Жеңісті күндерде жолыққанша.
Қазақтың екі ұлы алтын үшін ақтық сынға шығады дегенде үйде жата алмай кештетіп Керуенге қарай тарттық. Керуендіктер өзіндік шоу ұйымдастырыпты. Ышқынып тұрған жүргізуші де сызылып жүрген сирақты қыздары да бар. Жиналған халық тура бір шаршы алаңның жиегінде отырғанда боксшыларға дем берді. Ары қарай суреттер мен видеолардан ала отырыңдар.
Сәпиев ЧЕМПИОН!!!
Марапаттау рәсімінен кейін Азамат:
-Шабыт келді, Шабыт келді!!! Қағаз керек Қағаз. деп тыпыршып кетті.
Содан жүгіріп жүріп қағаз бен қалам таптық та сыртқа шығып өзін жайлы сезінсін деп тастың үстіне әкеліп жайғастырдық. Төмендегі сурет «Тамыздың ОН ЕКІСІНІҢ» толастамай шығып жатқан сәті.
Он екінші тамыз
Пендеуи ой толғантқан халқымды көп,
Қаһармандар бәйге алмай алқынды деп,
Өзге жұрттың өкілі олжа салып,
Неге алмайды бір қазақ алтынды деп.
Қолтықтан Тәңір қолдап, демегесін,
Серік Ұл қуанта алды Ел Енесін!
Алты Алаштың абыройын аспандатты,
Арда туған Сапының немересі!
Сан додада сынбаған сағым менің,
Шүберекке түйілген жаным менің,
Күміс тақты Отанының омырауына,
Жеңілмеген жүлдегер Әділбегім!
Мыңмен жалғыз алыстың дара қалып,
Біз сендік!
Сені осалға баламадық!
Қола алдың, тасыды тағы мерей.
Анаңа алғыс, Ақжүрек Таңатаров!
Ақжолтай қуанышқа бөледі шын,
Талай жылғы төккен тер төлеуісің.
Алтын!
Күміс!
Қоланы сыйлай салған,
Рахмет саған, тамыздың он екісі!
Азамат Азаматұлы
Астана,
«Керуен» СОСО
Бейне нұсқасы.
Сәпиев ЧЕМПИОН!!!
Марапаттау рәсімінен кейін Азамат:
-Шабыт келді, Шабыт келді!!! Қағаз керек Қағаз. деп тыпыршып кетті.
Содан жүгіріп жүріп қағаз бен қалам таптық та сыртқа шығып өзін жайлы сезінсін деп тастың үстіне әкеліп жайғастырдық. Төмендегі сурет «Тамыздың ОН ЕКІСІНІҢ» толастамай шығып жатқан сәті.
Он екінші тамыз
Пендеуи ой толғантқан халқымды көп,
Қаһармандар бәйге алмай алқынды деп,
Өзге жұрттың өкілі олжа салып,
Неге алмайды бір қазақ алтынды деп.
Қолтықтан Тәңір қолдап, демегесін,
Серік Ұл қуанта алды Ел Енесін!
Алты Алаштың абыройын аспандатты,
Арда туған Сапының немересі!
Сан додада сынбаған сағым менің,
Шүберекке түйілген жаным менің,
Күміс тақты Отанының омырауына,
Жеңілмеген жүлдегер Әділбегім!
Мыңмен жалғыз алыстың дара қалып,
Біз сендік!
Сені осалға баламадық!
Қола алдың, тасыды тағы мерей.
Анаңа алғыс, Ақжүрек Таңатаров!
Ақжолтай қуанышқа бөледі шын,
Талай жылғы төккен тер төлеуісің.
Алтын!
Күміс!
Қоланы сыйлай салған,
Рахмет саған, тамыздың он екісі!
Азамат Азаматұлы
Астана,
«Керуен» СОСО
Бейне нұсқасы.
Керуенде расымен ерекше атмосфера болыпты. Шай-суды ысырып қойып, шын жанкүйер болғандарың көрініп тұр.
… шығар. Шығар емес, шын ар алдымда айтатын болсам, неге "қазақ алмады" деп тасым сыздамады.
Қалай түсінсең олай түсініңдер, мен тіпті мынаны қабылдай алмадым: ауыр атлетиканың жаттықтырушыларының бірі орысша Ильяны мақтап-мақтап келіп, дереу қазақшаға өтіп "қарагөз қазақтарымызды да дайындап жатырмыз, дайындаймыз, құдай қаласа қарагөз қазақтарымыз да шығатын болады" деген жерінде енді бар ғой түк адамгершілік жоқ.
Түк. Маған сондай ерсі көрінді теликтен. Басқаны білмеймін.
Ұлтжандылық пен адамгершіліктің бірін таңда десе мейілінше екіншісін таңдауға тырысар едім (әрине жақындарыма қауіп төнбесе).
"Қазақ неге алмады" деген паника мен ажиотажды, осынау ішке тығылып, басқа ұлттар алған сайын тыпырлап, жанталасып қылғынған комплексті түсінбей-ақ өтетін сияқтымын.
