306 пікір

satibaldi
zhomart
Ей сатыпалды рұқсатсыз көшіріп басқаның үшін соттың алдында тұрма
satibaldi
Әкеңнің пәтағы
zhomart
Интернетте отырып алып мылжыңдай бергенше, сол ағамыз сияқты болмайсыңба
zhomart
Оның қандай жақсылықтар жасағанын сен сияқтылар қайдан түсінсін
satibaldi
Бізге қайдам
zhomart
болмасаңда ұқсап бақ мылжыңбас
Zhan
Сатеке микрофон өзіңізде, енді былай аздап коммент беріп жіберсеңіз… Халқым сізді күтіп отыр.
VKM
жазған адамды білмеймін, оқуға ұялады екенсің)))))
Zhan
Мен мына пікірден кейін оқымай-ақ ұяла берсем бола ма ВКМ?
VKM
Қазір просто бәрі керемет деген мақала күдік туғызады)))
konvict
Сенің оқып шыққаныңа күмәнім бар. Сакең нәщәр деп жазғасын жазылған пікір мынау
VKM
Абай, саған не керек? Таңертеңнен бері маған тиісіп, Нұрағаны мақтағанына дин оқып шықтым. Оллаһи-беллаһи))))Сонша мақтауға болады ма?
zhomart
VKM сен ұялмай ақ қой. Бірінші сол ағамыздай ақ болып алшы. сосын ұяла бер
kokbori
Сезікті секірер
asaubota
Менiң ел үшiн жасап жүрген азды-көптi еңбегiмнiң барлығы дерлiк Елбасы тапсырмасынан туындаған әрекет екендiгi анық,- дейдi Елбасы туралы сұраған сауалымызға ел ағасы атанған Серiкжан аға ағынан жарыла

енем екеуіміз жыладық мына сөздерден кейін. әлі әсерінен айыға алар емеспіз.
Zhan
енем екеуіміз жыладық мына сөздерден кейін. әлі әсерінен айыға алар емеспіз.
AL-ASTER
Plustauga da minustauga da sebep bar
Abilakim
Мынаны Ақтамберді оқыса «Мұртымыз көкке шаншылып, мұрындап сөйлеп жатырмыз» деп жыр жазар ма еді?
Aldeken
Сатеке, қанша тиын істедің, деп па?
Abilakim
қаріпі 10 теңге болғанның өзінде… Бұл мақаланың қаріпінің 1500ден көп екені анда көрсетіліп тұр
Abilakim
Айдың бетінде жазу бар негізі…
zhomart
Осы сөздерің үшін Серікжан ағаның алдында сүмірейіп тұрмаңдар!
Abilakim
«Біз ППС-тердің алдында да сүміреймегенбіз» десең ә
zhomart
көреміз көреміз
satibaldi
Серікжан біздің өз ағамыз.
Abilakim
кешелі бері Серікжандар жандырып жатыр)))
zhomart
Кездесер күн де алыс емес деп ойлаймын
Abilakim
Ат орнын тай басқан екен
AL-ASTER
«АРДАҚ ТҰТАР АҒА ЕСIМIН АЙ БЕТIНЕ ЖАЗСАМ ДЕП…»
наебщік
zhomart
күлкіңді тия алмай қалып жүрмегін
AL-ASTER
Күле алмайтының бар, молча завидуй
zhomart
сен сияқты жеңіл күлкіге түкіргенім бар
AL-ASTER
Бос көтләрімге қарағанда, күлкі денсаулыққа пайдалы
Abilakim
темекінің түтінінің салмағын өлшегендер бар, мына күлкінің салмағы қаншаға тең екен?
AL-ASTER
Сенің күлкің ауыр ма?
Abilakim
«Оның күлкісінің өзі ауыр еді. Бейнебір адамның көкірегіне қорғасын құйып жатқандай әсер беретін»©
araika
Осы «ардақ тұту» туралы не дейсіңдер? Дұрыс қолданып жүрміз бе? Яғни «арда тұту»-мен синоним бе дегенім ғой… Бір жағынан Алла ма, Аллаһ па дегенге келіңкірейтінін…
zhomart
Үлгі тұту деген ғой
Abilakim
Айдың арғы бетіне жазып көрінбей қалып жүрмесін…
zhomart
Серікжан Сейітжанов ағамыздың ар-намысына тиетін сөздер, және мақала авторы Ердәулет Сұлтанның рұқсатынсыз көшіріп басып, келеке мазаққа айналдырғандарың үшін МІНДЕТТІ түрде жауап беретін боласыңдар! Сол кезде көреміз кімнің қалай күлгенін
Abilakim
сол кезде де күлемін, егер басыңдағы қалпағың мен қолыңдағы балғаң өзіңе жараспай тұрса)))
zhomart
Сөзіңде тұрасың ба
Abilakim
сен менің ар-намысқа тигенімді дәлелдеп ал бірінші
zhomart
Егер админ қорқақтыққа салынып пікірлеріңді өшіріп тастамаса дәлелдеп беруге шамам жетеді
Abilakim
«Жомарт, сені шешеміз жомарт деуші еді ғой»©«Тоғызыншы ұлдан сақтан» фильмінен
satibaldi
Зияткерлік меншік иелеріне — бұл бойынша Сіз маған хат жазуыңыз керек, алып таста деген, Сіз болғанда, автордың атынан сөйлеуге хақы бар адам.
келеке мазаққа айналдырғандарың үшін
— еш жерде келеке көріп тұрған жоқпын.
zhomart
несіне бұқпантайлап қалдың дем арасында? Тақыр жерде қайда қашам деп ойлайсың, жеңіл күлкіңнің соңы ауыр күлкіге айналып жүрмесін
Zhann
Осы жерден бастап Сатыбалды мәймөңкелей бастайды, басында ақырып бастағанымен. Ары қарай жазғандарын оқысаң… Адам деген өз позициясында тұру керек қой. Осы посттан кейін өзі де жоқ болды. Ар жағын ішің білсін.
asaubota
фиаско болғаны рас
meirzhan
Посттың соңында мақала авторы көрсетілген, бәрі дұрыс.
Ар-намысқа тиетін сөздерді қайдан көріп тұрсың? Мақалада ма? Онда претензияларыңды Ердәулет Сұлтанға айт. Себебі жоғарыдағы пост авторы мақаланы тек көшіріп қоя салған, еш қосусыз.
zhomart
сатыбалды тек жеңіл күлкіге айналдырып, оқырмандар арасында мазаққа айналдыру мақсатымен шығарған.
alisha
Сатыбалдыны жеңе алмайсың… Оның жоғары жақта мықты крышалары бар деп естігем, төбесінен су ақпайды. Көрдің ғой, ақыр аяғында айналдырып өзіңді кінәлі етіп шығарды.

