Мен деп ойла...

… Алыстап кеттік расында
Суынып кетті-ау сезімдер
Сен мені қарсы аласың ба
Аулыңа барған кезімде…
Иә, бұлардың арасы алшақтап бара жатқандай. Сезімдер соншама суынып үлгермесе де кей кезде бойларынан бір салқындық байқалатындай. Екеуі бір-бірін сүйіп –ақ қосылған. Неге екені екеуіне де белгісіз болар бірақ соңғы ұрыстары біраз нәрсенің бетін ашқандай. Бір сынған айнаны қайта құрағанмен оның бетінен жарық іздерін алып тастай алмайсың. Екеуінің екі жақта бір-бірінен жасырып жүрген адамдары да жоқ. Бірақ, араларында бір салқындықтың бары шын сезілгендей. Ортада кішкентай бала да бар.әзірге бұларды ешқайда жібермей тұрған сол ғана секілді. Бұның осынау өмірдің әділетсіздіктерін көріп қатты қажыған кезде, немесе ағайын-туыстың арасында жүретін сыпсың сөздерден шаршаған кезде келіншегінен қандайда бір қолдау күтетіні анық. Әйелдің аты әйел. Кейде сол әйелдігіне басып, онсызда жаны жүдеп жүрген байғұстың миын миқұрша жейтіні бар. Негізі ақылсыз емес еді. Оған да не көрінгені белгісіз. Екеуі де періште емес қой.
Осы ойлардың жетегінде келе жатқан бұны аяқтары шартты түрде саябақ түбіндегі қараңғы жолға салып та үлгеріпті. Иә, бұлайда баруға болады үй жаққа. Күндіз болмаса кештетіп бұл жолмен өтуге екінің бірінің жүрегі дауламайды. «Қадыр түні ғой» деп ойлаған бұл жүрісін ширата түсті. Алдымен екі қызыл шоқ көрінді көзіне. Бұл оларға қарсы адымдаған сайын екі адамның сұлбасы анық көріне бастады.
-Бауырым, сағатың неше болды?
Бұл қалтасынан ұялы телефонын алып, оларға уақытты айтты. Соны айтып жылжи бергені сол еді, оң иығынан біреуінің қолымен сәл баса тоқтатқанымен қатар ішіне суық бірдеңенің жылп ете қалғанын сезіп үлгерді. Ауырсынып та үлгермеді. Әлгі суықты тағы екі рет сезіп үлгерді. Жерге тізерлей отырып қалған бұның қолынан ұялы телефонын жұлып алған әлгілер жүгіре басып ұзап барады. Бұл оларды көзінің қиығымен асықпай шығарып салды. Бірақ, бұның барлығын ол қисая құлап бара жатып көріп үлгерген еді.
… Мен деп ойла, самал боп есіп өткен,
Мен деп ойла, нөсерді есі кеткен.
Мен деп ойла,өзіңді әр күн сайын,
Мен деп ойла, өзіңді мен деп ойла…
Иә, оның ойына ешқандай дұға да аят та түспеді. Оның санасында тек осынау ән ғана ойнап жатты…
Бөлісу:

38 пікір

VKM
жақсы аяқталса дұрыс болар еді)
ken
«жалғасы бар» деген жазу жоқ қой
Abilakim
Жалғасын өз қалауыңша жалғастыра берерсің
VKM
маған салса, бәрі бақытты болып,үйленіп, көп балдары болар еді)))Әйелдерге арналған романдар жазамын ғой деймін
Abilakim
Әйелдерге арналған романдарды еркектердің жазғаны жақсы
a63a1
Рекетир? Саян?
Abilakim
Виктор Цой. «Ине» десем ше)))
a63a1
ине де темекі сұрайдығой
Zhan
Шындыққа қаншалықты сәйкес? Көңіл-күйді құрттың…
Abilakim
сәйкестігі көп
Abilakim
кеше біреумен ұрсысып қалып па едің?