Мен үшін ол әрине ел болып қуануға себеп ғана, шай үстінде әңгіме қозғап, көңіл көтеріп, мақтаныш сезуге түрткі ғана.
Әйтпесе өйте берсек, келесіде алтын алған қазақтардың руын тіміскілеп кететін боламыз.
Лібә, еріндеріңді салпитпаңдар, оған да жетеміз мына түрімізбен.
Тап қазір көз алдымда мынадай диалог елестейд, нақ:
""Ә, ия, әлгі алтын алған екі ауыр атлет найман екен, ал анау жеңіл атлет жалайырдан екен, кіші жүзден біреуі ұтпағаны қалай?
«Найза ал да жауға қой дейтініміз қайда?», масқара болдық..."
Нато пошло өйтіп іштарлық білдіре берсек, неге менің отбасымнан шықпады чемпион дегенге, одан кейін Ильяның ағасы секілді, «Нам повезло» (атаңның ала басы повезло, Ильяның таза бейнеті ғой нақ, хаямның везениесі) деудің орнына "Қап, алтынды інім емес, мен алмағаным қиын болды" деуге баратын шығармыз.
Мен мысалы өзге ұлттардан сан рет естідім «Бірде — бір қазақ па жоқ па?» деген кекесін сұрақты.
Мендегі комплекс қызғанғаннан емес, соларға таба болармыз-ау дегеннен ойдан туындап жатты.
Шалшық суда мас боп жатып, «Зато Темур Бекмамбетов —қазақ!» деп көкірегін мақтаныш кернейтіндерден емеспін. Қазақ болса, ол қазақ болуды таңдап алған жоқ. Адам өз ұлтын, туылған жерін таңдамайды.
Тимурмен мен де мақтанбаймын, Атырауда туған, қазіргі менің орнымда Тимурдың мамасы отырған
Керісінше, мақтанайын десем себеп жетіп артылады, соған қарамастан деп жатқаным ғой енді
Емдеуге көнбейтін формасы екен сіздікі
Қысқасынан күйіндірсін, әй, қазақпысың деген
Болса жақсы, болмаса несі жақсы. Болып тұр ғой
Бірақ солай. Өзіммен ештеңе істей алмаймын.
Ұлт деген шартты нәрсе ғой. Кезінде "өзбек", "қырғыз" ауылдары да қазаққа ру болып қойнына кірген, әлде сен қазақтар Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс — деген бір Алаш атаның үш баласынан тарады деген мифке сенесің бе?
Бұрын елдің шекарасын адамның этникалық құрамы шешетін болған, ал қазір адамның азаматтығы деген ұғым бар.
Атқа мінген әрине жақсы, бірақ сен Порше Кайеніңе жылқы жекпейсің ғой.
Осындай болғым келеді, бола алмаймын, менің болмысыма келмейді.
Сөзге мән беремін қатты, сосын болмашыны уайымдаймын кеп. Осы мінезім түбі жарты ғұмырымды жалмайтын шығар Ломаченко стилінде маңдай терімді сүртіп қояйын
Симона айтпақшы, «бәрінің пікірі қызық, бірақ бәрінікі міндетті түрде маңызды емес».
Қазақта«Би айтқан сөзді құл да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» деген сөз бар негізі. Аузы дуалы өзге ұлттардан бұндай сөзді менің естігім келмейді. Естіген жоқпын, бірақ, "өзіміздің бір қазақ іліксе екен" деген тілегім болды. Себебі, мемлекетіміздің атауы біздің ұлтымыздың атынан құралып тұр емес пе?
Міне, менің философиямның төркіні қай жақта.
Ұлт деген қатып қалған математикалық бірлік емес. Ол үнемі толығып, толысып, бөлініп, қосылып отырады, тарихқа зер салсаң.
Мысалы, Қазақстандыққ кәрістер олар бітті енді тек Қазақстандық Кәрістер ғана. Сол күйі өледі. Олар ешқашан Оңтүстік Хангук, немесе Солтүстік Коре Сарам болмайды.
Мысалы, Қазақстанның орыстары нағыз орыстар, ал Ресейлік орыстар шала орыстар, сондықтан Ресейге жалтақтаудың қажеті шамалы деген сияқты, Неоқазақ тілі деген ұғымды енгізіп, неоқазақ ұлты деген идеологиямен, Қазақстанның қазіргі шекарасында тұратындардың бәрін сол ілімге бас идірсе.
Болды бер он-жиырма жыл ішінде шөпшектеріміз Иванның шөбересімен бірге неоқазақ болып шығады.
Бәрі шартты бұл әлемде. Бәрі басқармалы, ауыспалы, дағдармалы, өзгермелі.
Күлтегіннің ұлты кім еді әлгі???
Әрине, өзіме жақын, жақсы таныс топқа жақтасатыным анық. Бірақ ол міндетті түрде қазақ болмайды.
Ал Пахомның «Зиг» лақтырып тұрған суретін бәріміз көрген сияқтымыз.