Жөнінде отырған бүркіттің, ******* шұқып үркіттің
kokbori
Біздер Назарбаевтың да мақаласынан қате тапсақ жамырап отырамыз, Ердәулет Сұлтан кім еді?! Мазақтаймыз, несі бар, оның қасында Абайдың сөзінен мін тапқымыз келіп отырады. Жеңіл ма, ауыр ма күлкімізді келтіргені рас, бұл көпәріптің. Жалпы заңнан хабары жоқ адам секілдісің ғой. Бұл газет емес, блог. Ердәулет деген журн. осылай жазыпты деп айтып отырғанмен бірдей. Егер осыдан пайда тауып отырсақ бір жөн. Қайқай бала
Gastarbaiter
Түбі жеңілгелі тұрған адамға бізден де бір «көттепкі» артық болмайды дейсің ғо
zhomart1991
Ердәулет Сұлтан кім еді?!
Сонда адамды дәрежесіне қарай бағалайсыңдар ма? Заң алдында хан да қара да бір. Кез келген адам өз құқын қорғауға толық хақы бар. Ердулет Сұлтанды мазақтағаның үшін ол кісінің сенен моральдық шығын өндіруге толық құқы бар
Gastarbaiter
Ердулет
Шынымен де ол кім?
zhomart1991
Бірінші, сен кімсің?
konvict
Оған сөйлеме. Ол осындағы ең пензестердің бірі. Тиіскенді аямайды, айырады
VKM
туй, неге айттың?
Gastarbaiter
Өз міскінінен өзі қорқып кететіндіктен, үйінде айна ұстамайды деп қойш
zhomart1991
Тиіскенді аямайды, айырады
Менің де Оразалиев ағаларым ешкімді аяй қоймайды!
Gastarbaiter
заведи себе подругу, амиго!
alisha
Заң алдында хан да қара да бір.

satibaldi
Қайта бұл жерде алаштың ардақты азаматы Серікжанға сен күліп тұрған сияқтысың, найсап неме, әрі оқырмандарды әдейі итермелеп тұрсың. Айталық:
Оның қандай жақсылықтар жасағанын сен сияқтылар қайдан түсінсін
дегеніңе мен шынымен, өз өремнің жетпейтінін ескеріп:
Бізге қайдам
десем, сен:
болмасаңда ұқсап бақ мылжыңбас
деп, қоздыра түсесің! Оңбаған!
Abilakim
қарсы сотқа беруді ұсынамын!
satibaldi
Меніңше де барлық алғышарттар қалыптасып біткен сияқты. Оңбаған бозбала десейш, Серікжан ағаның көзіне түсу үшін істеп отыр ғой!
alisha


Одан бұрын жеткіз енді өзің ағаңа
zhomart
Міндетті түрде жеткізем қара да тұрыңдар
alisha
Былай ағаңа барған кезде байқап қара жәймен. Сенен бұрын Сатекең жеткізіп қойып, таяқтың ұшы өзіңе тиіп кетіп жүрмесін
zhomart
Қорықпа Серікжан аға мені өз баласындай көрмесе кем көрмейді
alisha
"Өзім асыраған күшік өзімнің балағыма жармасты" деген осы екен-ау деп, дүрсе қоя берсе қайтесің…

Сатыбалды уже қол жинап жатыр дейді ғой
zhomart
Мына мазаққа айналған мақала, мақала авторы қазір Ердәулет СҰлтанға жетіп үлгерді
alisha
Байқаймын, байланыстарың мықты сияқты.
satibaldi
Әрине, ағамыздың қарап-тәпсірлеуін асыға күтеміз.
satibaldi
Жоқ, сен осынша пікірді өз сайтыңа жинай алмағасын ызаланып отырсың. Ардақты ағаның ізгілігін жетесіне жеткізе талқылап жатқанымызды көре алмай, ішің күйіп отыр. Ағаның алдында әйтеуір көзге түсіп қалу.
Бірақ көпті көрген кісі ғой. Пиғылыңды бірден түсініп қалар деп ойлаймын.
zhomart
қайдан ғана аға деп қалдың? Серікжан ағаға жеткізу қиын дейсің бе маған осы пікірлеріңді?
alisha
Осы тектес сөздерді бала күнімізде көрші ұлдардан көп еститінбіз.

