Пойыздағы бір түн

"Қарағанды-Жезқазған" бағытындағы пойыздың ең соңғы бүйірінде "Қарағанды-Қаражал«деген жазуы бар екі вагонының біріне отырдық.Себебі, осы екі вагонды кейін басқа теплавозға тіркеп көздеген жерімізге жеткізеді. Плацкарт вагон. Орыннан шатасып кеткен жандар, билет бойынша орналасып, я болмаса „мына жерде таныстарым бар екен, орын ауыстырып алайықшы“ деп жүрген жандар. Ораза бітуге екі күн қалған кез. Маған қарама қарсы бір келіншек отыр. Ауызашатын мезгілде қолын жайып бата қылды. Өзімізді мұсылман санап жүргендіктен біз де қарап қалмай қол жайдық. Ана келіншек батаны ұзақ қайырды екен.Менің ішім пыса бастады. Келіншек еріні жыбырлап тоқтар емес, бір кезде дұғасын ұмытып қалды ма еріндері жыбырламай қалды. Есіне түскен болуы керек, тағы бірер минөт бірдеңелерін оқып, ақыры бетін сипады-ау.Бала кезімнен ауызашар уақытта дұға жасаған кісілерді көріп жүрмін, дәл мынандай ұзақ ниеттенген жанды бірінші көруім. Алла қабыл қылсын!
Содан не керек, қызық соңыра басталды. Басында әркім өз орынында, емін еркін жатқан болатын. „Жарық“ деп аталатын тоғыз жолдың торабындағы станцияға келдік. Осы кезде біздің вагон жалпы вагонға айнала бастады. Жұрттың ұйқыға кететін уақыты. Түскен адамдардың орнына ғана адам кірсе жақсы ғой. Бірақ оны қадағалап жатқан жолсеріктер жоқ,өздеріне ақша жасап қалып жатыр, олардың орнында өзім болсам мен де сүйтетін болармын деп, сабырлылықпен жата бердім.Пойызға кірген үлкен кісілер үлкендіктеріне басып, астыңғы полкада жатқан жастарды үстіне қарай ығыстыра бастады. Қызығы сол, оларда үстіңгі полкаға да билет жоқ.Әйтеуір былай мініп жатқан адамдар. Ұйықтаған болып көзімді жұмып жатырмын.Негізі, шынымен ұйықтап жатқанмын басында. Әйтеуір маған тықыр таянып қалғанымен, ешкім мазалай қоймады.Бір ойым біреу оятса „қарт кісі болса орынымды берейін, қырықтың ішіндегі кісілер болса “Кешіріңіз, өзім операциядан шығып келе жатыр едім, басқа жерден орын іздеп жүруге жағдайым жоқ» деген сылтауды айтсам ба?" деп ойлап қоямын. Оңбағандық қой негізі, бірақ "ұйқы дұшпан".Осы ойлармен жатып ұйықтап кетіппін. Біреу түртіп оятады. Басымды көтерсем бір 30-35терге кеп қалған келіншек(дауысынан солай ойладым) «кешіріңіз, бос орын жоқ, сіздің аяқ жағыңызға отыра берсем бола ма?» дейді. «Ойбай-ау жаныма жата кетсең де болады»(олай ойлаған да жоқпын, шын айтамын)«Рұқсат, рұқсат» деп екінші жаныма аунап түстім. шамалыдан соңәлгі тәтем өнер шығара бастады. «Түһ, қозғала бермеңізші, аяғыңызды тартыңызшы(менің жаман әдетім бар,ұйықтап жатсам да, ояу отырсам да оң аяғымды „шарт“ еткізіп сілкіп алатын кездерім болады),өзіміз әрең отырсақ» деп күңкілдей бастады. Әйтеуір бір станциядан түсті ау. Таңғы сағат жеті болған кезде жеттім — ау Қаражалға. Уффф…

Суретке сілтеме
Бөлісу:

