Ты кто такой? Давай, до свидания!

Осы аптаның ортасында Атырау облысының әкімі ауысты. 45 жасар Бергейді 64 жасар Бақтықожа алмастырды. Өңірді алты жылдай басқарған Бергей әкімдікке қарапайым саудагерден көтерілсе, Бақтықожа бұған дейін энергетика министрі және БҚО әкімі (ол да бес жыл басқарған) болған. Өмірбаяндарына қарасаң Бақтықожа таптырмас маман дерсің. Алайда, Бергей Атырауда көпірлер салып жолды ашып, қаланы толықтай асфальттады, шалғай ауылдарға газ тартып, суын түзеді. Бюджеттегілерге арнап толықтай бір микрорайон салып берді. Қанша аурухана, мектеп, балабақша салды.

Ия, ол қызуқанды еді, жұмыс барысында күйіп-жанатын. Оны біреулер сыболыш дейтін. Бірақ, ол біздің сыболыш болатын.

Ал, мынау Бақтықожа кім? Ол әкім болған жылдары Оралды топан су басты, қала азып-тозды деп ел шулап жатыр. Мен үшін жат басшыға «Ты кто такой? Давай, до свидания!» дегім келеді.


Тұздыққа әзербайжан мейханашыларының Ты кто такой? Давай, до свиданиясы!
Бөлісу:

52 пікір

Barsa
оқыңдар, пікір жазыңдар және бағасын беріңдер, давай до свидания!
Janasil
Ты кто такой? Давай, до свидания!
satibaldi
Оны біреулер сыболыш дейтін. Бірақ, ол біздің сыболыш болатын.
Жақсы қайтафразалау
ken
Ф.Рузвельттің "Әрине, ол — иттің баласы. Бірақ ол — біздің иттің баласы" дегеніне ұқсатып жазғаны болса керек.
a63a1
блә Кен мен сени тусимде кордим.
Gastarbaiter
Мынаны байқамаппын
VKM
5-ші қауымдастық)))))
Gastarbaiter
Жүйрік қиялың эротүстерге зымп бергені қалай?
ken
Мен де сені үнемі көремін, a63a1. Видеодан.
MickThatsMyNick
Мен үшін жат басшыға «Ты кто такой? Давай, до свидания!» дегім келеді.
Бірақ ол айтып тұр, бұрынғы әкімге.)
Armanjan
Бергей Атырауда көпірлер салып жолды ашып, қаланы толықтай асфальттады, шалғай ауылдарға газ тартып, суын түзеді. Бюджеттегілерге арнап толықтай бір микрорайон салып берді. Қанша аурухана, мектеп, балабақша салды.
тап бір мойны ырғайдай, биті торғайдай боп осының бәрін өз қолымен салып бергендей айттың ғой. Біреуі кетед, біреуі келед, ештеңе өзгермейтін заман ғой кәзір.
Gastarbaiter
тап бір мойны ырғайдай, биті торғайдай боп осының бәрін өз қолымен салып бергендей айттың ғой. Біреуі кетед, біреуі келед, ештеңе өзгермейтін заман ғой кәзір.
Тупизм.
Жақсы бастық жақсы басқара білетінімен бастық болады… Әкімдер субботникте елмен бірге шығып қолына күрек алып, қара тер боп, мойны ырғайдай, биті торғайдай боп жүру кеңестік дәуірде жақсы иммидж белгісі болған.
Ал қазір әкімді жұмсаған күшімен емес, бітірген ісімен өлшейтін заман.
ЕГер ол күрекпен жер қазып, көпірді өз қолымен соғатын болса, онда ол амиго жұмысын шатастырып алған.
Кірпіш тасуды екі класс бітірген Ноқалай да жасайды. Ал ұйымдастырушылық қабілетке басқаша еп, басқаша ойлау деңгейі мен біліктілік керек.
Armanjan
Ал қазір әкімді жұмсаған күшімен емес, бітірген ісімен өлшейтін заман.
Сен барлық облысты Қызылорданың жағдайымен бағала боғырем. Ауыр өндірісі шоғырланған, Қазақстанның 80пайыздан астам энергиясын шығарып отқан Павлодар облысын тек жоғарыдан басқарады, анау кресло бос тұрмасын деп отырғызып қойған мысалы. Сондықтан біреу келіп, біреу кеткенде ештеңе өзгермейтіні содан. Сондай өңірлер бірнешеу екенін ұмытпа.
Barsa
Бергей Қызылордаға әкім болып баруы мүмкін деген қауесет бар. Барып жатса қалай жұмыс жасайтынын өз көзіңмен көресің.