Zhan
Ол иттің баласы… әй қойшы аман болсын…
dark_nazgul
Он күн бұрын менің де бір досымды үш адам жабылып тепкілеп, смартфонын алып кетіпті. «Пышақтап кетпегеніне тәуба» дедік.
pessemist
Негізі былай болған еді))
«Айжан, шаршадым мен сенен. Бәрінен шаршадым. Не жетпейді осы саған? Түсінбеймін. Сен де мені түсінбейсің. Соншалықты арамызға не кірді? Сүйіп қосылған қос ғашық, бүгіндері жау көргендей шүйліге қараймыз. Есіңде ме, «махаббатымыз мәңгілік, біз секілді ешкім жоқ. Біз ең бақытты жандармыз» деуші едік. Бір-бірімізді бақытты қылуға уәделесіп едік. Шіркін… Қайда сол күндер?? Отау құрғалы қатты өзгердің. Түсінем, тапқан табысыма асып-тасып өмір сүре қоймаспыз. Әйтеуір, күнделікті жүріс-тұрысымызға жетеді ғой. Пәтер де аламыз әлі, сен қалаған шет елдерге де шығып қайтармыз. Сәл шыдасаңшы. «Баспанамыз жоқ, қалай сәби өсіреміз» дейсің, жаным-ау, білесің бе, сол сәбиді қанша жыл күткенімді. Ұлымды көргім келеді, әке болғым келеді. Қоя берш сол баспананы! Мазарға айналған үйімізге кіріп-шығудан жалықпадың ба? Ата-анамызды немерелерімен қуантсақ, соның өзі бақыт емес пе? Сенің әлеміңде барлық бақыт ақшаға тіреліп қалған. Санайсың да, отырасың. Таңмен оянғанда да бірінші ойлайтының сол жапырақ қағаздар. Көңіліңді көтеретін де, түсіретін де солар. Жолдастарым сенің түнерген қабағыңнан қаймығып, үйге аяқ баспайтын болған. Айлы түндер біз бақыттан ән салғанда ол туралы ойламаушы да едік қой. Жаным, тасташы бәрін, алаңдамашы. Мен сені сүйемін. Сен үшін бәрін жасаймын. Сенші маған. Әлі ақ бәрі орнына келеді. Сен ақшаға мойынсұнсаң, мен саған мойынсұнам. Ақшаға құл болғаннан артық ақынға азап бар ма? Өліп кетсем, мүмкін, қадірімді түсінерсің. Қабіріме жығылып, кешірім сұрап жатарсың, бірақ бәрі кеш еді. Жооқ, мен сені ондай жағдайға жеткізбеспін. Тағы сәл сабыр етейін, көкте құдай бар болса, бір сәтін салар. Бәрі жақсы болады, жаным.
Ия, мен бүгін ішіп алдым. Кешір, саған берген уәдемді бұздым. Өзгелер бақытсыздықтың емін осы арақтан тауып жатыр деседі. Көрейін дедім шыдамай. Қисалаңдап есіктен кіргенімде, бишара қалпымды көріп, бәлкім, жыларсың. Мен де жылармын. Шерімізді тарқатып біраз әңгімелесерміз, өткен кеткенді еске алып, ескі әндерді шырқармыз. Мен де саған деп тығып жүрген соңғы жырларымнан шарықтатармын. Жаным....»
Ақын жігіт көңілі көтеріле бастады. Бәрі де өзі ойлағанындай болатын секілді. Белгісіз бір күш жүрекке сенім ұялатты. Тіпті, үйіне асығып, парк ішімен төтелетіп салған-ды. «Мына түн, жұлдыздар қандай керемет. Мұны естіп, көріп қажет емес, сезіну керек». Жапырақтар шуылы тағы бір көтерілгенде, орала берген жаңа жыр шумақтарын бастап жіберді:
Алыстап кеттік расында
Суынып кетті ау сезімдер
Сен мені қарсы аласың ба?
Аулыңа барған кезімде…
Қараңғыда қалың ағаш арасымен жалғыз тартқан жолаушыны бұлар алыстан байқаған. «Мынауың не ессіз, не жүрек жұтқан біреу болды» — десті. — «Қолын сермеп, күбірлеп келе жатқанына қарағанда ақын болса керек. Хе-хе… Ессіз ақын».
