Жұмбақ, жұмбақ!
Осыданбір аптадай бұрын ғой деймін, кешкі уақытта телефоным шырылдап қоя бермесі бар ма? Көтерсем, әлө, Бүркіт Нұрасыл ма екен дейді. Иә, дәл түстіңіз деймін. Арғы жақтан: сәлеметсіз бе? Шымкенттен тел соғып тұр едім. Сіз Көшпенділер фильмінің екіншісі түсіреліде деп айтыпсыз. соны білейін дегем. Ұлықпан жолдасовтың телефон нөмірі бар ма? хабарласайын деп ем… дейді. аң-таңмын. мынау не дейді, мен не деймін? «Сіз қателесіп тұрсыз. Жолдасовқа қатысым жоқ...» деп тел қоя салдым. Содан кейін барып есіме түспесі бар ма? Осыдан бір жыл бұрын блогыма жұмбақ жасырған едім. Соны оқып телефон шалған беті екен. Қалай ұмытып кеткенмін?" деп өкініп қалдым. сол жұмбақты сіздерге де жасырғалы отырмын.
Жұмбақ, жұмбақ!
Рас болса, қыруар қаржыға түсірілсе де, мазмұны солғын шығып бітпес дауға қалған “Көшпенділер” фильмінің жалғасы түсірілетін көрінеді. Бұл жолы да шетелдік атақты актерлер шақыртылмақ. Алайда, нақты кімдер келетіні әзір белгісіз. Тек ішінде отандық шоу-бизнес өкілдерінен белгілі әнші-сазгер Лұқпан Жолдасовтың есімі ғана аталып қалды. Оған басты рөлдердің бірі берілетін секілді. Сіз қалай ойлайсыз? Жолдасовқа қандай рөл берілуі мүмкін?
негізгі нұсқасы мына жерде

Абылай хан шаршаған кезде гитарада ойнайтын шығар?
Бүркіт, блогыңдағы жауаптарға қаттым. Зубочистка депті біреу.