91 пікір

VKM
Бірде сіңлім екеумізді плацкартпен Алматыға жіберген.Купе қорқынышты деп. Мамма… неше түрлі иістер,үлкен-үлкен сумкалар, адамдар… кіре береді, кіре береді.Қайтарға билеттерді өткізіп, самолетпен келгенбіз)))))
Gastarbaiter
Купе қорқынышты деп плацта адамдар бәрін көріп отыратын болған соң айтқан шығар.
Бірақ купенің комфорты бөлек, және шарамыгалар купеден көрі плацкартта көптеу болады. Иістер жақсы есіңде қапты.
Шынымен де жайлы жер емес.
Бірақ таршылық заманда талай үшінші полкаға келісіп мінгенбіз бала кезде.
Ал әкем тіпті пойыздың шатырына, жүк таситын жағына жабысып мініп жүре беретінін айтқанда, тіпті осыныма тәубе дейтінмін.
Abilakim
ия, купе ыңғайлы.Бөгде адам мазалай қоймайды. Бірақ, қалтаңды жобалап мінесің ғой қайда болса да қазіргі таңда.
FaraOn1
зайчик боп мініп, проводниктардын купесіндегі үшінші этажында жатқан кезім болды)))
Barsa
Ұшақ билеттерін қарабайыр халыққа қолжетімді ету керек!
Abilakim
Жезқазған мен Қарағандының ортасындағы ұшақ билетінің құны былтырлары 6 мың болды ау деймін.сол жобатын
Barsa
Норма ғо. Тек, ұшағы қандай екен? Эйрбастар ұшпайтын болар ондай жақын қашықтыққа?
Gastarbaiter
Плацкарттың коридорына, тамбурда одеало төсеп ұйқтаған кездер болған. Әсіресе бір тәулік жүретін жолдарда аяқ созып адамша ұйқтап жатқан адамдарды бақытты деп ойлайтынмын.
Abilakim
автобустың жүк салатын бөліміне мінгендер де бар деседі
Gastarbaiter
Қашан? Осы заманда? Қазақстанда?
Ал жалпы ия, деседі емес, әкем мінген жүк бөліміне… Сосын бұрын кинолардан қарасаң, солдаттарды да солай алып кетіп жатады ғо. Лібә үш күндік жер болса, (ВКМ барсың ба?) иістің көкесі сонда болған шығар.
Abilakim
Осы заманда(екі жылдай бұрын дәлірегі), Балқаш қаласынан Қарағандыға дейін. 400 км болып қалады арақашықтық.
Onlasyn
Иә, студент кезде класстастар Шымнан Алматыға барған, ниче болад дид
sigma
Маған келген өзбектер солай келеді ылғи да
jako_83
Сендерді рабочи поездға бір отырғызса, плацкартың қадірін түсінетін едіңдер)))
Gastarbaiter
Қадір деген нәрсе салыстырмалы ғой, кез келген нәрсе сияқты. ӘРине рабочий поезбен салыстырғанда, плацкартпен жылап көрісесің)))
Abilakim
«азап вагоны» жайлы айта кетсеңші…
jako_83
азап вагонынын жырлары таусыла ма, қызығының өзі қанша.
ken
Плацкарты құрысын. Иісін бүкіл вагонға мүңкітіп тамақ жейтіндер есіме түссе, жүрегім айнып кетеді.
Abilakim
Сені басқа бір еркектің түсінде көргені есіңе түскенде ше?