Тереңге ойға шомған ақын жігіт өзіне таяп қалған қараларды кеш байқады. Есін жиып үлгерген жоқ, шекеден бірдеңе зың етіп, шымырлап өтті, екінші секунд өзінің бір тапалдың екі қолын мықтап ұстап тұрғанын байқады. Арақтың иісі де бетке мүңк етті. Өзгелері де қарап қалмай, енді бірі арттан кеп лақтыруға ыңғайланып жатты. Ес жия бере көргені көк аспан, жұлдыздар, талдың бұтақтары… Аяғы аспандап, желке тұсымен сылқ ете түсті.
— Жіберіңдер ей, не жаздым?
Ақынның жан айқайына еш жауап болады, есесіне тепкілер күшейе түсті. Әдейілеп бастан теуіп жатқан секілді, басын доп секілді сезінді. Соққылардың жиілігі соншалық, ауа жұтып үлгірер емес. Осы бір сәтті бұрындары басынан өткерген секілді. Сондай таныс оқиға. Бәлкім, өлім алдында осындай болар ма екен? Әркім өзінің қалай өлетінін білетін болғаны ма? Өлім есіне түскенде мүлдем шошып кетті.
— Болды! Болды…
Етпетінен ауып түсіп, ендігі амалы үнсіз хайуандардың дегеніне көну еді. Дене еш әл қалмаған. Хайуандардың бірі үстіне шығып алып, айызын қандыра бетін мыжғылап жатты. Әр соққыдан бас сүйегі солқылдап жаны шығады, айқайлағаннан басқа амал жоқ.
Өшір үніңді, -деп кіжінген дауыс шықты құбыжықтан. Көздер кездескенде кіндік тұсынан суық нәрсе кірш ете қалған. Бір-біріне бір сәт қарап қалысты. Ай жарығымен құбыжықтың бет әлпеті анық көрінді. Қазақ!!! Қазақтың қара баласы… Әр қазақтың баласын бауыр көруші еді. Көздері шарасынан шығардай жәбірлеушісіне қадала қарай берді. Суық нәрсе тағы да бірнеше рет қадалды. Алайда, онысы алғашқыдай әсер берген жоқ. Бойы жылынып, тәтті ұйқыға еніп бара жатты. Балалық шақтарының кейбір көріністері көз алдына елестейді, арасында осы өмірге оралып, «неге қазақ?» деген ой мазалап өтеді.
Біршама уақыттан соң, кірпіктері әлсіз қимылдады. Қайта жұмды. Жапырақтың тиіп қашып сыбдыры да естіледі. Қайда жатыр, неге жатыр ойланбады. Тек әлі де тірі екенін сезді. Қайта ашты, бірақ, бұлдырап ештеңені ажырата алар емес. Әлі де түн. Тас қараңғы. Айнала тынышталып қалыпты. Ақырын көз алды айқындала бастады. Бұтақтар аздап тербеліп тұр, жапырақтар дір-дір етеді. Барлығы сұмдық оқиғадан соң іштей тына қалған. Аспан толы жұлдыздар да көрінбейді. Барлығы бұдан теріс айналған. Бұлт жамылып, ұйқыға кетіпті. Жаңбыр жаумақ. Байқаса, тас төбесінде бір жұлдыз әлсіз жарық беріп тұр екен. Мұны қимайтын секілді, әлде бір нәрсені күтеді ме. Тағдырдың маған жазған тағы қандай сыйы бар екен? Айжанын есіне алды, ол да күтіп отырған болар кірпік ілмей. Ащы жас қара жерге ыршып түсті…
Мен деп ойла, самал боп есіп өткен,
Мен деп ойла нөсерді есі кеткен.
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын,
Мен деп ойла, өзіңді мен деп ойла…
dark_nazgul
сөзді көбейтіп жібердің ғой.
Abilakim
шұбалта беруге болады негізі.
aLkissa
басқа варианты барма, мынау ақын жігіттің емес қарапайым адамның тірлігі ғой, тфу тфу әрине, соңғы күндері ешкімнің олай аяқталмасын
Abilakim
Мен бұл жерде адам өмірін ғана суреттеп өттім. Ақын да, әнші де, кенші де адам ғой негізі. Бұл жерде мен еш мамандық иесіне тели отырып жазбадым. Бір сәттік көңіл-күйлерін суреттедім, қысқа ғана.
