Балалық шақ және балалық қылықтарым
Қазір көгілдір экраннан «Бәйтерек» киносы көріп мектепте балалықпен жасаған қылықтарым есіме түсіп балаларыма айтып күліп отырмын.
Сіздерде бөлісе жатарсыздар мектепте жасаған балалық қылықтарыңызбен. Есте қалғанын баян ете берейін.
Мектебіміз екі қабатты қызыл кірпіштен салынған біртекті мектеп ғимараттарының бірі. Біздің 6«а» класқа бекітілген №11 кабинет. Кабинетіміз мектептің екінші қабатында коридор бойында ең соңғысы. Кабинеттер есіктері біріңғай сол жақта, оң жағында коридор боыйнда үш кабинет есігі «алғашқы әскери дайындық жетекшісі», «мұғалімдер бөлмесі», «мектеп директорының оқу-іс меңгерушісі» орналасқан. Бірде сабақ үстінде мұғаліміміз «тыныш отырыңдар, жиналысқа барып келем» деп кабинеттен шығып кетті. Біраз тыныш отырдықта орынымыздан тұрып әрі-бері кабинет ішінде жүріп кабинет есігін ашып коридорды бақылап көрдік, ешкім көрінбейді. Арамыздан біреуіміз шығып аяқ үшімен жүре отырып барлап келді. Мұғалімдер бөлмесінде жиналыс өтіп жатқанына көз жеткіздік. Бір-бірден кабинеттен шыға бастадық. Бәріміз мектеп ауласында жүрміз. Жиналыс бітпей тұрып кабинетке оралмақшы болып шештік. Бәріміз екінші қабатқа шығып коридор басына жиналып қалдық. Себебі мұғалімдер бөлмесінің есігі жартылай ашылып қалыпты. Қасынан өтсек бірден көзге түсіп қаламыз. Бірінші болып кабинетке жүгіріп кіргенге ешкімнің батылы бармады. Сол себептен бәріміз топ болып бір уақытта коридор бойымен жүгіріп өтпекші болдық. Біреуіміз санай бастады «бір, екі, үш» деп, жүгіре кеттік, ешкім топтан қалғысы келмейді коридорға сыйыспай жүгіріп келеміз. Мұғалім апайымыз атпақшы «о құдай» деп біз ерең қылық жасағанда. Мұғалімдер есігі шалқасынан ашылмаспа дәл жетіп қалғанда. Қасымдағы жүгіріп келе жатқан бала жолы есікпен бөгелді, бәр екпінмен есікке соғылғаны, есік топсаларынан опырылып тарс етіп құлағаны. Есікті құлатқат бала төрт аяқтаған бетте есік үстінен тұрып зытып келет соңымыздан. Кабинетке кіріп бара жатып соңыма қараған кезде байқағаным әлі не болғанын түсініп үлгермеген мектеп директорының есіктің тұтқасын іздеген қолын көрдім. Есікті топсасы дұрыс бекімей тұрғаны есікті соққан класстас баланың бағы болып еш жарақат алған жоқ. Жүгіріп бара жатқанда есік шалқасынан ашылады ау деп ойламаппыз. Бала ісі шала деген осы.

Наталья Петровна өзі күліп жіберді, ал сыныптағылар күлкіден құлап жатырмыз…