Есеп білмеген есек...

Сандармен жыныстық қатынасқа түсетін пәндерден беретін ұстазымыздан сан естіген сөзім. Қазір есек болып жүрмін бе әлде маймылмын ба бір Құдайға белгілі шығар. Өзіме белгілісі есеп жағына шорқақтығым.
Сондықтан да сіздерден мына бір есептің жауабын айтып жіберулеріңізді өтінемін. есептің мәтіні былай:
Дәретхананың (ауылдағы ағаш дәретхана) биіктігі 2 (екі) метр, ені 80 (сексен) см. Сұрақ: Осы дәретхананы жасау кезінде қанша шеге пайдаланылды?
Бөлісу:

28 пікір

Abilakim
Есеп шеше отырайық…
mercedes
табанын бекіту үшін де шеге пайдаланамыз ба?
Abilakim
«101» деген клейді пайдаланамын деп пе едің. Биіктігің бар, енің бар, табанының ауданын есептеу қиын емес болар?
Marationok
Ұзындығы қанша 80см? Қалай отырасын онда?
Дәретхана айналысындағы тақырып
Abilakim
ені 80 см
Marationok
Ол тек бір беті ғана ғой.
Abilakim
төрт жақ ені де солай деп ал
Armanjan
Көтен қағазды іліп қоятын шегені де қосып есептейміз ба?
Abilakim
бұрыштап бір жұқа тақтайша қағып қояды ғой, есептейсің әрине
aikarakoz
Біршама шеге кеткелі тұр ғо… Едені де тақтайдан болар? Жарықтың сымдары бар… Есігін де ағаштан жасайды көп жер. Очм, бір кәтәлөк шеге кетеді
Armanjan
Жарықтың сымдары бар…
мынауыңыз ауыл үшін тым артық енді
aikarakoz
Біздің ауылда бар, соған қарап айтқаным ғой)
Abilakim
солай)))Просты ауылдардың дәретханаларында отырып байқағаным, керекті-керексіз жерге шегені аямай қаға береді екен көп ел. Баяғы молшылықта жасап алған дәретханалары ма кім білсін… Мен 11 оқып жүргенде ме ескі бір үйдің еденінің әлде төбесінің көк сырмен сырланған ағашынан дәретхана жасадық. ауыл бойынша сырланған дәретхана сол ғана болатын сол кезде))
Armanjan
сібетті айтсайшы ана, сібетті, Қаракөздердің әжетханасында сібет бар екен, қызығып отырмын.
Abilakim
біздікінде жоқ, есік алдының жарығымен кетесің)))
alisha
«Сотканын фонаригі туалетке барғанда жақсы болды, Әтөкке жалынбаймын» деп еді ауылдағы кішкене қайным, қаладан беріп жіберген телефонға ризашылығын айтып жеткізе алмай
Gastarbaiter
Ана суретің Мадленсіз біртүрлі көрініп тұрғандай
edige
Терминалшының ба алде карауылдың ба буткісі гой мынау…
alisha
Соны айтам, туалетке терезе қайдан, оның үстіне терезе жапқышы да бар… іші қатқандарға арналған әжетхана болмаса, ұзақ отырыстан зерікпей, терезе қарап отыру үшін қойылған

Сатекс, пензес айтым ба?
ken
терезесі, әйнегі, пердесі, светі бар туалетті Сарыағашта бір немістің үйінен көргенмін.
Abilakim
Жай қоя салғанмын,әйтпесе туалеттің суретін таба алмады деймісің)
alisha
Қойшы, осы уақытта дейін туалеттің қандай болатынын білмей, қарауылдың бүткісін бүлдіріп жүрген болдың ғой
Gastarbaiter
Бүлдіруін қайдам, Экстримсекске таптырмайтын орын екен Ана перделері енді
pessemist
дәретхана жан-жағынан терезе не үшін қажет???
Zhanka
Мылжың екенсің автор.