ken
азғын қиялыңа ерік беріп қойғаннан саумысың, боғерем?
Abilakim
күмәнді екен дә...))))
Aidakonya
анау он жак аякты корсету керек ко, жигиттер сабырлы келеди екен,«Түһ, қозғала бермеңізші, аяғыңызды тартыңызшы» адеми жауап кайтарушы еди
Abilakim
оң жақ аяқта кінарат бар деген негізі, содан тағы бір дарігер ол дәрігер қырта береді түк жоқ дейді.Екеуінің қарап отырғандары бір «снимок»
Aidakonya
маган корсетиниз мен ак айтып беремин
Abilakim
тіземді екі күн уқалап берсең өзі-ақ жазылып кетер
Aidakonya
тизени емес, даригерлерди, кайсына сену керек екендигин айтып беремин го
Abilakim
мен уже тізенің қиялына ерік беріп отырсам… былай-былай уқалағаныңды…
Gastarbaiter
Похотливый шалдардың әңгімесі боп кетті
Daniar-Alan
жастарға орын бер Әбеке
Gastarbaiter
Мұндайда, орынды әдетте "Әлі жассың, талайын көресің ғой" деп шалдар тілемсектенуші еді. Жастар сұрамай ақ тартып алады ғой әдетте
Daniar-Alan
ағаны сыйлағанымыз да…
Gastarbaiter
Сыйлаған түріңді сенің…
«Ну-с, идите-ка вы с Богом!.. Но нахуй»
Daniar-Alan
бля шұқылай бермесей нақ…
dark_nazgul
Бізде мама жүреді плацкартпен көп «купеде жүрегім қысылады» деп. бірақ, ондай әңгімелер айтпайды. Бір рет қана, Москваның поезына отырып алыпты, сонда көрдім дейтін көресіні…
Aigolek
А мен жук самолетымен ушып коргем. Папам ай сайын ба квартал сайын ба билмейм калага апарып отчет тапсыратын. Бир жолы мени де ала кетти. Барганда адам сиякты адамдардын самолетымен ак барганбыз. А кайткандакалыын коробкалардын арасындааа, суыык еще папанын бес -алты собутыльниктары бар. Мени биреусинин тоына орап койган. Оздерине рахааат
Abilakim
Жук самалет дегенде мен анау VW жуктар секілді ме, әлде «кукурузник» самалеттар секілді бір атау ма деп қалыппын)))
Aigolek
ол самолет негизи жук таситын самолет емес адам таситын самолеттын жук коятын отсекы ма екен деген ой да келеди.
zholantai
Жазба ойнақы екен, езу тартып, күліп алдым. Студенттердің легі басталды, қала аралық автобустардың жол билет құны да шарықтап кетіпті, кеше бір досым шырқырап жүр еді,
jako_83
бұл мәселенің бәрінің шешетіні жауабы поездардағы вагондар санын артыру. Билет жоқ еріксіз жолай разезд тұрғындары тоқтаған поездарға кіріп, аяқ жақтарға отыруға мәжбүр.
boztorgai
пойыздағы бір түн
шойын жолдың мұңын бір түнмен жылы-жауып қоя сапсыңдар
алматы-орал бағыты пойызына мініп көріңіз
оның жанында «ақжайық», «батыстар» сапасы жоғары көрінеді

