258. Мойылды бет
www.kerekinfo.kz/blog/8918.html жалғасы
Түс ауа күн ыси түсті, күн көзінен қорғанып үйдің көлеңкесінде отырған бетім. Бір уақытта зырылдап келіп ш…ш…ш… шұғыл тоқтаған велосипед дауысынан кейін зың-зың еткен қоңырау шылдыры естілді.
Орынымнан тұрып қарасам Арман велосипед қоңырауын зың-зың етіп шылдыратқан. Қаша түбінде өсіп тұрған талдан мені бірден байқаған жоқ. Екі көзі терезеде, үйдің ішінде деп ойлап, қайта-қайта велосипед қоңырауын шылдыртады. Қашаға жақындай түскенде мені байқап қалды.
-Мойыл теруге барасың ба?
-Барамын…
Арманға ауылдан төрт-бес шақырым жерде мойыл өсетін жерді атасы көрсетіпті. Мойыл ағаштары сайдың оң жақ бетінде ғана өскен соң «мойылды бет» атаныпты.
Велосипедтерден түсе сала алда өсіп тұрған мойыл ағаштарына беттедік.
Бірден екеуіміздің көзіміз мойылдың бір ағашына түскені, піскен жемістері қаракөк түсті самсып тұрғаны, ағаш бұталарына аяқ салып жіберіп жуандау біздің салмағымызды көтереді ау деген бұта үстіне жайғастық. Жан-жағымызға қолымызды жүгіртіп уысымызға жиналған жемістерді ауызға толтыра шайнап, мойылдың жеміс сүйектерін жаңа жеміс порциясына босату үшін түкіріп үлгермей отырмыз. Қол созым жерде мойыл таусылып барады… Қолымыз бір жерде өскен жеміске созыла бастады. Арман қулығын асырып жібергені.
-Қолыңды қарашы қап-қара болып қалыпты –деп қолын жеміске соза берді, мен болсам қолыма қарап қалыптым, Арманның қолының усына мен алам деген жеміс жинала бергені… Мойыл жемісін көп жегендіктен тәтті әрі қышқыл сөліне еріндеріміз қуырылып қалған болатын. Соны пайдаланып асырған айланың есесін қайтармақшы болып.
-Сенің еріндерін қоп-қоңыр, жиырылып қалыпты, неге ұқсайды білесің бе? –деп айта бергенімде Арман иығыма жармасып бұтақтан құлатпақшы ниетпен жыға бастады, менде жармаса түстім. Бір уақытта екеуімізде мойыл ағашынан жерге топ-топ етіп құлап түстік. Жерде ауырсынған жеріміз сипап отырмыз біреуіміз шынтағын, екіншісі жамбасын. Бір уақытта бір-бірімізге қарап күле бастатық, тоқтай алмаймыз үсті басмыздан бастап аяғымызға шейін қара-көк, қоғыр түсті сиямен жағып алығандаймыз. Реніштеріміз ұмытып кеттік. Аяққа тұра сала маңайда біз құлаған мойыл ағашынан басқа басқа ағаштар бар екенін байқадық. Барлығында уылжып пісіп тұрған мойыл жемістері мол. Үйдегілерге айтып ертеңінде біреуін-екеуін ерітіп әкеліп мойыл термекші болып шештік. Үйге қайтпас бұрын мойылды беттің ең үстіне көтерілмекші болдық. Арман қолы тиген мойыл ағаштарын санай бастады, менде солай істедім, әр ағашқа қолымызды тигізіп ирелеңдеп мойылды беттің үстіңгіжағына шықтық. Арман қолын 141 ағашқа мен болсам 117 ағашқа қол тигізіптім. Есептеп жібердік. «Мойыл беттегі» мойыл ағаш саны 258 тең, әрқайсымызға бөлсек 129 мойыл ағашынан келеді екен.
Екеуіміз велосипедке мініп алып ашқан жаңалығымызбен бөліскенге ауылға зыттық. Оншақты жыл өтті. Студенттік өмір артта қалды. Мектепті оқып бітірген соң үй ішіміз ауылдан қалаға көшкен болатын. Ауылға жылына бір, кейінен екі жылда жерді сағынғанда барып жүрдім. Ауыл адамдары да жаңарды. Мойылды бет туралы сұрастырып көріп едім бірден жауап алмадым, жаңадан ауылға келгендер «мойыл осы маңайда өсушіме еді» деп өзіме сұрақ қойды. Ауылдан көшпей тұрып қалған нағашымнан сұрастырсам ол өкінішпен:
-О мойылды беттен мойыл ағашы кеткен, қазір қу тақыр, сендер қалаға көшіп кеткеннен кейін жаңадан көшіп келгендердің біреуі бір күнде барып барлық мойылды ағашты шауып отынға сатып жіберген, қазір олар жоқ біраз тұрған соң көшіп кеткен, -деп әңгімесін аяқтады.
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
Деген өлең шумақтарын әкем көңілі көтеріңкі болғанда айтып отырушы еді.
Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Ал нағашымдардың ауылындағы мойылдар да әңгімедегідей біреулерге отын болып кеткен шығар,қазір аз. Ал бала кезде көп еді.Ауылда айтып жүрген:қытайдан келген қазақтар, кішкене тракторларымен, маңайдағы барлық ағашты шауып алды деп.Ал жергілікті халық олай істемейді
Админ.
Осыған қатысты айтқан сияқты едім.