Программисттің әйелі жазған күнделіктен
21.07.2011
Міне мен күйеуге шықтым. Оның программист екенін бәрі біледі, маған таң қалды. Көп уақытын компьютер алдында өткізетінін білемін, ол өзін «ойшыл-суретші» деп атайды. Болашаққа жоспары көп, түрлі программаларымен әлемді төңкеріп тастауды армандайды. Мен оған сенем.
Программистімнің «өз тілінде» сөйлегендерін түсінбесем де, ол – менің идеалым: тыныш, салмақты, сабырлы, ашушаң емес, айтқаныңды бірден орындайды, керемет әзілдейді. Бастысы, ішкі әлемі өте бай.
28.07.2011
Үйленгенімізге бір апта өтті. Сүйіктім мені еш ренжітпейді, түнімен жұмыс істеп, күнімен ұйықтайды. Көбіне ойланып отырады, жұмысы ауыр ғой. Арасында мені кеп құшақтап, бетімнен сүйіп кетеді. Кешкісін балконда отырып әңгіме айтамыз. Ол өзінің басты жоспарлары туралы айтады. Құдай-ау, менің сүйіктімде идея деген жатыр ғой?! Ол өте ақылды.
Бірақ, бір қорқатыным, ол тамақтануды ұмытып кете береді, тіпті қашан тамақтанғаны да есінен шығып кетеді. Арасында аузына анау-мынауды салып кетем, аш қалмасын деп.
28.08.2011
Бір шаңырақтың астында тұрып жатқанымызға бір ай болды. Туыстарым күйеуге шыққаныма сенбейді, үйге үнемі жалғыз барам. Күйеуім түнде жұмыс істеп, күндіз ұйықтайды ғой. Күндіз құлағына қалай айқайласаң да, еш оята алмайсың… Шаршайды ғой енді.
19.10.2011
Бір жағынан күлкілі, бір жағынан жsysң келеді. Күйеуім маған назар аудармай барады, бұрынғыдай «жаным» демейді, кешке шүйіркелесіп сөйлеспейтін де боп кеттік. Үнемі: «Шаршадым, жатайыншы» деген сөзді есітем. Істеген тамақтарым желінбей, ертесіне ашып кеткен соң амалсыз тастайм. Оның маған деген сезімі неліктен тез сөніп барады? Сосын үйде темір-терсектер күн өткен сайын көбейіп барады.
1.11.2011
Менің программистім «ванная» деген сөзді мүлдем ұмытты. Қуып жүріп, жуынғанын талап ететін болдым.
1.01.2012
Жаңа жылды қарсы алуға достарымызбен кездесуге жалғыз баратын болдым, күйеуімнің уақыты жоқ. Мені құттықтап бірдеңе жазып жіберіпті, түк түсінбедім. Өзі «махаббат формуласы» дейді, оның сөздерін көп түсіне бермеймін.
10.02.2012
Жоқ, бұл енді күлкілі емес. Жуынбайды, тамақ ішпейді. Сұрақтарым жауапсыз қалады не ашуланып шыға келеді. «Көп сұрақтарыңмен кедергі келтірмеші» деп көп айтады. Төсек қатынасы туралы мүлде ұмыттық. Ол мені енді сүймей ме? Мүмкін оның интернетте көңілдесі бар шығар?
10.02.2012
Көңілдесімен алысқан хаттарын ақтарып көрмекші болдым. Албасты, компьютеріне пароль қойып тастапты, қоса алмадым. Бірінші рет айқай шығарып, «сенің көңлдесің бар, менен бәрін жасырып жүрсің» деген ем, маған ренжіп, мүлде сөйлеспей қойды. Не істерімді білмейм.
15.02.2012
Компьютердің иісімен иіссу бар ма екен? Күйеуімнің назарын аударатын.
Кеше кешкісін Ғашықтар күні мейрамына орай күйеуіме сюрприз жасамақшы болдым: боянып-сыланып, эротикалық іш киімімді киіп, эротикалық би билеп бермек болдым. Жоспар бойынша естен кетпес түнге жалғасу керек болатын…
Оны отырғызып қойып, музыканы қосып, билей бастадым. Ол көзі күлімдеп, енді ғана жымия беріп еді, компьютеріне пиқылдап бірдеңе келді. «Қазір, жаным» деген күйеуімді сол киіміммен күтіп жатып, ұйықтап қаппын.