Бар мәселе республикалық бюджеттен ақша алып білуде. Әкімдер өзі басқарып отырған өңірдің проблемаларын МинФин мен Парламентте қорғай алуы керек. Әрі қарай, дело техники, откаты, проценты дегендей…
satibaldi
Бергей Қызылордаға әкім болып баруы мүмкін деген қауесет бар. Барып жатса қалай жұмыс жасайтынын өз көзіңмен көресің.
"Қорқыңдар! Қорқыңдар! Сендер түгілі, өзім бұтыма жіберіп тұрмын, қорқыңдар!" — деп кейіді ол Сонда." © Евангелие от Амандык, стих 5:33.
Abilakim
Әкімдердің ауысуынан керемет бірдеңе күтуідің өзі күлкілі мен үшін. Бірақ, біраз нәрселер жасалып қалатын кездер де болады. Мені таңқалдыратын бір жәйт, бір облысты жөнді басқара алмай қалған әкімді орнынан алып тастап басқа біреуді қояды да,әлгіні басқа облысқа әкім қыла салады. Жәй ғана орындарын ауыстыра салады. Шахмат тастарының орынын аауыстыра салудан да оңай дүние тәрізді.
Barsa
Осы жерде әкімдерді сайлау арқылы тағайындаудің басы қылтиып қалады деш…
Gastarbaiter
Қызылорданың бірыңғай агроөнеркәсіптік облыстан, мұнай өндіруші облысқа айналғаны да кеше емес ғой.

Бар мәселе республикалық бюджеттен ақша алып білуде. Әрі қарай дело техники
Nuff said.

Ия, парламентті әлдебір жобалардың маңыздылығына, пайда әкелетініне сендіру керек, әлдебір мәселелердің көкейтестілігіне көзін жеткізуі керек.
alisha
Хабардар болсаң, Бергей билікте болған кезде дәл осы билік пен мұнай компаниялары арасынан "қара мысық" өткен-ді. Ізмұханбетов мұнай саласының жілігін шағып, майын ішкен адам, әкімдікке басқа емес, нақ осы кісінің тағайындалуы сол «бұзылған» қарым-қатынасты реттеу мақсатын көздесе керек-ті. Меніңше, жаңа әкімнің миссиясы осы болмақ.

Ал енді Бергейге келетін болсақ… шағылдың ортасында орналасқан шалғай ауылдарға көгілдір газдың баруы — осының өзі-ақ жетіп артылады айтар ауызға. Осындай ауқымды жобалардың қаржыландырылуы Бергеймен тұспа-тұс келді. Әйтпесе, соңғы көпірлердің жобасы сонау Тасмағанбетовтың дәуірінен бар деп естігем.

Бәрін айт та, бірін айт, жаңа әкімге «До свидания» айтатын сен емес… және кез емес. Көр, байқа, белгілі бір мерзімде атқарған немесе атқара алмаған жұмыстарын безбенде, сосын бұлға қолыңды. Сосын Атырау мен Батыс Қазақстанды салыстыру қисынсыз.
Abilakim
Безбенде дегеніңмен келісемін. Негізі тақырып сәтсіз секілді.
alisha
Сол ғой, келгеніне апта да болған жоқ әлі. «Мен үшін жат басшы» дегенін түсінбей отырмын, бәріміздің де онымен үш қайнасақ сорпамыз қосылмайды Ал енді беделін меңзеген болса, Ізмұханбетовті беделсіз, белгісіз дей алман.
Barsa
Бәрін айт та, бірін айт, жаңа әкімге «До свидания» айтатын сен емес…
Негізі, мен өзімнің азаматтық позициямды білдіргем. А так белгілі ғой, Президент бастап, маслихат қоштамаса басқа ешкім «Финиш контракт» дей алмайтыны.
alisha
Азаматтық позицияңды білдіру құқығынан ешкім айырмайды, әрине. Бірақ, кішкене күтсеңші, қандай да бір ұстанымның артынан ілесу үшін негіз болмаушы ма еді… Сенің сөздерің «негіздің» алдына түсіп кетіпті
Barsa
Неге жат? Туған жері Атырау болса да, карьерасын жырақта жасаған. Келтіріп жатқан орынбасарлары, басқарма бастықтары да біздің өлкенікі емес. Олар өңірдің мәселесін «оқып болғанша» Атырауымыз азып тозатын болды
alisha
Бізге бәрібір, дастархандары бөлек

Меніңше бұл команда шауып шықса 2-ақ жыл отырады
Barsa
Хабардар болсаң, Бергей билікте болған кезде дәл осы билік пен мұнай компаниялары арасынан "қара мысық" өткен-ді. Ізмұханбетов мұнай саласының жілігін шағып, майын ішкен адам, әкімдікке басқа емес, нақ осы кісінің тағайындалуы сол «бұзылған» қарым-қатынасты реттеу мақсатын көздесе керек-ті. Меніңше, жаңа әкімнің миссиясы осы болмақ.

Сонда айтқың келгені мұнай компаниялары жаңа әкім келгеннен кейін әлеуметтік жауапкершілігі артып кетеді ме?

Менің түсінігімде мұнай компаниялары (ТШО, Аджип, Қазмұнайгаз және т.б.) мүмкіндігінше көбірек байып, азырақ шығындалуды мақсат тұтады. Олары заңды да, себебі, олар бизнес құрылымдар.