— Айта алмайды дейсің бе мамама?
— Айта алмайсың.
satibaldi
Қиын емес, айта бар, Сатыбалды деген ініңіз бар екен, сол мақтап жатыр де, посттың басындағы алғысөзімді оқыса өзі де түсінедіү
zhomart
көрерміз
satibaldi
Көрерміз емес, құрдасыңдай кісі болса, барып айтып, қазір нәтиже шығарып әкел. Көрейік, өзіңді айдап жібермесін, оңбаған бозбала! Көре алмай отырсың ғой түге!
zhomart
Ілмектерге көзің жетпесе де «тапсырыс, тиын» дегенің үшін жауап бересің
alisha
Дұрыс қой енді, бизнестің қазанында қайнап, шахтасында шыныққан адамның ілмегінде басқа қандай сөздер болуы керек.

Ойыңыз үнемі қараға қарай шабады екен, а?
zhomart
Сен Сатыбалдысың ба?
alisha
Жоға, қас жауым ол менің, қайта сіздің аузыңыз күймесін деп жаным шығып отыр. Айтып отырмын ғой, оның крышасы металлочерепицадан.
zhomart
Серікжан ағаның қандай екенін бір елестетіп өтші. Елбасы екеуінің бір бірімен жақсы қарым қатынаста екенінен хабардар боларсың?
alisha
Көзіме разборкалары елестеп кетті
satibaldi
Неге білмейміз? Білеміз!!!
satibaldi
Бұл сол, бұған ойын керек болып отыр, ағасын орға жыққысы келіп отырған сияқты.
Daniar-Alan
Сен Сатыбалдысың ба?
Жоға, қас жауым ол менің, қайта сіздің аузыңыз күймесін деп жаным шығып отыр. Айтып отырмын ғой, оның крышасы металлочерепицадан.

ішім ай ішім..
satibaldi
Сұрама! Өздері бұзылған!
Баяғыда бізді ақырзаманның баласы деуші еді, мынауың бізден өткен ғой тегі, қиялын қарасайш.
satibaldi
Ілмек деген не? Соны түсіне алмай-ақ өтетін болдым.
AL-ASTER
Дурные мысли — дурные поступки
Armanjan
Жомарттың осыншама күйіп-піскеніне таң қалып отырмын.
zhomart
Серікжан Сейітжанов менің өз ағам
satibaldi
Ол — бірінші елдің ағасы, сен ұмытпа!
Armanjan
Мұхтар Шаханов мақтап пікір білдіргеніне қарағанда, ағаңыз расымен мықты адам көрінеді.
zhomart
Әрине мақала толық берілмеген мұнда. www.uakit.kz тен толық нұсқасын оқуыңызды сұраймын. Еліне жасаған жақсылықтарын біле отырыңыз
Daniar-Alan
 шымнансың ба бырат? Талғатты танисың ғой шамасы…
zhomart
Талғаттан қазір сұрап көріңіз, кім екенімді айтып береді
Daniar-Alan
Талғат танымайм деді ғой… кімсің өзі?
zhomart1991
Республикалық тәуелсіз саяси-ақпараттық «УАҚЫТ» газетінің бас редакторы СҰЛТАН Ердәулет Тұрапбекұлының баласымын. Енді сұрай бер
kokbori
Ой, тәуелсіз журналистің баласысың ба? Мемлекеттің меншігінде болар деп қорқып едім, тәуелсіз журналисттен қазір биліктің бишігінде отырғандарға шыбын шаққандай болса да әсер болатын болар, бірақ мұндағы блогшыларға емес
dark_nazgul
өзің тәуелсіз журналистерді тәрбиелеу ісінен түңіліп жүргенің де сол себептен бе?
Armanjan
Ең басқы және ортаңғы пікірлеріне қарағанда, соңғыларында Сатекеңнің аздап қылшығы қисая бастаған ба қалай өзі, біраз боса да мейірімділіктің лебі есіп тұрғандай әсер қалдырып жатыр
satibaldi
Сен де сол жаққа ма? Әрмен кет, малатаңанә! Серікжан ағамдай тап сен бола алмайсың!
zhomart
Енді кеш қой, бұл пікірлер мақала авторына жетіп қойды
Armanjan
сонымен сот бола ма?
zhomart
Бірінші мақала авторынан кешірім сұрасын, Ердәулет СҰЛТАН кешірім берсе қайтарып аламын
satibaldi
Мақала авторы претензиясы барын өзі айтсын, сен кімсің нақ.
zhomart
мақала авторының баласымын
satibaldi
Ең болмаса Мексика шекарасына дейін жетіп үлгерем бе?
satibaldi
Баласы әкесі үшін жауп бермейд деген юриспруденциялық норматив сонау Болат ағайдың заманынан қалыптасқан.
zhomart
Сен ойлап қарашы бірінші, постты қандай мақсатта жариялағаның көрініп тұр ғой. Тапсырыс беріп жаздырды деп көзің жетпей айтқаның үшін өкінесің әлі
satibaldi
Сен ойлап қарашы бірінші, постты қандай мақсатта жариялағаның көрініп тұр ғой. Тапсырыс беріп жаздырды деп көзің жетпей айтқаның үшін өкінесің әлі
Мен ештеңе ойлап қарамайм. Өзіңнің миыңа жүк түсір. Дырдай Әуезовті бітіріпсің, Заң туралы білігің көше қулиганынан да кем екен. Айтпақшы. процедура бойынша мақала авторының хатын күтіп отырмын. Тездет.
zhomart
мұнда да көзі анық жетпей негізсіз жазылған. Бұның да жауабы болады
satibaldi
Қалайша? Менде былай тұр ғой:

