Бақыт (Менің ойымша)

Бақыт мейлі
Болсын сені байлығың,
Бақыт мейлі
Атақ, аброй,құрметің,
Бақыт мейлі
Болсын сенің мансабың
Бақыт мейлі
Мәз-майрам боп күлгенің.
Осы сөздер
Дұрыс десең бауырым,
Әттең,әттең
Досым емес жауымсың!
Ал мен болсам
Бақытты былай түсінем,
ПӘК КӨҢІЛІҢ, БАСЫҢДАҒЫ БІЛІМІҢ,
ИМАН ЖҮРЕК, МӘҢГІЛІКЕ ЖОЛДАСЫҢ.
Бөлісу:

8 пікір

alisha
Әттең,әттең
Досым емес жауымсың!

Жап-жас боп ап жау қайдан сенде?
Maksat94t
Кешіресіз жап-жас деуіңіз орынсыз.Адамда ұнату сезімі барма?
Бар ал соған керісіншесіде бар емес па?
Сонда жастарда сезім, мақтану т.с.с лар жоқ демексіз ба?Құдайға шүкір жастар соқыр емес деп ойлаймын!
Abilakim
бұл енді сенің ойың екенін түсіндік, бағанағы «бақытты жандардың сөздері» қайда?
Gastarbaiter
Атақ, абырой, құрмет, байлықты, мәз майрам боп күлуді жаман нәрсе демес едім. Пәк көңіл мен білімділікке, имандылыққа айтылған қасиеттер кедергі бола қоймас.
dark_nazgul
Досым емес жауымсың!
Әркімнің басында түрлі түрлі буынаяқты, мұртшалы жәндіктері болады. Соларға бола, бәрін жау көре берсе… Бақытты адам өзгені жау көрмейді.
Gastarbaiter
Сөзіңді жалғайын,
Бір дәруіш қайыр сұрап жүріпті, сөйтсе қасынан атпен шауып өткен бір кісі қамшымен бейбақтың арқасын осып-осып жіберіп, жөнеле кетіпті.
Артынан даусы қарлыққан дәруіш :«Бақытты бол!» деп айқайлапты.
Қасындағылары: «Лібә, ауышсың ба, арқаңа қамшы батырған адамға бақыт тілеген нес?» десе, дәруіш: «Бақытты болса, мендей сорлыны сабамас па еді...» деген екен.
bake
Бақытым ба? деп өзіне сұрақ қоя бастаған күннен адам бақытсыз
Gastarbaiter
Артынша өзіне өзі "қойым біліп па?!" — деп суып қалған борщты сіміре берсе ще?