№28 автобус – армандар орындалатын мекен

Астанадағы қоғамдық көліктердің басты ерекшеліктерінің бірі осы. Әсіресе таңертең жұмысқа баратын уақыт пен кешке үйге қайтатын кездерге не жетсін, шіркін.
Аялдамада арқа-жарқа сөйлесіп тұрған адамдар, қажетті автобус келгенде әңгімесін ұмытып жапа-тармағай есікке ұмтылады. Ең бастысы есіктің алдына жету. Одан кейін өздері-ақ көтеріп мінгізіп жібереді. Кіргеннен соң да қарманудың қажеті шамалы. Иін тірескен адамдар арасында құламақ түгелі, дем алуың да оңай емес.
Жә, армандарға көшейін…
Өзің бір аяғыңмен тұрып, ілігерге қара таппай келе жатқанда әзілдейтіндер де табылады. «Қарындас, бұл сіздің қалтаңыз емес!» деп жанындағы қызды әжуалап жатқан жігіттер, «ой апай, сіз қырыңызбен өтсеңіз де, былай өтсеңіз де 2 адамның орнын алады екенсіз» деп толық кондукторды күлкіге айналдырған қулар да осы жерде.
Кеше кешқұрым 28-і автобусқа отырып, дұрысы тұрып келе жатқанда бір ағамыз «менде арман жоқ» деп жар салсын. Достары не болды десе, «4 жас қыз маған құлап жатыр» деп мәз. Жүргізуші тормозды басқан сайын бар адам алға тықсырылып, сол 4 қыз тағы ағамызға қарай еріксіз қисаяды. Ай, «менде арман жоқ» деген ессіз айқай одан қаттырақ шығады-ай шіркін.
Қапырық ыстықта лүп еткен желді аңсаған бізге ол ағамыздың арманы ерсілеу көрінді. Алайда, соны қызықтаймыз деп аялдамамызға жеткенімізді де байқамай қалдық. Сонысы үшін рахмет!
Сіз мінген автобуста орындалған армандар болса жазыңыз, өтініш…
Бөлісу:

30 пікір

sammita
өзіңіз көңілді жан екенсіз) автобустың суретін көре сала «тағы басталдееее» деп ойлап үлгеріп ем))
konvict
Дұрыс-ау, алайда, суреттен наурыздың иісін сезіп тұрғаным
AL-ASTER
Осы хьюндай афтобыстар жеңіл ма, ішіндегілерді әрі бері ұшырады ғой жұлқығада.
araika
«Таныс өлке, таныс маң, таныс бәрі» © Бүрселеңдеп осы аялдамадан дәл осы автобусты күтіп тұрушы ем бір кездері… Жахсе афтобыс Енді тұрақты жолаушысы боламын, армандар сол кезде орындалмаса
Marco
Мен де осы автобустың тұрақты клиентімін қазір. Үйімнен жұмысқа дейін баратын жалғыз осы.
dark_nazgul
өй… Алматыдағы 32 автобуспен жүріп көрмеген соң, басқа автобуспен жүргеніңді айтудың да қажеті жоқ.
Gastarbaiter
Абысынның өліп қалғаны болмаса, ауруы менікінен жеңіл еді дегендей, автормен жарыса кеттің бе тағы?)))
dark_nazgul
енді, аптырмен жарысып шаптыра кетудің амалы ғой менікі. іш пысып отыр, терезе сыртындағы ыстықтан...
Gastarbaiter
Өмір саған теріс қараса, технично арттан басжвер!
Ағайыңа ризамын!
salamat
біреу әзіл айтып жұрттың назарын өзіне аударып тұрғанда оның "әріптесі" қалта қағып жатады.
автобустардың желдетілуі заңдарда ескерілмегендіктен талап етілмейді!
cен оны жамандауға правоң жоқ мақтауға міндеттісің!
Gastarbaiter
Лібә, не деген пессимисттік комент. (((
sammita
автобустардың желдетілуі заңдарда ескерілмегендіктен
қандай заң екенін айтып жверсеңіз ғық-ғық)))))
ken
28бен жүріп көргенмін. оның давкасы бес жыл бұрынғы 35тікінің жанында түк те емес
— мен де Назгүл сияқты жарысып қояйын
salamat
"қызым автобусқа жиі мінуші еді, жүкті болып қалды"-деп кейіпті бір кемпір
ushkin
Керісінше Астананың автобустарында адам аз сияқты көрінген ) Алматының автобустарын айтпаңыз… Бірақ қазір жаз, адам аз
Zevs
алматы студенттерден құтылдық па құтылмадық па деп жатқан болар, сірә.
Aigolek
кутылганымызды кайтик проезд бугиннен бастап 80 тенге болды. Студент жок кезди пайдаланып котерип алды багасын
ushkin
студенттер ғой қаланың көркі. ) біртүрлі керісінше ))
salamat
транспорт туралы
бұл туралы жетінші арнада астаналық атқамінер мәлімдеген
salamat
транспорт туралы заң
желдету туралы астана әкімдігінің атқамінері жетінші арнада мәлімдеген
bakhyt
Алматыда жол жүру ақысы қымбаттады…
19852407
Оралға келіңдер, аптабустың артқы орындығына шалқайып отырып, жантайып жатып барасыздар
Пы.Сы: После Алматы ничего не страшно
bazuka
Оралдың маршруттары ұнайды. ешкім аяғынды баспайды, отырып кісі құсап барасын барар жеріне.
erkekiz
Астанаға келгелі менің өмірім №28 автобуспен тікелей байланысты.Қазір кондукторларды да танып қалдым, тіпті кейбірімен бас изесіп, сыбырлап болса да амандасып қоямын...
Gastarbaiter
Қызылордада автобозды лоховоз дейді. Типі тек лохтар мінетін көлік.
merekeee
Таксимен жүре ме? Или бәрінде көлік бар?
Kynduz
қайта автобустағы мұндай жағдай маршрутты автобустың жанында арман ғой. 15 орындық қоғамдық көлікте 4 қыз бір ағайдың үстіне тормоз кезінде құламақ түгілі, жол бойы «жатып» баруы мүмкін. Мұндай шағын автобустан шыққан адамға сыртта екі-үш бүктетілген денесін қайта орнына келтіруге тура келеді.
TOTY
Дәл қазір мен үшін арман «Астана-Софиевка» көк тайғақ тас жолымен күнделікті жұмыс пен үй арасына аман-есен жету… болды…
torgai
Армандар мекенін сағындым.