Суреттер сөйлейді - 3

“Хадис” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – сөз, әңгiме деген мағынаны білдірсе, шариғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтқан сөздерi, жасаған амалдарының жиынтығы деген ұғымды білдіреді. “Хадис” пен “сүннет” сөздерi шариғи мағына жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Толығырақ айтқанда, “хадис” және “сүннет” – Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шариғи үкiмдерi. Алайда, бұл екi сөздiң түпкiлiктi мағыналарының арасында айырмашылық жоқ емес.“Хадис” – сөйлеу және айту арқылы келген хабар болса, “Сүннет” сөзi Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) iстеген iсi, ұстанған дiни жолы деген ұғымды білдіреді. Бұл жазбада біздер білетін, бірақ терең мән бере бермейтін хадистерді оқуға ұсынамын…





















Бір қарағанда ешкім айтпаса да, ешкім үйретпесе де өз бетімізбен түсінуге болатын қарапайым қағидаларға ұқсайды. Өкініштісі, кейде болмайтынын біле тұра теріс жолға қалай бұрылып кеткенімізді аңғармай да қаламыз.
Алла тағала сөзі мен ісі сәйкес жандардың қатарына қосып, шынайы мұсылман болып өлуді нәсіп етсін!..
Бөлісу:

19 пікір

ademi_alem
Қадір түні ардақты мың айдан да,
Шаттық нұры шашылсын мұңайғанға,
Дәулет беріп немесе нәубет беріп,
Өзі жаратқан құлдарын сынайды Алла.

Татулығын тілейік ел мен елдің,
Көлеңкесін түсірмей көлденең мұң,
Мейірімін оят деп жүректердің,
Пейілдерін кеңейт деп пенделердің.

Ақиқаттан адаспай мың сан арман,
Жайнаң қағып жұлдыздай тұрса да алдан,
Кірпік ілмей шығар ед таң атқанша,
Қадір түннің қадірін білсе адамдар.

Серік Қалиев
Daniar-Alan
Алла тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны хақ. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, нәпіл және қаза намаздарын оқып, Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Қадір, 1);
Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді.
Сондай-ақ бұл түнді рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады.
Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес.
Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады.
Алла тағала бұл түнде жасалған бүкіл құлшылықтарды қабыл етсін. Әмин.

мына жерден алынды
kokbori
мен де қосуыма бола ма)
Иман
asaubota
Тәңрі сені дизайнер қылып жаратпағаны қандай жақсы!
Abilakim
Әйтпесе келесі Олимпиадаға киімді осы кісі тігіп қалар ма еді)))
Daniar-Alan
Егеменде Көкбөрілер отыр ма осы Ареке, әлде… қалай өзі былай… ақыры дизайнға бұрылды ғой тақырып ауаны…
zhomart1991
Abilakim
сен бала шамалыдан соң орыс күнтізбесіндегі«март» сөзін көрсетерсің)))
zhomart1991
Әбіләкім сөзі еш жерде кездеспейтігіне күйініп отқаныңды түсініп отырмын: )
Abilakim
«Атың шықпаса жер өрте» деген
ademi_alem
ааа… есіміңіз екен ғой… қай әрпінен қате кетті деп қайта — қайта қарап отырсам. )) Атыңызға затыңыз сай адам болуыңызға тілектеспін! )))
Daniar-Alan
жоқ мен Сізге таң қалам… қалай сонша әдемі болуы мүмкін адам??
Daniar-Alan
шынайы мұсылман болып өлуді нәсіп етсін!..
мүмкін… өмір сүруді?..