«Құмырсқа илеуі» торты

Бүгін мен барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті "Құмырсқа илеуі" деп аталатын тортты жасаудың жаңа әдісімен бөліскім келіп отыр.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты Алдымен бұл тортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ.
  • Ұн
  • 1 стақан қант
  • 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода
  • 250 г. маргарин
  • 2-3 жұмыртқа
  • 1 банка қоюлатылған сүт.

Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыр жасаймыз.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Одан кейін қаңылтыр табаны майлап оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдынала ысытылған духовкаға саламыз.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араластырамыз.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Қоюлатылған сүтпен жақсылап араластырылған қатырлақ нанды тәрелкеге әдемілеп салып, қоюлатылған сүт қытырлақ нанға сіңуі үшін оны тоңазытқышқа салып қоямыз.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Әдемілік үшін үстіне еріген шоколад құямыз.

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Дайын тортты әдемілеп кесіп, қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады

Блог - rakisheva: «Құмырсқа илеуі» торты

Ас болсын

«Құмырсқа илеуі» тортының түпнұсқасы.

P.S. Тортқа ұқсамайды демеңдер ол бәрібір ТОРТ
Бөлісу:

19 пікір

asaubota
біздің үйдегі осылай жасайды. басқа нұсқасы да бар ма еді?
rakisheva
Мен бұл нұсқасын жасауды жақында ғана үйрендім. Бұрын басқаша жасайтынбыз тёркадан өткізіп. Жасалу уақыты ұзақ, әрі дәміде өзгеше болатын
asaubota
мүмкін болса ілмекке комент жазбашы, ол жерге ілмек жазылғаны дұрыс.
rakisheva
Жақсы, дұрыстап қойдым!
mercedes
Жарайсың жаным!
Aidakonya
3D или 5D болса ғой дәмін таткым кеп тур
Zhan
Менің бір құрбым бұны күнделікті шайға женттің бір түрі деп істейтін. Сенің жасағаның дәмдірек сияқты.
Aldeken
дүкеннен 2 келі печенье сатып алып, оны үгіп, сгущенкамен араластыра салуға не кедергі?
aza
Тәбетті ашты… Тәтті тағам секілді… Талайымызға тап осындай торт жасай алар төменетекті тап болса, Тәңір иіп!)))
Aldeken
таңертең торт, түсте торт, кешке торт… жылытпаға жылап көрісерсің, арманыңды нақтылап қойған дұрыс…
ushkin
уауууу, әдемі екен
satibaldi
1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода
Қайсысы — қайсысын сөндіретіні әлі де ғылыми дау туғызарлық жәйт сияқты, сіңлім.
edige
Тамаша Пост!!!
edige
Тәтті Пост негізі!!!
dark_nazgul
Тәттіге онша жоқпын. Сол үшін тәтті пісірмеймін… Балалар жүргені сосын, көздері жаутаңдап, Бибі апасының үйіне жаутаңдап (жеңгемнің дастарханынан тәтті пирогтар үзілмейді)
Marationok
Сіздің талғамыңызды, мінезіңізді, тағы басқа да қосымша сіз туралы мәліметтерді біліп алдық
dark_nazgul
Ол түк емес. Мен кішкентай баланың башпайын жыбырлатқанына қарап отырғанды ұнататынымды біледі бұл сайттағылар.
Tarazkyzy
Жеңгем жасайды, тек теркадан өткізеді. Осы жолы оңай сияқты екен