Еден жуушы дәметіп қалмасын
Бір жылдары оқытушылықтан кетіп басқа жерден нан тауып жегем. Сол кезде болған оқиғаны әңгімелеп берейін. Сегізінші наурызда ер қызметкерлер әдеттегідей мерекелік дастархан жайды. Әдемі-әдемі тілектер айтып, тәтті-дәмдіден ауыз тиіп, “жырғап” отырмыз. Бір уақытта бастығымыз Жәкең:”Мына Исекеңе (орынбасары) қыздарды құттықтағалы отырмыз, ана еден жуатын келіншектерге де сыйлық алайық, құрметімізді білсін деп едім, Исекең “И гүл!” деп қосты, ер екен»,-деді әңгіме бастап. Дүкен аралап жүріп Исекеңе осы еден жуушыларға қорап кәмпит пен торт алсақ қалай болады деп ақылдасып ем, бұл кісі баяғы әуеніне басып “И гүл!” дейді. Исекеңнен қайран жоқ. Еден жуушыларға ыдыс-аяқ сервизін сатып алып тұрсам, ол “И гүл!” дейді танбастан. Исеке, гүл әпергеніміз қалай болады, басқаша түсініп қалмай ма? Еріндерін қып-қызыл ғып бояп ап, күнде кабинеттен шықпай жүрмесін деппін сасқанымнан”,-деп күлдіргені бар.
Пензесс күлкілі екен нақ, білім базымнан лақтырып тастадым:
(DELETE * FROM KNOWLEDGE_BASE WHERE "Әнек_автор"="Jansarai ")
Шет тілін білмей қор боп жүргендердің бірі едім, ерінбесеңіз қазақшасын да жаза салыңызшы.
Әнек_автор"=«Jansarai
Тууу қандай сөз жазасыз өзі! (Күйеуім естімесін, мұндай сөз естігенімді)
«ДЕППІН» деген жерінде енді… при всем уважении к дамам)