Қолдан жасасаң жаса, бірақ анау сөздерің қандай жаман еді
zhomart1991
Екіжүзді Сатыбалды Енді халық сені жаңа қырынан танитын болды
Adiletshu
Есектің көтін жу да мал тап деп Абай айтқан емес па. Еш сөкеттігін көріп тұрған жоқпын
Marco
Лібә, отырып алып мақтамен бауыздайсың ә, сен де
zhomart1991
Ақша туралы әңгімені қайдан көріп тұрсың
patick
Бір кісі туралы осыншама көп жазуға да болады екен ғо ә?
VKM
мақала авторының баласымын
осы сөзден кейін қоюға болады ғой(Айтарымызды бәріміз айттық. Сатыпалды ағашка, пікір жазылмайтын қылыңызшы,өтінемін.
Rafaello
Қазақ журналистикасының шыңы! Жастар осылай ашып жазуды үйренсе біраз жерге барар еді.
Zilola
Негiзi Сейтжановтар аулетi жайлы коп естимiн. Ескi Шiлiк ауылындагы мектептi де коргенмiн. Соутс ойлдын кожайыны деп естiгенмiн. «Бай болсан, халкына пайдан тисiн» деген макалды 100 пайыз орындап отыр агамыз. Тек унамаганы, макалада жагымпаздык коп, Жомарт абида болмасын.
zhomart1991
Ол жағымпаздық емес, Серікжан Сейітжанов туралы естеліктер мен ой толғаулар
aza
Баламен бала болыпп, СААТ. Ай, онбассын)
Gastarbaiter
Сарайақындық қайда жоқ дейсің, болған, бола да береді.
Пиар -дейді бұны. Бірақ бүгінде өтпейтін пиар әдіс.
Қазір батыстың сарайақындары, иммиджмейкерлері мен жарнамашылары бұдан да өтімді, әрі ішпыстырмайтын «пиар» әдістерін ойлап тапты.
Ал бұндай мақалаларды тек аға буын өкілдері басқа ештеңе жоқ кезде оқиды, немесе қахарманмен шалатаныс адамдар ғана "Өй, мынау өзіміздің Пәлен ғо, не жазыпты соншама" деп оқиды.
satibaldi
Оңбаған найсап-флудерлер! alisha -дан бастап бан барлығыңа!!! Астпырбудда, барып оқып келіп, көзқарасын білдіру деген жоқ қой!!!
Gastarbaiter
www.uakit.kz сайтына осындай мақала шығыпты. Оқыған кім бар?
Лібәд, ерінбейсің
zhomart1991
базар жоқ, минустап пікір жаза алмайтындай қылып қойыпысыңдар. қайта тіркелуге тура келді
zhomart1991
Дегенмен постты өзгертіпті, оған да шүкір. Әйтсе де бұл постты толығымен өшіруін сұраймын
Gastarbaiter
Джумка, одан да оң қолыңа вилька, сол қолыңа кәстрөлдің қақпағын алып, «балдырғанды» ерттеп жауға шық! Аттан, Қазақ!
Makhabbat
Авторын жазбай, сілтеме қоймай, тақырыбына дейін көшіріп қойғандар неғып тірі жүр екен
e_zhalgas
не мыжып отырсыңдар?
konvict
Бір күрішке пибіңді ұстап сен жетіп келдің бе. Төрлет
VKM
айтпа, ежалғас қана жетіспей тұр еді))))))))))))))))
e_zhalgas
осы сөзіңе шымшыма жауап жазғым-ақ келіп тұр ше…
e_zhalgas
кет экранның алдынан, пибі емес, поп-корнмен отырмын, кедергі келтірме!
Armanjan
Сатекеңнің постты біраз өзгертіп күзеп жібергеніне әлі сене алмай, аң-таң боп отырмын
alisha
Несін жасырайын, мен де:*)

Киелі Рухтан жаралды деп Ұлыға балап жүрген Сатекеңнің жұмыр басты пенде екеніне көңіл көндігейін деді
Armanjan
Киелі Рухтан жаралды деп Ұлыға балап жүрген
VKM
Меніңіше, Сатыпалды дұрыс істеді.Басқа ракурстан қарады,қорыққаннан емес.
alisha
Басқа ракурстан қарауға да мотив керек қой енді

