Грек Үкіметі медаль салығынан қашып, Олимпиадада орын алмаған спортшыларына өкпелі
Грекияда кезекті жанжал. Бұл жолы спорт жанжалы. Грек Үкіметі Лондон Олимпиадасында медаль алмаған спортшыларына өкпелі. Лондоннан грек спортшылары тек 2 қола медальмен оралған еді. Олар дзюдодан Илиас Илиадис және ескекші қыздар жұбы. Бүгін Премьер-министр қабылдауында болған спортшыларға мақтау қағаздары берілді және Олимпиадада тапқан табыстарынан салық алынды.
Естеріңізге сала кетейік, әлемнің біраз елдері спортшыларына сыйақылар тағайындап, мұны күллі әлемге жар салып жариялаған кезде Грекия керісінше Олимпиадада жүлдегер атанған спортшылардан Халықаралық Олимпиада Комитеті және Федерациялардан алатын сыйақы табыстарынан 75 пайыз салық алатындарын жариялаған еді.
«Жас Эллин» газеті:
Үкімет өзі кінәлі Олимпиададан мұндай масқарамен оралуымызға. Жұрт спортшыларына сыйақы беріп жатқан кезде біз керісінше 75% көмекақы алудамыз олардан. Бір мемлекеттерден қарызға сұраса да мұндай жарыстар үшін ақша табулары керек еді!
«Тәуелсіз Эллада» газеті:
Премьеріміздің сарабдал саясатының арқасында Лондон Олимпиадасынан 2 қола медальмен оралдық. Керемет нәтиже, қазіргі елдегі уақытша экономикалық жағдаймен есептейтін болсақ. Әрине бұдан да жақсы болуы да мүмкін еді. Бұл үшін тырыстық та. Мысал үшін әлемдегі бәсекелестікке қабілеттігін көрсеткісі келіп жүрген кей елдерден қарыз сұрағанымыз рас. "Сыртқы қарызымыздан енді құтылып жатырмыз" деп ақша бермей қалған елдердің қанша медаль алғанын және спортшыларына қанша сыйақы беретінін де білеміз. Соншама қиыншылыққа қарамастан жүлдемен оралған спортышларға айтар алғысымыз шексіз. Бүгін мақтау қағазы алған оларға ертең көше және мектеп аттары берілмек.
«Эллада айнасы» газеті:
Грек спортшыларының көбінің Олимпиадада өз жеңістерін сатқандықтары белгілі болды. Күшті болып тұрса да әлсіз қарсыластарына әдейі жол беріп, олардың алатын сыйақыларынан пайыз алуға келіскендері мәлім болып отыр. Масқара!
Сәтсіз финишіне қуанып жатқан жеңіл атлет қыз
Чемпиондықтан басты үміткер биіктікті әдейі бағындыра алмады
Су добы құрамасы ең аз гол соққан команда
Баскетбол құрамасы тіпті аутсайдер Нигериядан да жеңілді
Артур Құлыкедеев
«Сыр ақшамы» газетінің Афиныдағы арнаулы тілшісі
«Залупус Попалвжопулис» — деген «Тәуліктің қайырлы уақыты» дегенді білдіреді.