайтын сөзді айтып алады да ештеңе болмағандай бірге шәй ішееееп отыра беред… мақтасып қойып бір-бірін…
bir-tane
Алмас Алтай аганын даусына гашык болып калдым
VKM
Шынымен ,aza,қатты кеттіңіз. Кешірім сұрай салсаңыз болар еді
Daniar-Alan
тишш… көрик…
aikarakoz
Дәке, керосин ба сіздікі?
Daniar-Alan
қоға ғой… қамыстың арасынан алып кеп ем… су боққоған баа… тұтанбайд епті…
VKM
тишш… көрик…
жоқ, болмайды олай.Уақытында тоқтай білу керек. Және осыған шүйілген де дұрыс емес, тақырыпты жандандырып. Өтті, кетті
Rozatai
Уақытында тоқтай білу керек.
Толығымен қосыламын.
aikarakoz
ОЙ:
Ит аспанға қарап ұлығанмен, одан қасқыр шықпайды. Еліктеудің де жөні бар, асыра сілтеп жіберсең — асып кеткенің емес, абыройыңның қашып кеткені.

Қасықтап жиған абыройды шелектеп төгу деген осыыыы
Abilakim
Әдемі қыздың аузынан шыққан сөздің де әдемі болатынының жарқын мысалы
aza
Жарайды, рахмет барлықтарыңызға)
"… Мен қайыртпай кеткен жүйрікпін,
Таз Қашқынбай мен Тама Ізімге..." дегенді айтқан менің Қашаған деген дүлдүл атам. Тоқтасам бір кісінің пікіріне тоқтаймын, сөз тәмәм, балдар, қыздар! Алайда, шабалаңдап қандендердің үргені батады жаныма-шы))) «жұлдыз» емеспін мен))) Бұрыыын болғам «жұлдыз»))) Ренжімеңдерші, мені ештеңе ойландырмайды, көлденең жұрттың пікірін айтқаным ғой. Мен тек өзіме сенемін, Алла солай етіп жаратты, «ешкімнің пікірін ұрма, олар сен бола алмайды ешқашан» деген менің принципім) Кессеңіздер, бас, міне)
asaubota
aza бауырымыз «ит үреді, керуен көшеді» деген сөзді басқаша айтқысы келген сияқты. өзінің игнор позициясын солай көрсеткісі келді менің байқауымша, басқа ештеңе байқамадым. тек бар айыбы мүмкін «ит үреді, керуен көшеді» деп толық айтпағанында шығар?