Ойнап жатырмыз да, не болды саған
VKM
 сосын ғой) Жомарт деген бала үшін де
satibaldi
Асссалаздравствуй, стебсүйер ромалдар, нан мен шоу деп, қолпаштай отырыңдар, келесі тақырып — Шахты ЖЭС АҚ туралы болмақ Орысша
VKM
шыныңызды айтыңызшы, а то мұнда…
satibaldi
Оллаһи-буддаһи, квас-інжіл шын сөзім!!!
zhomart1991
Құрметті Админ пост әлі өшпеді ме??? Қайда қарап отырсың, жұлдыз санап отырсың ба? Негізсіз айыптаулардың соңы жақсылыққа апармайды!!!
dark_nazgul
Түк түсінсем бұйырмасын. мақала не туралы, жазба не туралы, каменттер не туралы?
«Еріккен тақырып-4» пе деймін…
zhomart1991
Әпкетай постты Сатыбалды өзгертіп үлгерген. Кеше журналист Е. Сұлтанды негізсіз айыптап шығарған тұғын Сатыбалды.
dark_nazgul
еее. Сатыбалды ма? Ол жүгермек сөйтеді. Қолға түссін осыдан, жанын шығарайын.
AKY
әпкетай-ау, әпкетаааай
dark_nazgul
«апашка» болып жүрген адамды "әпкетаймен" қорқытам деп, сен де бір…
AKY
жоқ, пыросты сені «Тереза шешей» көріп шағым айтып отырғанына күлкім кеватыр
Abilakim
Жел сөзді қайтесің.одан да бізге тағы да бір рет қой-ешкілерді, сиырды баққаның жайлы айтып берші. «Алдар көседегідей» от души бір күлейік
dark_nazgul
мал бағу туралы айтылғанда табыс септігінің жалғауы жалғанбайды.
Abilakim
табыс табуды үйренгенімізбен табыс септігін дұрыс оқымағанбыз…
dark_nazgul
енді біліп жүретін боласың.
Abilakim
сөздерімді жазып не айтып отырғанда «бұл қай септік еді» деп ойланып отырмаймын. Құжат емес, маңызды қағаз емес, бұндай жерлерде жазған жазбаларымның қатесіне көп мән бермейді екенмін. Ал, сенің ескертпеңді қабыл алдым.Бірақ, есімде қала ма қалмай ма ол жағы белгісіздеу маған…
dark_nazgul
Жалпы қазақ тілінде таза ойлап, сөйлейтін адам жалғау жұрнақ туралы ойланып жатпайды, бірақ «по умолчанию» олардың қай жерде қолданылып, қолданылмайтынын біледі.
Би-шешендер жалғауларды орынды-орынсыз қолдана берсе, жұп-жұмыр сөз шығар ма еді?
alisha
Сіз де үлгеріпсіз ғой
dark_nazgul
Алдыңызды орап кетсем, кешірерсіз.
alisha
Обалың қазақ тілі пәнінің мұғаліміне… Негіз қаланған болса, ойланып отыруды қажет етпейді бұл.
AKY
сиыр тақырыбы өзін-өзі сарқып бітті)))
dark_nazgul
Айта алмай қалған бірдеңең бар ма?
Gastarbaiter
Біткен жоқ
Мынадай нәрсені ескерген де дұрыс, кабинеттегі ағайлар әлі қабылдаған жоқ, бірақ қазақтарда шала-жансар «нақтылық артикль» және «жалпылық артикіл» құбылысы бар. Ағылшындарда оны «a» және «the» артиклі арқылы береді. Мектепті жақсы оқығандар еске түсіріңдер.

Ұзын сөздің қысқасы:
"Қойды әкел!" дегенде адам нақты қойды (яғни сен де, айтушы да әңгіме қай қой туралы екенінен хабардар) білдіріп айтады.

"Қой әкел!" дегенде адам жалпы бір қойды білдіріп айтады, яғни кез келген бір қой.

Тап сол сияқты, «Сиырды сойдық» (Мысалы кешегі сатып алған сиырды)
және «сиыр сойдық» (қай сиыр екені маңызды емес, жалпы сиыр сойдық)

Табыс септігі сондай ақ санауға келмейтін сөздерде де осындай нақты-жалпыны анықтайтын қызметке ие.

Мысалы; «Су іштім» және «Ыдыстағы суды іштім»
"Қант төгіп алдым" және «Төгілген қантты жинап қой»
Abilakim
әшкиді тегін кимепсің құрдас
dark_nazgul
дұрыс қой. Осындай простыньдар жазып, әрдацым менің каменттерімді толықтырып отырғаныңа рахмет.
Бірақ қазақ «сиырды» бақпайды, «сиыр бағады». Бұл жерде грамматикалық категориялармен ойлаудың қажеті де жоқ.
Gastarbaiter
Дарақы Назғұл, сенен асып түсем деп жазғам жоқ, жай өзім байқап жүрген құбылыс еді, ағылшын тілімен салыстырып бір реферат жазғанмын, сол кезде мұғаліміме айтқанмын, бізде ереже күйінде сіңбесе де, осындай құбылыс бар ауызекі тілде деп.
Ал сенің Қазақ үйтпейді, бүйтпейді деуің тілді толық зерттелген, тасқа қашалған өлі құбылыс етіп көрсеткісі келеді.
Тілімізде жалпы кез келген тілде ашылмаған құбылыстар көп. Және тіл күннен күнге жаңа сөздермен толысып, өз өмірін сүре береді. Филологтар тек сол тілдің өзгеру қарқынына үлгеріп, зерттеуге ерінбесе болғаны
Простыняның да біреуге пайдасы боп қалар.