ктж 300 метрлік шовсыз рельстер мен электровоздарға толық көшкенше қайдам-ау
saken
әсіресе Оралдың (Маңғышлақтың) пойызына мініп Алматыға жетуді айтсайшы (((
Отардан өткеннен кейін нағыз ешек пойызға айналатындай.
Іші
Zilola
Коктемде курбымнын узату тойына бардым осы Мангышлакпен. Кулсарыдан Шалкарга дейiн, ма*ма оте лас, откен гасырдан жуылмаган купенiн iшi. Антисанитария! Жолсерiк уятсыз! Пойыздан тускенше асыктым (
Daniar-Alan
Жолсерiк уятсыз!

толығырақ…
Zilola
Кулсарыдан тунде 3терде мiндiм, купемнiн есiгiн ашып калсам ботен еркек юхтаватр. Жолсерiкке анау кiм, орынды босатсын десем, алгi 2шi жолсерiк болып шыкты. Сойтсем оздерiнiн купесiн сатып жiберiптi.
Daniar-Alan
ааа… а мен азғын қиялыма еркіндік беріп жіберсем…
Adiletshu
Билет жоқ болып электравозда жерде ұйықтап барғам. Менен бөлек электравозда 2 машинист, 3 келіншек болды.
a63a1
байғұлдан түсіп қалған ғой, бұ каражалға баратын екі вагон татті кездерді еске түсіруде
a63a1
огез жаксыгой, менің 1-2 оқитын жылдарымды айтам, 2 летрлык баңкіге қара шайга қантты салып тәттілеп алып, 5-6 жұмыртқа ны суға пісіріп, помидор мен нан салып жалғыз өзімді атасудан мингизип каражалга жыберушед, сондағысы 2 сағаттық жол
Abilakim
екі сағатта тауысасың ба соның бәрін?
a63a1
Әрине, қызығы солғой пойыз емес
Abilakim
ішің қатты өткен-ау, толыспай қалғаныңа қарағанда
FaraOn1
дұға айту біреулер үнсіз айтады, типа ішінен білмейсің айтып жатыр ма жоқ па екенін)))
дінде профилар ғана арабша дұға қылғаны ұнайды. әсіресе мешітімізде Ибрахим деген кісінің азан шақырғаны күшті. Бірақ әркім өз тілінде дұға қылса несі бар деп ойлаймын… сүрелерден кейін қазақша тілек баталар бар ғой, «мінгені пырақ, жатқан жері жұмақ болсын, қабыр азабынан сақтасын, арты қайырлы, иманды болсын» деген сияқты. әкемнің бір жерден жаттап алғаны бар да, айтқан кезде бойың шіміркененді
Armanjan
тағы бірер минөт бірдеңелерін оқып, ақыры бетін сипады-ау.
Павлодар-Екібастұз арасындағы пойызда осындай бір апаймен бірге отырдық, бір қызығы ол кісі бетін сипағанда бір емес, екі емес тура бес рет қайталап сипады, оған ілесіп біз де бес рет сипағанымыз бартын
Adiletshu
Сальто жасаса сальто жасайтын ба едің
Armanjan
бұл жерде мәселе онда емес, бірге жүрген достарымыздың бәріміздің сол рәсімдерден хабарымыздың жоқтығы болып тұр ғой.
saken
Павлодар мен 2бастұздың арасына пойыз қанша уақыт жүреді? Және қай уақытта?
Керекинфо еді.
ken
Электропоезд Астанадан кешкі сағат 6:30да шығады. Әр екі сағат сайын бір станцияға тоқтайды. Олар — Ерейментау, Екібастұз және соңғысы Павлодар. Аялдама уақыты шамамен он бес-жиырма минуттан.
Павлодар мен Екібастұз арасы электропоездпен екі сағаттық жер.
saken
кезінде «Тоқылдаққа» мініп, Қазалыдан Түркістанға барғанымыз, одан вокзалдың еденіне дорбаларды төсеніш қылып жатқанымызды есіме алып көз жасымды бір сығып алдым.
satibaldi
Мен сенің көз жасыңды елестетіп көз жасымды сығып алдым.
Abilakim
сығып дегенің Жансарай ханымның бастығының әңгімесіндей емес пе?
saken
Тоқсаныншы жылдардың бас кезі. Техникумда оқып жүрген кезім.
Ақтөбеден ауылға қайтуға 86-шы пойызға мінгенбіз. Түннің ортасы.
Вагонда адам түгілі АйгӨлектің жүк самолетіндегі коробкаларға да орын жоқ.
Содан бір өзбектің аяқ жағына ләждап отырдық. Ұйқы қысып өлтіріп бара жатыр. Шәй ішетін столына басымызды қойып ұйықтайын десек өзбектер баж етеді.
Бір уақытта Шалқардың жігіттері мінбесі бар емес пе. Проводниктер өз орнын беріп кетті ғой содан пойыздағы жергілікті халыққа…
Abilakim
бұл жерде енді қорыққандықтан ғой.Өз орындарын да сатып жіберетін(5-6 станция арасындай жерлерге) құныққандары да бар
Zilola
Осы айдын 18i Алматыдан «Ак-жайыкка» отырдым, жалпы конiлiмнен шыкты. Бiрак жолсерiк апа уятсыз кояндарды алыватр-алыватр, тунде кажетханага деп шыксам купемнен коридорда адамдар коп, жасанды орындыкка жайгаскан, ужссс, озiнiн болмесiн де сатжiверген, вагоннын аргы басы мен бергi басына тактай тасып алек. Атырауга дейiн 2 таулiк жургенiмде купемiздi 1 рет тазаласа козiм шыксын. Купем де онып турган жок, проходной двор, 1 орын босай калса жолсерiк коянын жетектеп келедi. Облом, тап сол стансада билетi бар жолаушы мiнед айтеу :-)
Abilakim
сонда сенің көңіліңнен қалай шыққанына таңым бар?
Zilola
Мaнгышлaкпeн сaлыстыргaндa люкс, ушaкпeн сaлыстыргaндa рaбочий пойыз
Daniar-Alan
жолсерiк апа
уятсыз кояндарды
кажетханага
жасанды орындыкка