Сенің пікіріңді тек: «Елден бөлектеу болу» деп қана бағалар ем
Ішімде де, сыртымда да ондай ойдың жарқышағы да кіріп шықпаса не істейін.
Мен сендерге бәрің де мен сияқты ойла деп жатқан жоқпын ғой, неге сонша мені иландыруға тырысып жатырсыңдар.
Менде «бір қазақ» деген ой болған жоқ, «бокстан алса Сәпиев алады» деген ой ғана болды.
Неге олай ойлайтыныма бір-екі себеп те айттым, түсіну қиын болса.
Лібә, мен осы күнге дейін көп адамдар әйтеуір көпшіліктен қалмау үшін «бір қазақ керек ед» деп жүргендей, ал шын мәнінде мен сияқты «кім болса да аман болсынш» деп ойлайтындай көрінетін. Өзімді сондай бір елден бөлек пікір иесі деп ойламайтынмын. Біраз адамдарға бұның соншалықты өмір-мен-өлім мәселесі екенін байқап келе жатқан секілдімін.
Сенбедiк түрлi айтылған аңызға нақ.
Аузына талайлардың құм құйылып,
Алтынды алды ақыры НАҒЫЗ ҚАЗАҚ!!! © осындай да өлең оқыдым
Көтіме айтып көрмек ойың бар ма еді не? Бекер. Ол жақта есту талшықтары жоқ)))
Тап сол жағдайға түскен кезде көреміз десем қалай болады?
Бұтағым қылдай болса, масаны тігер дегендей, қазы болсам қайтетінімді емес, Гаста болсам қайтетінімді айтайын.
Меніңше бұл жерде ұлтжандылығыңды мақтаныш көру қалыптасқан. Ал мен керісінше мақтанам. Проблем бар ма?
Әрі қарай, өлейін деп жатқан жерімде қаймана қазақ түгілі туыстарым бір хабарласпағанда салпы ерін Филлипин (әншейінде негір деп менсінбейсіңдер ғой) жағдайымды жасап, жанымды аман алып қалған кездер болды.
Менің ұлтқа өкпем жоқ типі «жоғалыңдар,қазззақтар кілең» деген. Әйтпесе, ондай әзілге де қарқ болып жүрсіңдер ғой.
Айтпағым, мейілінше жалпылап сөйлеуден аулақ болған дұрыс. Әлем әралуандығымен қызық.
Айта берсін, ауызы бар, жазады қолы бар… Санасы мен ойы да өзіне тиесілі, Алла нәсіп еткен. Іштей жақсы көрсеңдерші қазақты, ал жақсы көрмейтіндерге зорлап таңбаймыз ғой, ұлт сүюді. Әдемі пікір, гастарбайтердікі де, нағыз гастарбайтерлік пікір! Гастарбайтерге ұлт сүюді үйретейін деп едіңдер, оның ойлауы басқа дәрежеде ғой, қассақтар ау)
Өре түрегелгеніне қарағанда, таңданып қалса керек.
«Сәпиевіміздің қазаққа ешқандай қатысы жоқ деген генетикалық экспертиза нәтижелері жарияланса, сүриөзный болған түрлерің өзгеріп кете ме екен?
Ішің пісіпті, иә, бәрімізді біраз сөйлеттің))))
Ия, отырмыз ғой айқайлап
Қарапайым Аза айтпақшы, Джамшути пиғыл менікі. Отбасымның қамын қай жерде жасай алам, сол жер дұрыс, маған жақсылық ойлаған (жасамай-ақ қойсын тіпті) сол жақсы… Таныс адам бейтаныстан жақын. Дос адам таныстан жақын. Туған адам туыстан жақын. Болды. Қарапайым инстинктивті-интуитивті түсінік.
Сендермен бір жерге шыққан екем, Полюбасу сендерге жақ болам, бірге демалуға шыққан адамдарды пәлеге тастау менің қағидамда емес. Және қарсыластың басқа ұлттан болуы да міндет емес. Қазақ түгілі, Жәнібек пен Керейдің тікелей ұрпағы болса да бірдеңесін істеп қалам
Тіпті «Күлтегін» болса да жұдырығымды иіскетіп үлгірем.
Әйтпесе, менің физкультурниктерден қашқан кезім бар Инязда оқып жүріп. Короче, әшкисіз жаман киініп барғам групповойға, көз алыстағыны көрмейд, оның үстін реакция жағынан тормыздаумын. Бір кезде тым тырақай қоян қолтық басталды да кетті. Бір қарасам, балдарым жоқ. Әйтеуір бір топ бала общагаға қарай жүгіріп бара жатыр екен. Соларға өлдім талдым қуып жеткенде мен тормыз есімді жиямын дегенші біреуі маған тесіле қарап: "Өй нақ, мынау солардың біреуі ғой" деп мені ұстап алды. Сонда білдім, біздікілер әлі бір бес жүз метрдей алда, мына мен өлер бала молаға жүгіреді деп, қосылған топ физкультурниктер екен біздің балдарды қуып келе жатқан