Пақан «Сиыр бағасың» десе, ол жалпы осы жазда не істейтініңді айтып тұр.
Ал «Ешқайда бармайсың, сиырды бағасың» десе, үйлеріңде бір ғана сиыр бар, және пақаның тап сол сиыр туралы айтып тұр.
dark_nazgul
Гаста, қазақ тілінің 20 ғасырдың басында жасалған емле ережесінен басқа, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан, гендік тұрғыда қалыптасқан ережесі бар.
Негізі, ең таза қазақ тілі ауыз әдебиетінде, батырлар жыры мен шешендердің сөздерінде. Соларды оқып-ақ, жалғау-жұрнақтар туралы біліп алуға болады.
Gastarbaiter
Таза тіл деген арийлік ұлт деген сияқты шартты мәселе. Филологтар дауласып, дауласып, бір бірін подъезде күтіп алып теуіп кететіндей жағдайға жеткен соң, «бір стандарт болсын да зайыбал!» деп ойбай салған.
Ал трафареттік тіл иелері Рұмдықтардың Латын тілі не болғанын тағы да есіңе салмай ақ қояйын. Lingua Latina non penis canina деуші еді «Асфендьяровтың» перваштары.
dark_nazgul
Гаста өзінің «жылқысына мініп алды». енді түспейді.
AKY
мен табыс септігі туралы ештеңе дегем жо қо и! маған кеп зірк-зірк еткен нес
Gastarbaiter
Қой, дікілдеп нем бар. Әріптерім «дік-дік» етіп тұрады ау дейм осы
konvict
Мынаған осы уақықа дейін мән бермей келіппін. Раха, бро
Adiletshu
Әпкетай, әпкетай
Сатыбалды қайтіп күледі?
Әпкетай, әпкетай
 Битіп-битіп күледі
zhomart1991
Жығылып жатып сүрінгенге күлгеннен сақтасын
zhomart1991
Ей админ пост қашан өшеді, тез өшіруіңді талап етемін! 1 сағаттың ішінде өшулі болсын
Abilakim
«совет әскерлері беріліңдер! Сендерге ыстық тамақ, ақ нан сары май беріледі»деген листовкалар таратылыпты соғыс кезінде
zhomart1991
Бұнымен не айтқың келді
Abilakim
тактикаңды өзгерту керек секілді.
zhomart1991
пост өшірілгенше өзгермейді
alisha
Рамазан айында кешірімді болу керек, бір жолға ашуыңды бер енді
zhomart1991
avatar
Рамазан айында кешірімді болу керек, бір жолға ашуыңды бер енді
Мейірімі шексіз Аллаһ Тағала біздің тау-тау күнәларымызды кешіргенде, мен кіммін кешірмей)
alisha
Е, бәсе… атыңды текке қоймаған екен Жомарт деп, пейілің жомарт, мінезге бай екенсің!
zhomart1991
мінезге бай екенсің!
Кеше біраз ашуға булығып…
dark_nazgul
Булыққан адам бұлайша айқай салмас болар.
zhomart1991
Булыққан адам бұлайша айқай салмас болар.
әкеңізді сілесін қатырып тапсырыспен жазады деп тұрса көрер едім әуселеңізді
dark_nazgul
Жоға, менің айтпағым, булыққан адамның әдетте үні шықпай қалушы еді…
zhomart1991
үні шықпай қалушы еді…
Әке атын қорғамай үндемей қалғанша, құрып-ақ кете салғаным жақсы
dark_nazgul
онда «булықтым» деме.
dark_nazgul
Балапан, тым жас екенсің. Ең құрығанда артыңа ұрпақ қалдырып кетсеңші.
zhomart1991
"Әркім өзіне жауап беріп үйренсін" © Сталиннің кезектен тыс ХІ съезінде айтқан сөзі.
alisha
Сол съезде Сіз де болып па едіңіз
dark_nazgul
Жанашыр әпке ретінде қамын ойлап, сақтандырсаң да жақпайсың. Әй, ақырзаманның балалары-ай…
alisha
Иә, бұлар ақырзаман апаларындай емес
dark_nazgul
Иә. Біз бала болғанда ақыр заманның исі де сезілмейтін.
Gastarbaiter
Апайлар, сүттерің тасып кетті
dark_nazgul
Бүгін сиырДЫ саумап едім, сүт те жоқ. Қай кемпірдің үйінен барып шай ішсем екен?
satibaldi
Шоқ, шоқ бәлем, шоқ бәлем!
alisha
Біздің сиыр биыл да қысыр қалды
satibaldi
Көз сүзуді үйретпеген де біреу
Abilakim
Саммита отпускаға кеткелі дейін десем, ол бұндай әдетін баяғыда тастаған секілді еді. Инет әлемінде кей сөздерді айтылуы бойынша жаза салу бұрынна бар еді ғой
AKY
Көбелегім гүлді сүйген…
AKY
ой, еріккен тақырыппен шатыстырып аппын)
Abilakim
бәсе, неменеге көбелегі көлбеңдеп, етек-жеңі желбеңдеп жатыр деп қоям…
Содан… көбелек келіп «көлп » етті…
alisha
Шатасқан жоқсың, дәл үстінен түстің…
satibaldi
«Абыралыға, тойыс Акапулькоға баратындарың бар ма?». Жолда «Көңілді үрпілер» барына соғып, текила ішеміз, кім бар баратын?
Aldeken
Не ғо, zhomart1991 , жалпы тіркелгеніңе 3 күн толмай жатып, отбасы мүшелеріңнің шығармашылығы сыналуының үстінен түскенің жалпы көңіл-қошың мен психикалық жай-күйіңе қатты әсер берген секілді. Не дейміз, енді, тағдырдың жазуы сол шығар. Әкеңнің намысы үшін жыртылып, атой салып, аттандатқаныңа жалпы тәнтімін, бірақ…
