Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!
Бүгін он екі айдың ең қадірлісі — Рамазан айының алғашқы күні. Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай.
Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде – кім ауру болып немесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді. „Бақара„ сүресі, 185 аят. Алланың рахымынан үміт еткен әрбір адам бұл айда ораза ұстап, тәубеге келеді. Ораза ұстау – Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде нақты бекітілген бес парыздың бірі. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде Алла тағаланың былай деп бұйырғанын жеткізген:
„Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Алайда оразаның жөні бөлек. Оның қарымын тек Мен беремін. Өйткені ол тек менің разылығым үшін ішіп-жеуден бас тартты. Ораза ұстаған адамның екі қуанышты сәті бар: біреуі ауызашар уақыты, екіншісі Алла тағаламен қауышар сәті„. Сонымен қатар „Ораза ұстағанның ұйқысы – ғибадат, үндемегені – (Аллаһқа айтылған) мадақ!„ екендігін де естен шығармағанымыз абзал. Ораза ұстаған адамның аузы тамақ жеуден ғана емес, ғайбат сөз айтудан, көзі харамға қараудан, құлағы екі дүниеге де пайдасы жоқ бос әңгімелерді тыңдаудан тыйылады.
Биыл ораза 20-шілдеден басталып, 19-тамызға дейін жалғасады. Яғни бұл жылғы ораза күндері жылдағыдан анағұрлым ыстық болмақ. Сондықтан мұсылман қауымы неғұрлым көбірек сабырлылық пен төзімділік танытуы тиіс. Осы айда жасалған құлшылықтарымыз сауап болып жазылып, жүрегіміздегі иман арта берсін!
Оразаға қатысты хадистер:
Сабыр — иманның жартысы, ораза — сабырдың жартысы.
Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі.
Сәресіге тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім сұрайды.
Аузы берік жанды ауызашарга шақырып тамақ берген — ораза ұстаган адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді.
Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы болмайды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай пайда таппайды.
Сендерден ешкім ораза күні жаман сөздер айтпасын, дауысын
көтермесін. Ал егер де біреу онымен ұрысатын болса немесе жанжал туғызғысы
келетін болса, онда ол: «Расында, менің ауызым берік!», — деп айтсын.
Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қадірлі Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық істеген адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі.
Расулуллаһ (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Шағбан айының соңғы күні былай деді: “Ей адамдар! Үлкен мүбәрәк ай келе жатыр. Ол сондай ай, ол айда мың айдан қайырлы бір түн бар. Алла ол айдың оразасын парыз қылды. Ол сабыр айы. Сабырдың сауабы — жәннат! Жәрдемдесу айы. Онда мұсылманның ырыздығы көбейеді. Кім бір оразалы адамға ауыз аштырса, күнәлары кешіріледі. Оның сауабы азаймайды, өзі де осы сауапты алады„.
Шын мәнінде, ораза – бұл аманат. Сондықтан, әркім оған сеніп тапсырылған нәрсеге ие болсын!

қараңыз “Фатауа Мухаммад ибн Ибрахим” 4/189
тергеушілер күдіктілерден намаз оқисыз ба?-деп сұрайды екен.
намаз оқығандардан күдіктене берсе олардың саны азаймай ма?
ораза ұстағандарға салғыласуға, дауласуға, пікір жарыстыуға болмайды!құлағың да ораза шартын орындау керек!
мешітке барып уағыз тыңда
кешегі мемлекеттік тіл туралы пікірің дұрыс болмады!өзің заңгер екенсің! жетінші бапты мойындау керек қазақ тілінің ақсап тұрғаны шындық. ақсап тұр екен деп қате жазып, қате сөйлей береміз бе?!өзіңнен кейінгі іні сіңлілеріңе дұрыс өнеге көрсеткеніңді қалар едім ана тіліңе құрметпен қара пікір жазғанда сабырлы бол
іс қағаздарын да қате жаза бересің бе? тілдің киесі халықтың наласы бар
қазақстаннан тысқары шетелде тұрсаң әңгімеге нүкте қоюға тура келеді
қазақстанда тұрып жатсаң Қадыр Мырзалыны оқып көр, мен түсінбесең де ақынды түсінерсің
мектепте оқыған да шығарсың
Ең дұрысы — пікір жазуға шектеу қою ғой деймін.(Ит тірлікті мейлі түсін, түсінбе,
Ит өледі арамзаның ішінде.
Ит адамдар оянады ұйқыдан,
Ит аяғын көріп жатып түсінде.
Итше тартып ар-ождан мен ұятты,
Ит жандының қан мен тері жиі ақты.
Ит өмірден адамдар да өтеді,
Ит пен мысық араздасқан сияқты… Мерей Қартов )
«Неге ораза ұстамайсың?» деп сұрайтындар бар. жалпы мұндай сұрақты әдепсіздік деп қабылдаймын, өйткені тек Тәңріге ғана есеп беремін. Жаратушыны алдағым келмейді, оның алдында иманның әлсіздігін де мойындаймын. оразаны барлық дене мүшеммен ұстай алмайтынымды білемін, тек ішпей-жемей, секссіз, темекісіз жүріп симуляция жасай алмаймын. рамазан біте сала қайтадан күнәға кіруді нағыз цинизм деп бағалаймын.