Қола алған қолаңшаш

"Қолаң деген шаш кемінде тізеден төмен түсіп, тобыққа оратылып тұру керек" демеңіздер. Мен Лондон олимпиадасында 75кг салмақ дәрежесінде әйелдер арасындағы бокстан сынға түскен Марина Вольнова жайлы айтып отырмын. Осының алдындағы кездесуінде алтыннан дәмелі ұлыбританиялық Саванна Маршалды сабалап жүріп жеңген соң жерлесімізден біз де алтын күттік. Дегенмен, Марина (Бақ кз-тіктер жазғандай Наталья емес) қоржынымызға екінші қоланы салды. Ал, құтты болсын! «Еркексің Терешкова!» деген сөзді осындайда айтса керекті.


Сурет www.bnews.kz сайтынан алынды.
Бөлісу:

28 пікір

Abilakim
Ел қоржынында екінші қола!
bazuka
Құтты болсын! оның өзі еңбек!
Gulzhanat
Ураа!!! Құтты болсын бәрімізге!
Abilakim
Шалыгина мен Ешімова да "ұшып" кетіпті.
qyzylordalyq_jigit
Жарайсың, жерлесім! Марина қыз қазақшаға судай
Abilakim
бұл таңқалатын емес қалыпты жағдай болуы керек негізі
asaubota
алдында әлем чемпионын жеңгесін мына 17 жасар пацанканы оңай жеңеді деп ойлап едім, болмады. бар күшін сол матчта құртып тастаған сияқты, мында 1-ші раундтан кейін шаршап қалды.
mercedes
Жарайсың Қазалылық сары қыз!
Ummmka
cіз де Қазалыдансыз ба? жеңімпазымыз қашан оралады екен?
mercedes
жоқ Қазалыдан емеспін.
Zhan
Орыстың қарапайым сары қызымын — деп мектеп кезінде анкетасына жазды ма екен ей.
Abilakim
Бұл қыз да сол «лопота-күректен» бастаған шығар)))
Marationok
Казала алға! Уральскі алға! Уральскіде енді той болады десеңші
Janasil
Уральсіг деген қай жерде?
Marationok
Жанасіг деген жерде
Daniar-Alan
Казала
мүмкін Қазалы?
Armanjan
айтпақшы тағы бір қазақ қызы бар еді ғой боксқа қатысқан, соның тағдыры нешік?
Abilakim
Саида ма? Ол бірінші кездесуінде ұтылған
Aidakonya
Молоток, сенген Данияр женилип калды го, а Сиз колага кол жеткиздиниз
Daniar-Alan
барлығын менің атыммен байланыстырасың ӘӘ.. Даниал ғо ол…
Aidakonya
сол есим иегерлеринин арасындагы ен мыктысы сен го
Daniar-Alan
жұлдыздығым ұстап қалды
AKY
Данияр Елеусінов!
Daniar-Alan
аа… Л деп естідім мен…
Gulistan
Шилдстің қолы ұзын, қимылы ширақ екен. Бірақ ойындары ерекше болды.
Ummmka
 алақай! Қазалының жарқын жұлдызы, дайындығы Қазалы қаласындағы спорт-мектебінен бастау алған, күнде көріп жүрген Маринамыз бүкіл әлемге танымал болды.  алтын, күміс алмаса да бұйырғаны қола екен, оған да қанағат,Қазалылықтар қуанып жатыр, жарайсың МАРИНА!