1) Админнен бұл мақаланың жойылуын талап етуің орынсыз. Неге дейсің бе? Себебі, админ мақала авторының келісімінсіз, немесе мақаланың басқа бір тараптың (бұл жерде түсінуімше сенің папаңның) ар-ожданына, беделіне нұқсан келтіргені дәлелденбейінше сайттан алып тастауға құқығы жоқ. Олай істесе, Авторлық және сабақтастық құқықтар туралы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекетке жол бергені үшін заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен қатар… қалай десем екен… әрине менің бұл сөзімнен кейін сен өмірден түңіліп те кетуің мүмкін… бірақ, шындығы сол, Сатыбалды осы сайттың тең дәрежелі админі… ия, ия, демек, ол өз-өзіне рұқсат бергенше бұл мақаланы өшіре алмайды. Уоот, осындай да құқықтық казустар болады өмірде…
2) Енді сенің арыз-талаптарыңа келейік… Сатыбалды сенің папаңның авторлық құқын бұзған жоқ. Яғни мақаланы көшіріп, осы сайтқа орналастырған кезде, мақаланың авторлығы сенің папаңа тиесілі екендігін көрсетті. Сонымен қатар, сайтта пост орналастырудың ерекшеліктеріне байланысты мақаланың толық көлемде берілмегенін атап өтті. Демек, авторлық құқық туралы заңнама талаптары толығымен сақталды. Сондай-ақ, пост ішінде сенің папаңның жеке басына (қайталаймын, жеке басына) бағытталған кемсіту, мазақтау, төмендету сөздер жазылған жоқ. Сенің шымбайыңа шегедей қадалып, шырылдатқан кіріспе сөздің өзі, кейін пост авторымен өзгертілді. Ілмектердегі сөздер үшін Сатыбалдыны жауапкершілікке тарта алмайсың, себебі, ілмектегі сөздердің мақала мазмұнына байланысты болуы міндетті емес, яғни автор ілмектерге ойына келген сөздерді жаза алады. Мысалы, біреу, Конституцияны көшіріп басып, ілмектерге сенің, папаңның және достарыңның атын қойып қойса, ол үшін сол біреуді Рәміздер туралы заңнаманы бұзды деп айыптай алмайсың… расымен солай… Такышто әрі қарай қоқан-лоққы көрсеткенсіп, аяғыңмен жер тарпып, көбігіңді шашыратып, пернетақтаны сабалайтын рет қалған жоқ. осымен доғарғаның дұрыс…
3) Есесіне, Сатыбалды мырза, кешеден бері сенің жалпыға ашық интернет-ресурста, жеке басына, ар-ожданына нұқсан келітіретін сөздер айтып, қоқан-лоққы көрсеткенің үшін заң алдында жауапкершілікке тартуына толық құқығы бар… және оны дәлелдеу аса қиынға түспейді. Себебі, сен Ердәулет Тұрапбекұлының заңды некеде туылған баласы болғаныңмен, 2012 жылдың 13-14 тамызындағы жағдай бойынша оның заңды өкілі емессің, сол себептен еш негізсіз, агрессивің үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуың әбден мүмкін. Көп болса айыппұл төлерсің, қорқынышты емес, бірақ, атағын айтсайшы… Сондықтан мен Админнен мақаланы өшіруді емес, оның астындағы өзіңнің пікірлеріңді өшіруді өтініп сұрар едім, сенің орныңда болсам…
Пы.сы. болашақта, аямайтын ағаларың, қинайтын қандастарың, әкіреңдейтін әке-көкелеріңді емес, нақты заңның баптарына сілтеме жасай отырып, өзіңнің келіспеушіліктеріңді алға тартуды рекомендеймін. Сау бол!
satibaldi
Жеке хатта заңгерлік сауатына күмән келтірсем де ымды түсінбеді ғой енді бұл…
kokbori
Ой, Сатек, өзіңе деген шексіз құрмет пен табынушылыққа сызат түсіріп алдың ба деп қорқып отырмын
Aldeken
қыртыма, ол ең болмаса, студенттерін жардан итерген жоқ, бәрін де өз атынан жасады…
kokbori
Мен пендемін, жарасады, ал киелі рухтан жаралған жанның бассауғалағаны көңілге қорқыныш ұялатады екен, екімыңонекіңдісс
zhomart1991
Aldeken мырза! Осы жолдарды түсіндіріп өткеніңізге алғыстан басқа айтарым жоқ. Дей тұрғанмен қарсы жақтың да пікірін тыңдауларыңызды өтінемін:
Негізі бұның бастауы Фейсбукта басталды, «Көргенсіздің көгіне өрмелеп шығып күн болам, күн болмасам нақ маған» деп менің шығарған сілтемемді көшіріп шығарған тұғын. Онда да біраз пікірлер білдірілген, әрине келеке мазақ тұрғысынан. Енді бірі " Сатеке Стандарт Цементтің бастығы шіріген миллионер сен де жазып жібер, ат-шапаныңды киіп қайтасың" деген пікірлер болды онда. Одан кейін бірнеше минуттан соң, мақала көшіріліп Керекинфо сайтында шығарылды. Ал фейсбуктағы сілтемені кейіндеу өшіріп тастапты. Бұл жерде бір ғана мақсатпен шығарылғандығы айдан анық еді. Кейін посттың өзгергенін көріп қуанып қалдым. Итің жаман десе кеийтін қазақ емеспіз бе. Кім әкесін жамандатқызып қойып қарап отырады. Менің орнымда қай қазақтың баласы болса да сөйтер еді. Қайта мен боқауыз сөздерді еш қолданбай жазамын. "әкеңнің пәтағы" «кет нақ» деген сөздер менің ар-намысыма тимейді емес. Бірақ мен оған еш ренжімеймін. Себебі өзім де әзілді жақсы түсінемін. Сатыбалды менің жақсы сыйлайтын ағаларымның бірі десем артық айтқандық емес. Әзілдерін бағалаймын. Сөзіңіздің жаны бар, осы жерден доғарғанымыз сіздерге де маған да тиімді екені анық. Ал кеше кімде-кімнің ренішіне, ашу-ызасына тиетін сөздер айтып қойсам мың қайтара кешірім сұраймын. «Ақыретте таразыны ауыр басатын амал — Алладан қорқу мен көркем мінез» дейді ғой. Барлықтарымызға көркем мінезді болуды нәсіп етсін. Ойламаңыздар айыппұл туралы айтқан соң қорқыпты деп. Жоқ мен өз құқымды қорғауға толық шамам жетеді. Бұл жерде бірінші орын сыйластық. Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын! Керекинфо сайтының енді тұрақты қолданушысы боламын.
