Ұялшақ қыз
Мен 11 сыныпта оқып жүрген кезде Екібастұз қаласынан бір отбасы көшіп келді (бізге көрші болды). 10 сыныпта оқитын қызы бар. Сол қыз өте ұялшақ қыз болды. Мектепке барғанда, не қайтар жолда көп сөйлемейтін. Сөзге тартсаң болды ұялып әзер жауап беретін. Сол ұялшақтығын қызық көріп сұрақты үсті-үстіне қоятынмын. Сұлулығы мен ұялшақтығы өзіне сондай жарасатын еді. Бірде базардан келе жатыр екен. Екі қолында екі үлкен пакет. Үйіне дейін көтерісіп келдім. Сонда рахмет деп айтуға да ұялды ғой. Осындай да ұялшақ қыз болады екен.
Ұялшақ бір ару қыз бар еңселі,
Бал қылығы сұлулықтың өлшемі.
Ұялатын, саусағынан ұстасам,
Ұялатын, сүйем десем мен сені.
Келбетіне болғам оның құштар да,
Сұлулықтан әлемде ұлы күш бар ма?
Ұялатын, сүйгенімде бетінен,
Ұялатын, құшағыма қысқанда.
Ұялшақ ол, сүйем деуге жасқанам,
Сонда да оны жүрегімнен тастаман.
Ұялатын, жүздескенде екеуміз,
Ұялатын, көріп қалса басқа адам.
Алыс кеттім, тұрам ойға жиі алып,
Жүрегімнен сағынышты күй ағып.
Ұялшақ қыз басқаменен тұр ма екен?
Сүйсе — дағы
Ұялып.
Ұялшақ бір ару қыз бар еңселі,
Бал қылығы сұлулықтың өлшемі.
Ұялатын, саусағынан ұстасам,
Ұялатын, сүйем десем мен сені.
Келбетіне болғам оның құштар да,
Сұлулықтан әлемде ұлы күш бар ма?
Ұялатын, сүйгенімде бетінен,
Ұялатын, құшағыма қысқанда.
Ұялшақ ол, сүйем деуге жасқанам,
Сонда да оны жүрегімнен тастаман.
Ұялатын, жүздескенде екеуміз,
Ұялатын, көріп қалса басқа адам.
Алыс кеттім, тұрам ойға жиі алып,
Жүрегімнен сағынышты күй ағып.
Ұялшақ қыз басқаменен тұр ма екен?
Сүйсе — дағы
Ұялып.
Әккіленген соң бәленің бәрі соларда болатынына көзім жетті. Жатса тұрса ойлайтындары жігіт болған соң өз-өзінен ұялып жүреді екен