bazuka
уақақа қалай тере саласыздар қараңғы жағын))))))
Daniar-Alan
тунде кажетханага шыксам
жолсерiк апа уятсыз кояндарды
жасанды орындыкка
алыватр-алыватр
жалпы конiлiмнен шыкты

былай кен..
Adiletshu
Кішкентай кезімде папа мамам апкем екумізді жыл сайын жазда Алматыға апарып қыдыртатын. Бір жылы студент ағаларыма қыдыртыңдар деп қосып жіберді. Қайтарда билет жоқ, не билетке ақша жоқ, пойызға қоян болып 3 ағам, апкем бесеуміз міндік. Купе пойыздын коридорында ағаш скамейкада отырып келе жатқанбыз. Мен шыдай алмай жерге газет төсеп ұйықтап келгем.
asaubota
тақырыптан көп нәрсе күтіп едім…
Abilakim
сен қауымдастықтан шатасқан секілдісің…
asaubota
сен тақырыптан жаңылысқан сияқтысың. мақалада 2 келіншек туралы айтылған, пойыз және келіншек маған басқа ассоциациялар береді. сенің постыңда біреуі ұзақ бата оқиды, біреуі аяқ жағыңа отырады. қызық ештеңе жоқ.

айтпақшы ұйықтағанда мен де аяқ сілкимін
Gastarbaiter

Әбіләкімдікі біздің пойыздағы хикаяларымыздан кейін комбобрейкер боп тұр)
Abilakim
біздікі жәй, әңгімеден әңгіме тудыру ғой…
ken
сенің постыңда біреуі ұзақ бата оқиды, біреуі аяқ жағыңа отырады. қызық ештеңе жоқ
жеткенше екіншісінің көтенінен нетіп келді ғо, теуіп.
қызық қой
alisha
Алдыңғы күні сені түсімде көріп жүрмін. Ескі общяга ма бірдеңеге келе жатырмыз, келіншегіңмен таныстырайын деп жүр екенсің… Бірақ комнатаңды таба алмай жүрсің бе бірдеңе…
asaubota
демек 1 бөлмеме тағы бір бөлме қосып береді немесе мүлдем шығарып жібереді жатақханадан деген сөз
alisha
Қосып берсін… Негізі…

Түсімде ғашықпын ба бірдеңе саған… Таба алмай жүре тұрса екен деп «тілеулес» боп еріп келе жатырмын әйтеуір
asaubota
сөйстек қатын ауылда, хата бос екен деп қуайын ба?
bazuka
түсіңде көретіндер көбейіп кетті соңғы кезде)
alisha
Түзетсем жазғанымның бәрі кетіп қала береді…

Керектен бірінші рет көріп тұрған түсім осы… Астар іздемеңдер, мұндай түс ауа райының бұзылуына көрінеді өзіме…
bazuka
 Сізден басқада көретіндер бар түсті)
alisha
Түсіңде деп оқып отырмын мен
alisha
Тағы кімді көрдім..қой шатастырып отырған шығарсың…