Жаужүрек Мың бала

Осыдан екі апта бұрын 2012 жылдың 3 мамарынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіліп, алғашқы көрсетілімнен екі апта ішінде — 2 миллион долларға жуық қаржы жинаған Ақан Сатаевтың тарихи-шытырман оқиғалы «Жаужүре Мың бала» фильмімінің DVD нұсқасының тұсаукесері өтті.
Киностан: Жаужүрек Мың бала
Мәдени іс-шараға фильмде басты рөлдерді сомдаған — Асылхан Төлепов (Сартай), Аян Өтепберген (Таймас) және Құралай Анарбекова (Қорлан) қатысты. Ал Нью-Йорктың Кино Өнері Академиясында оқып жүрген Әлия Әнуарбекпен (Зере) тек онлайн-конференция арқылы сөйлесу мүмкін болды.

Киностан: Жаужүрек Мың бала

Кездесу барасында жас актерлер келген қонақтармен түсірілім алаңында орын алған қызықты оқиғалармен бөлісіп, суретке түсіп, қолтаңбаларын таратты.

Киностан: Жаужүрек Мың бала

Бүгінде «Меломан» дүкендерінде сатылып жатқан «Жаужүрек Мың бала» фильмінің DVD нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде.

Жалпы тиражы: 5000 дана.
Бағасы: 1295 тг.

Қызықты мәліметтер:

  • 17 мамырда Канн фестивалі шеңберінде өткен кинонарықта «Жаужүрек Мың бала» фильмі көрсетіліп, нәтижесінде әлемдік прокатқа шығу мақсатында картинаны Канаданың «108Media» компаниясы сатып алған.

  • Республикалық деңгейде өткен кастингке басты және қосалқы рөлдерді сомдауға 22 мың 200 үміткер қатысқан.

  • Шамамен 500-ге жуық қазақстандық және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері түсірілім алаңына барып, түсірілімнің кейбір эпизодтарын көріп қайтқан.

  • КезіндеBBC World News,Reuters, Time, Hollywood Reporter сынды көптеген батыстың әлемге әйгілі басылымдары мен телеарналары «Жаужүрек мың бала» фильмі қалың жұртшылықтың көзайымына айналып, прокатта үлкен табысқа ие болатындығына сенім білдірген екен.

Осы тақырып аясында:




Суретті түсірген: Қайрат Қонысбаев
Бөлісу:

9 пікір

ken
кинода кішкентай ғана қыз сияқты еді ғой.
ал мына жерде ат болып тұр
бірақ күшті
GulL
Ол кішкентай емес негізі «Менің күнәлі періштем» деген кинода ойнайды ғой
ужс кино индийский фильм отдыхает
А мында күшті
mercedes
Қүралай Анарбекова сөз жоқ әдемі
satibaldi
Анау не медаль нақ???
AKA
Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың табыстаған «Бауыржан Момышұлы атындағы төсбелгісі».
konvict
Қорлан әп-әдемі екен ғо
rakisheva
Ееееенді байқадың ба?
Barsa
Кино атауы мың бала
Күткеніміз тым болмаса жүз бала
Киноға түскені он бала
Кино әуені бір бала

десейш…