Эйфель мұнарасы туралы қызықты деректер
Парижді көзіммен көріп, Эйфель мұнарасына шығу арманым боп жүр. Париждің символына айналған мұнараның суреттерін жинағышпын. Мына бір қызықты (мен үшін қызықты) деректерді көзім шалып…
1. Эйфель мұнарасы біркелкі көрінгенмен үш түрлі реңкке боялған: астыңғы жағы қанық түстен бастылып, ең жоғарғы бөлігі ашық түсті. Мұнараны тот басып кетпес үшін әр 7 жыл сайын сырлап тұрады екен. Әр бояғанына 50-60 тонна бояу кететін көрінеді.
2. Атауы мұнараны жасаушы — Гюстав Эйфелдің құрметіне қойылған. Мұнара биіктігі 81 қабатты үймен бірдей.
3. Мұнара бой көтерген соң әлемдегі ең биік құрылыс боп саналған. Ал қазір биіктігі бойынша әлемде 5-орында тұр.
4. Мұнараның екінші қабатында атақты бас аспазшы Ален Дюкасс ашқан тағамды талғап жейтіндерге арналған ресторан бар. Жазушы Ги де Мопассан Эйфель мұнарасын өте жек көрсе де, сол рестораннан тамақтануға күнде келеді екен. Жазушы оны: «Менің мұнда күнде келіп тамақтануымның себебі бар, осы жер — Париж бойынша Эйфель мұнарасы көрінбейтін жалғыз жер» деп түсіндіретін көрінеді.
5. Ең алғаш пальто-парашют ойлап тапқанда оны жасаушылардың бірі өз туындысын өзі сынап көрмекші болады да, осы мұнараның үшінші алаңқайынан секіреді. Сынақ сәтсіз аяқталып, адам мерт болады.
6. Мұнараны тұрғызуға кеткен біршама уақытта тек бір адам ғана құлап, қайтыс болған екен.
7. Ұлы Отан соғысында Парижді жаулап алу кезінде немістер биігіне шығып, әдемі пейзажды тамашалай алмасын деген ниетпен француздар мұнара лифтін алып тастаған екен. Алайда, Гитлер ең биігіне жаяу шығуға ерінбепті.
8. Бұл мұнараның шағын көшірмелері Лас-Вегас, Копенгаген, Болгария, Қазақстан және тағы да басқа елдерде бар.
9. Г.Эйфель мұнараға өз қолымен қырнап, 70 шақты атақты адамдардың атын жазыпты.
Эхх… «Парижді көріп, өліп кетсем арманым жоқ» деуші меді?
Суреттер сілтелініп тұрған жерден алынды.
А так, Парижді көр, бірақ өлмегенің дұрыс…
керісінше өлгің келмей қалады көргеннен кейін, қайта қайта келе бергің келеді
Сосын мынаған қара. Эйнштейн 1879 жылы дүниеге келген екен. Эйфель мұнарасы болса 1889 жылы салынып біткен екен. Сонда он жасар Эйнштейннен журналисттер сұхбат алып жатыр ма?)))))))
Ал Мопассан мұнараның ашылу кезінде 41 жаста болыпты.
Париж қаласына бару арманым меніңде, бірақ осы Эйфель мұнарасына мүлде қызықпаппын)
Париждің иммиджіне пәленбаймың профенссионал пиаршылар жұмыс жасайд, үлкен бизніс.
Туризмнің 65 пайызы сервис, 30 пайызы жарнамашылардың илюзия тудыру білу қабілеті, және қалған бес пайызы көңіл күй, оқыған кітаптар, жеке ұстанымдар, өмірлік тәжірибеңде санаға батып қалған образдар шешіп кетеді. Мәселен неге екенін білмеймін, мен Жаңа Зеландия мен Перуға барғым келеді
Перу жағынан бірдей екенбіз, бірақ Зеландияңа қосыла алмайм: ішпыстырарлық жазық жер сияқты.
Былай қызық негізі. Ол жақта жазық жерлер бар, бірақ басым бөлігі таулы ма деймін. Суреттерге қарасаң, әдемі пейзаждар бар. Маори халқының мәдениетінде Латын Америкасындағы үнділерге ұқсайтын жерлері бар сияқты.
Өте әдемі қала ғо, шынында город моды, көшедегі адамдардың әрқайсысы глянец журналдан шыққандай
костюм киіп алып жігіттері велик теуіп жұмысқа кетіпбаратад
әдемі көрінеді бәрі
Самолет құлаған жерде оның запчастьтары мен өлген адамның дүнияларын қалдырмай әпсәтте зым-зия сыпырып кетеді екен жергілікті халық.
Бір әңгімешіл (түрі пиздоболдау бірақ) жігіт тіпті далада қарақшылар джибінің алдынан шығып тонамақ болғанда винчестірмен бетінен бұрқ еткізіп атып, алды артына қарамай тайған көрінед. Жеткізбепті.
Піздөж ба дейм.
Фермасына ұрлыққа түскен екі негрді өлімші қылып сабап, аяқтарынан таспа тіліп, төмен қаратып салбыратып қойып, кешірім сұраттым"- дегенде, еріксіз әскерде өзбекті сабаған қазақтар есіңе түсед
Қазақстанның қай жерінде?
осырайын,тойыс, осы район ұнайды маған.Құдай-ай…
Пaрижде екi жол болдым. Тaғы бiр рет бaрғым келедi, бiрaқ эйфельдi көру үшiн емес, Версaльдi көру үшiн. Эйфельдiң жaн-жaғы құжынaғaн турист, жaрты күнiң кезекте өтедi, мұнaрaның iшiне кiргiсi келгендер өте көп. Олaр дa aрмaнсыз өлгiсi келсе керек.
Арман деген жақсы ғой…
Сенде бұдан басқа сәттер де бола ма не? Қалай көрмей қалғам
Ұят-ай
Мынау Густав аталарың
сол кісінің Эйфель мұнарасының ең жоғары қабатындағы кабинеті
жоғары қабаттан көрініс