dark_nazgul
Сценарий бойынша, осы жерде мен шыға келіп: "әп, бәрекелді. ер шекіспей бекіспес деген. Жомарт, кінәлісің. Ағаңа астыңдағы атыңды мінгіз, үстіне қамқалы тоныңды жап. Сатеке, кінәлісіз. Ініңізге тұлпарыңызды тартып, оқалы шапаныңызды жабыңыз. Бұдан былай ерегеспес татулықтың белгісі болсын, төс түйістіріп құшақтасыңдар. Ал Керекинфоның мүлгіп тұрған тыныштығын бұзғаны үшін екі батыр да қазір осы жерде тоғыз шарадан қымыз ішеді" деп, төрелік айтуым керек.
Rozatai
Итің жаман десе кеийтін қазақ емеспіз бе. Кім әкесін жамандатқызып қойып қарап отырады.
осы жеріне толықтай келісемін.
Сатыбалды да пенде, оны кешелі-бүгінді осы посттың ілмектері, фейсбуктегі сілтемесінің өзгертілуі арқылы байқатты.
Негізі, мұндай пафос, мақтаулар көөөп қой (әсіресе, жергілікті жерлердегі басылымдарда), оның қайсыбірін мұнда салып келекелей бермекпіз? Оқылмайды ондай дүниелер, соның өзі авторларына дауа болады
meirzhan
«Көргенсіздің көгіне өрмелеп шығып күн болам, күн болмасам нақ маған»
)))
Rozatai
жалпы, сөз ұғатын, талағында биті бар жігіт екенсің, сәттілік алдағы уақытта! Көп сөздерге мән бермегенің жақсы, тыныш ұйықтайсың.
alisha
иә, талағында да, балағында да биті бар екен балапанның
zhomart1991
балапан
баладан балапанға көшірдіңдер ме? Үйленейін деп отқан жігітті тым үлкейтіп көрсетіп жібермедің бе?
Rozatai
ол сені жақын тартып, еркелеткендегі сыңайы. Қайта дұрыс қабылда бұл сөзді. Мұнда «балапан», "құлыншақ" деген сөздер сирек айтылады
meirzhan
Балапан деген сөзді тек телеарнаға қатысты айтатын, жағылмасам
Rozatai
еркелетіп айтып отыр Алиша ханым
meirzhan
1-2 күн бұзық болу керек екен ғой, бұндай сөздерді есту үшін.
Rozatai
бұзық болғанда, ретімен бұзық болу керек деп ойлаймын. Екі рет сайтқа тіркеліп, екі күн бойы қаншама негативті, позитивті пікірлерге жауап беріп отыру оңай деймісің?
Оның үстіне бұл бала анау-мынау емес, Сатыбалдыға қарсы пікір айтты, оны сабасына түсірді десем, артық айтамын, бірақ, дау-жанжалды сауатты түрде «сіз-бізбен» аяқтады. Фокс kz сияқты емес, түп-түсінікті қылып жазды өзінің айтарын.
Aldeken
жағылмасам
жағылдың, негізі, тіфу, жаңылдың…
zhomart1991
  үміт оты маздады
meirzhan
Үміт оты маздады, маздай берсін,
Талағында биті бар балақанныыың
Rozatai
ұже балақан қып жібердің бе? ұжыс!
meirzhan
Келер ұрпаққа өсиет етсек те бола ма екен.
Бұл ретте заңға жетік, келіссөздер жүргізудің шебері консильериді де атап өту керек.
zhomart1991
alisha -ның «балапанын» сағыну сезімдері байқала бастады
alisha
ешбір жаман пиғылсыз айтқам-ды балапан деп, салмағы 104, бойы 174, жасы 25-тен асқан жарыма да балапан деп қоямын анда-санда
dark_nazgul
талағында биті бар
ай, Розатай, қатырасың сен де.
VKM
Мен ваще естімеген сөз екен.
Rozatai
не-то айттым ба? Маған солай көрінді. Жігіт жігіттігін көрсетті, қарсылығын танытты екі күн бойы, ырзамын
zhomart1991
Белсенді қолданушылардың қатарына қосылсам ба деп қоям
meirzhan
Игі мақсат қойыпсың! Бұған жететініңе сенімім зор!
asaubota
міне енді түсінікті болды, ашуың орынды.

Керектің тұрақты қолданушысы бол, жақсы жазбалармен бөлісіп тұр.
dark_nazgul
Юристердің бәрі осындай сауатты болса ғой.
satibaldi
Сауаттылары Ссотоноға қызмет етіп кететіні жаман…
dark_nazgul
Сауаттылар қанша кетіп жатса да, Ссотонаның жалпы сауаттылығы артқаны байқалмайды…
Құмға сіңген судай боп кетіп жатыр бірен-саран сауаттылар…
asaubota
өкінішке орай қазақтілді, сауатты заңгерлер аз. мен танитын біреуі Премьер министр кеңсесінде істейді.
Aldeken
Кім ол? көрсетші қане? дееееееееп па?
kokbori
Интернетте отырып алып мылжыңдай бергенше, сол ағамыз сияқты болмайсың ба
осы сөзді айтып отырғанда, жазған ағасы ма, әкесі ме деген ой кеп отыр?
VKM
Финал ұнады! Алдекенге үлкен респект! Жомартты да түсіндім. Назгүл  
satibaldi
Ненің финалы? Финал — ҚР СІМ Мексика Құрама Штаттарына мені экстрадициялау жөнінде сұрау салған кезде болад