28.02.2012
Екі апта болды ит пен мысық сияқтымыз. Сонау эротикалық би билемек болған түнімнен бастап, оған ренжідім. Оған сөйлемейтін болдым, тамағымды істейм, болды. Масқара, ол менің ренжігенімді байқаған да жоқ.
Сосын оған жөні жоқ айқайлай беретін болдым. Ал ол болса, игнор жасап, еш жауап қатпайтын болды. Сосын бір күні шыдаймай, жарылды: «Мені шұқылай бермеші» деді. Ашуым басыма шауып, бәрін бетіне басып айттым: менің тамағымды ішпейтінін, жуынбайтынын, мені үйдің жиһазы сияқты көретінін. Ұзақ ұрыстық. Қалай екені есімде жоқ, әйтеуір татуластық. Содан бері өзін жынды адам сияқты ұстайды: мені естімейтін сияқты сұрақтарыма жауап бермейді. Дауыс көтерсем ғана «А? Не болды?» деп жауап береді. Дуалмен сөйлесіп жатқан сияқты болам. 8-наурызда соңғы шанс берем. Көреміз сосын…
9.03.2012
Түні бойы көз іле алмадым. Көз жасымды жұтып шықтым. Программистіме білдірмес үшін әрең шыдадым. Бұлай жалғастыра алмаймын! Болды! Жетер шыдағаным! Вообще-то неге программистке күйеуге шыққам?
Сегізінші наурыз күні ол күні бойы ұйықтады. Ал мен жынды сияқты кешке дастархан әзірлеп, жаңа пеньюарымды кидім. Жұрттар құсап отырып, вино ішіп, романтикалық кеш ұйымдастырамыз деп ойлағам. Қайдағы? Кешке ояна сап: «Ұйықтап қаппын, қанша жұмыс күтіп тұр мені» деп, компьютер алдына жайғасты.
Бұл – оның әйелі бар екенін жоққа шығару. Тіпті бүгін — сегізінші наурыз күні. Анығы – кеше. Сыйлық сыйламақ түгілі құттықтаған да жоқ. Жаңа сұрайды: «ауырып қалған жоқсың ба, түнімен дөңбекшіп шықтың ғой» деп. Нағыз өнер адамы, блин, суретші, ойшыл!
Мынау өмір емес. Қазір барам да, ажырасуға арыз берем. Мен оның бір мүшесін (арқасын) көруге ғана күйеуге шыққан сияқтымын…
©
Сурет гуглдатылды.
кетч
Сонда дим да просты көңіл бөліп әр адамды өз мамандығы бойынша айту қиын болып түр ғо. Енд қарап отырсаң машина, кеме, ұшақ, тепловоз жүргізушілерін шөпір демейді.
ноутта мышкасыз отыра береміз
дала құрғақ әзірге, исі де жоқ жаңбырдың…
ән айтуды үйіңде доғар деймін жан інім,
көршілердің түгелдей есін әбден тандырдың…
бір мақала мойныма, мініп алып мал қылдыыы…
көңілім бір сендермен, айналайын жан сіңліммм,
жаумасын деп тілейін тамшысы да жаңбырдыыың,
қанатында қалқыы ән-жырдың…
Тап таза, кәдімгідей өмір сүретін жақсы программисттерді білем. Бұл енді әркімнің психикасына байланысты шығар.
байқатпай келген ғой..
Таңғы 7-30да бастық жұмысқа келгенде (Жұмыс 8де басталатын) — түн ортасын не іздеп жүрсің?- деп қарап тұрған да күндерді де бастан өткердік. Сервак „құлаған„ күні үйің сол серверный болады ғо, таңертеңгі жұмысшылар келгенге дейін „көтеріп„ қойғандағы кайфты сипаттау қиын сөзбен.
Sosyn tagy bir mugalim (teoretik) bolatyn, sypaiy, tur-alpeti de ademi, sol mugalimnin gylymy algi jalanayaktan mykty ma dep kaldym, ekeuinin salasy ar-turli arine.
Ochm aitkym kelgeni — jogaryda makalada korsetilgen adam programmirovaniyany kanshalykty jaksy bilse, normalno omir surip programmirovamiyany sonshalykty nemese odan da jaksy biletin adamdar bar. Munyn barlygy adamga bailanysty-au dim
6. Дұрыс сурет таңдай білу!
Мақалаға рахмет, аларым болды.