Armanjan
нақты түпнұсқасы қайсысы болды сонда? pessemist әлде Abilakim
Abilakim
түпнұсқа жоғарырақ орналасады-ау деймін...Әркімнің өз түпнұсқасы болғаны дұрыс)))
Gastarbaiter
Пессимист боп жүрген сен бе сонда??
Abilakim
жоға, егер Қарағандылық болса кездесіп, кофелетуге қарсы емеспін.(пибі ішпеуші едім)
Gastarbaiter
(пибі ішпеуші едім)
Сен туралы тап осы жәйтті бүкіл сайт болып бақайымызға дейін түйіп алған сияқтымыз, бірақ мұның да дұрыс, әр екі секунд сайын ішпейтініңді еске түсіріп тұрғанның айыбы жоқ
Abilakim
айтасың-ау сенде)))
aLkissa
қанша талпынсамда жыр шумақтары сіз сипаттаған жігіттікіндей құйылмайды, тіпті қарапайым ұйқаста жоқ(
менше бұл шығармаңыз нерациональный, бойында кеңес дәуірі тәрбиесінің қалдығы бар (ата-ана немесе үкімет бір жасап берет дегендей) екі жастың тірлігі, әрине қожайын «ақын». Дәлел керек десеңіз, отау құрар алдында болашақ тірліктерінің эскизі болу керек, соған және бір-біріне сену керек, сондықтан араларында тұрақты ренжіс те болмас еді, аз да болса есептеп, сеніп жиып отырғандары болса( қарапайым деген сөздің астарында тұрпайы сана-сезім, тірлікті айтқаным, ренжімеңіз.
түйсігі бар адам тек өзіне сену керек қандай жағдай болсада, қиялға берілетіндей жас бала емес қой, адам тәрбиелеп отырған азаматтар(
AKY
айнолойын-ау, елге белгілі әндердің сөздері ғой бұл
Abilakim
ия, сол әндер арқылы жігіттің ішкі сезімін білдіргенімді айтшы…
AKY
айтыватсам түсінбей жатыр ғо
aLkissa
<Ақын жігіт көңілі көтеріле бастады.> <Ақынның жан айқайына еш жауап болады, есесіне тепкілер күшейе түсті. >
… деп кете берет)
Abilakim
бұлар менің жазбамнан емес)))
<Ақын жігіт көңілі көтеріле бастады.> <Ақынның жан айқайына еш жауап болады, есесіне тепкілер күшейе түсті. >
… деп кете берет) 
aLkissa
мәселе кімдікі болғанда емес, мәселе дәл сол жігіттің «ақындығы» да емес, әрбір қазақ жасының әлі де қиялмен логикасыз өмір сүретіндігінде, соның айнасы ретінде жазылған дүниелерге өз пікірім. талқыға тастап отырсыздар, өз ойымды жаздым, танымайтын жастарды жасытып тастайын деген ойым жоқ. айтылған сынды ойға салып, пайдаларыңызға жарата жатсаңыздар, әрине, жөн көрсеңіздер.
шет елдердің киноларын жақсы көреміз (шығармаларын оқи қоймаспыз, оның ішінде өзім де), себебі оларды көре отырып, шындықты мойындап сабақ аламыз, санамызға тоқимыз. неге? себебі оларда санаға қонымды іс-әрекеттер негізінде оқиға өрбиді, керісінше түрік киноларын не тмд киноларын көргенде, кей кезде орнымыздан тұрып кетеміз, оқиғалары миға қонымсыз, санамызды, ойымызды сусындата алмайды. мәселе тап-таза әдемі оқиға жазу емес, жаман жағдайдың өзінің оң мен солын көрсетіп негіздей жазсаңыздар жетіп жатыр. Түу, мен теманың шекарасын созып жібердім ғой деймін, тоқтайын
Zhanka
Пессимимсті жер қылыпсыңдар ғой. Негізі песимист жақсы жазған. Әдебиетші ретінде айтарым осы. Әбіләкімің жазушы да, ақын да емес.
Zhanka
Пессимистті, то есть.
Zhanka
Мына сайт дұрыс жазған сөздерімді қате беріп тұр, бұл қалай?
ruben
Сайтта емес, мәселең, 101 перне 10 саусаққа аздық етсе, солай боп тұратыны бар