Ақпараттар ағыны - 29 тамыз 2012

САЯСАТ. Сыртқы Істер Министрлігінен Қырғызстан Үкіметіне үлкен қолдау:
— Алеооо, қоя бер тұтқаны. Қазір өзіміз телефон шаламыз.

СПОРТ. Оңтүстік Қазақстан облыстық спартакиадасында тоғызқұмалақтан 3-ші орын алған мектеп оқушысының жеңісі сарабдал саясаттың арқасында екені анықталды.

ҚОҒАМ. Үлкен қауіп! Биыл республика көлемінде 10 мыңға жуық адам журналист дипломын алды.

ҚЫЛМЫС. Ораза біткеннен кейін жазғы кафеде сыра ішіп отырған жігітті жігіттер көріп қалды.

МЫСҚЫЛ. «Астанаға автобуспен келдіңдер ме? Біз купеге билет болмағасын СВ-мен келдік» понтына үлкен жауап: «Пойызға дым билет жоқ екен, самолетпен келдік». Понтқа үлкен понт та кешікпеді: «Мен де самолетпен келдім, сендерді көрмедім ғой. Әлде эконом класс жақта болдыңдар ма?»

СЫЛҚЫМ. Суы ақпай, бұзылып тұрған унитаз бір қызды жаңа жігітімен айырып тынды.

РУХАНИЯТ. Етістіктерден ұйқас құрастыра алатын тағы бір жігіт ақын атанып, алғашқы өлең жинағын шығарды.

ТЕХНОЛОГИЯ. «Маған сол звондаса, SMS жазса болды» деп полифония телефонмен басталған тағы бір серуен әзірше Iphone 4S-ке келіп тоқтады.

БІЛІМ. Жұрттың баласы биыл тағы да грантқа түсті.

ИНТЕРНЕТ. Тағы да бір танымал адам «Айт қабыл болсын», «Мейрам құтты болсын», «Жолға шықтым», "Қайырлы жұма", «Жеңіс құтты болсын, Алға Қазақстан» деп жазу үшін Твиттерге тіркелді.

ӘЛЕУМЕТ. Тағы да бір USB флешканың қақпағы жоғалды…
Бөлісу:

39 пікір

zholantai
өтті, өтті, саясатты өлтірдің
Aldeken
жақсы… өте жақсы…
авторлыққа тартыл, бырат…
aikarakoz
Мысқыл мен Интернет джынД екен
e_zhalgas
БІЛІМ. Жұрттың баласы биыл тағы да грантқа түсті.
Abilakim
Жұрттың баласы джынды))))Тамаша!
Adiletshu
Суы ақпай, бұзылып тұрған унитаз бір қызды жаңа жігітімен айырып тынды.
 Сұлу қыздар тышпайды дегенді естіп едім
VKM
ұнады! Отыр, бес
Aigolek
Сенин аневреу клетка рубашка киге такырывын кайда кеткаган? Откендееее брвале жазайын деп барсамм жок
VKM
иии, соны да тақырып деп)Үйде қуып отырып жазғанмын.Менің zaraдан алған рубашкамды апарывстадың ғой.Той қашани, Айголек?)))
Gastarbaiter
Уахахаха))))))).
aikarakoz
Қазақша понт зып ете қалды ма
VKM
zara ортақолды адамдарға арналған дүкен, сондықтан понтқа жатпайды
bazuka
Маликош көрсетші рубашкінді)
asaubota
10 мың журналист! қорқынышты!
Marco
Өткендегі практикант сияқты жазатын болса, асылып өле беруге болады
VKM
Мен журик болғым келіп жүр)))))))Қорқыңызшы))))
Aigolek
Жас кезимде менин де ойым бовет осы онмыннын катарын толтыруга
dark_nazgul
қыз бен жігіт туралыны ұқпадым.
alisha
Әдемі қыздардың да Ұлы дәретке баратынан бейхабар жігіт пен әдемі қыз туралы ғой  

Саясат өлтірді
dark_nazgul
ааа. жынды қыз екен. Мен су ақпай қалса, өз үйімде дәретке бармаймын.
asaubota
өзгенің үйінде барған ғой
dark_nazgul
жігіттің үйінде барып жүрген тем более жынды.
asaubota
ол жағын енді Рафаеллодан сұра. подмываться етуге су апарған шығар баклажкамен
Rafaello
5 литр Тассай апардым
MickThatsMyNick
 Қай әзілде қанша шындық барын білмейм, бірақ мынау шынайылыққа толы екен!
alisha
Аршат тақырып таңдауға мән беріңдер деп бекер айтпайды… Екі күн бұрын жарияланса да, тақырыбына мән бермей, бүгін ғана «тартылдым»… Сөйтсеееем…
asaubota
сөйтсең жаңалықтар ескіріп кетіп пе?
kyzyksyndar
Өзің қисық сөзді, орақ тілді екенсің! тамаша дүние
asaubota
Жайдарманға беріп жіберсем бола ма екен аздап?
kozildirik
АҚ сақалды адамдар қабылдайды ма екен?))
asaubota
Қабылдамай ма? :)
kozildirik
Ол енді көңіл күйіне, іштегі коньяктың мөлшеріне, сексуалды қанағаттанғанына және өз әзілдерінен мықты болып кетпеуіне байланысты)))