Ал, биліктің қазіргі таңдағы миссиясы өздерінің күшімен шеше алмағанды бизнес құрылымдардың мойынына "ілу". Бұл былай қарағанда дұрыс емес. Бірақ, шикізат өндірушілер үшін емес. Олардың тауып отырған пайдаларының шексіз көптігі сондай табыстарының жартысын Үкіметке өткізсе де плюсте қалмақшы. Заңда әрине, осынша көлемде салық немесе басқа да ауырпалықтар жоқ.

Сондықтан да әкімдер не әлгі компанияларға алақан жайып барады, не салық органдары, экология департаменті, санитарлық дәрігерлері секілді рычагтарымен тізесін батыра барады. Бергей соңғысын жасады. Бір ғана сәтте ТШОға 37 миллиард теңге айыппұл салу арқылы қаншама әлеуметтік мәселені шеше алады. Әрине, ондай "қолайсыз" басшының кетуі үшін алпауыттар барлық амалдарға барады.

Бақтықожаның келуі, оның мұнай саласының маманы болуы қарым-қатынасты реттейді (біздің жағдайда мұнай компанияларының әлеуметтік жауапкершілігін арттырады) деу қисынсыз нәрсе. Жоғарыда келтірген уәжің, Алиша, «мынаны неге әкелдің» деп іштей сұрақ қойған облыс активіне Елбасының жауабы болатын.
Gastarbaiter
Сен жаққа қарай газенваген кетті деп естідім
Gastarbaiter
Сонда айтқың келгені
деп жатқан кезде, эфирге Бухарь жырау атып шығып:
Ау бейшара!
Геосаясат сенің не теңің:
Жылтырайды көтенің?!
Мәлімдемең өзіңе,
Көзқарасың көтіңе,
Осы айтайын дегенеееем! – деп, домбырасын лақтырып жіберген кезде, бүкіл халық жүргізушіге «уішівөл!», «басыңменжарск» деп, шіріген жұмыртқа лақтырса, сірә арман болар ма менде, нақтың, а?


Есіме түсіп кетті әншейін, ренжімеш
Barsa
 Бірақ, бұяхта әңгіме Палестина туралы емес қой
Gastarbaiter
Аха, мәлімдеменің иесі де Сыртқы Істер Министрлігі емес ғой. Ара-қатынас сондай ғо шамамен.
satibaldi
Бәрін айт та, бірін айт, жаңа әкімге «До свидания» айтатын сен емес… және кез емес. Көр, байқа, белгілі бір мерзімде атқарған немесе атқара алмаған жұмыстарын безбенде, сосын бұлға қолыңды.
Ииии, сен де әйтеуір, биліктен бірдеңе бұйырып қалар деп сойыл соғып
alisha
  Шақырса жақсы, шақырмаса несі жақсы?! Билікке шақырса да бармас ем.Отырған жерім онсыз да жып-жылы
satibaldi
Жә енді, жақсы қатын қырық күндігін ойлайд дейтін бе еді, сенікі де сол ғой, ең болмаса коммуналдық шаруашылықтың құлағын ұстап қалып, подъезді тегін әктеп алу қайткенде де…
alisha
Ойбуу, коммуналдық шаруашылықтың тетігін ұстасам, подъезді қайтем, хан сарайындай қып үй салып алам ғой
satibaldi
В свою очередь не осталось незамеченным и контрнаступление акима Атырауской области в информационном поле, призванное представить Рыскалиева как крепкого хозяйственника, мужика и принципиального политического деятеля. Правда, ничего путного в «паблик рилейшнз» у Бергея Саулебаевича не вышло
bazuka
Ал, мынау Бақтықожа кім? Ол әкім болған жылдары Оралды топан су басты, қала азып-тозды деп ел шулап жатыр.
2011дің көктемінде болды табиғат апаты, бірақ оған дейінгі уақытта не істегені туралы ел шуламай ма)
Onlasyn
Че та жаман хабар естідім
Barsa
Өтірік болар деп отырмын. Хотя Гүлжаннан тек нақты информация шығатын еді
alisha
Рас сияқты, орынбасарының бірінің үй қамауында екенін кеше естігем
Gulistan
mirasasem
Абақтыдан келген арыздардың әсері бәрі
alisha
Абақтыдағы адамға нечего терять! Білдей бір азаматты елдің алдында масқара етіп, абыройдан жұрдай қып, абақтыға тықты. Біреуге ор қазба, өзің түсесің, керек болса өзі қазып алсын деген осы!
Barsa
Өтірік екен. Шынымен қамауда болса ресми түрде хабарлануы керек еді.
Sabions
жасы 64ке келді… әлі жүр ма пенсияға шықпай
Marationok
жасы 64ке келді… әлі жүр ма пенсияға шықпай
Тыныщ тыныш… папалар естіп қоймасын.