Қыздар ғана кіретін кабинет
Бірінші курста ағамның үйінде жатып оқыдым. Екінші курста «Әй дейтін әже, қой дейтін Қожа жоқ» еркін өмірге қызығып жатақханаға шықтым. Жатақханаға шығу үшін медициналық тексерістен өтеді екен. Салып ұрып емханаға келдім. Тіркеу бөлімі тексерістен өтетін кабинеттерді бір парақ қағазға жазып берді. Бір уақытта құрбым Қарақаттың бауырын көзім шалып қалды. Ол бірінші курсқа енді кеп жатқан. Не істеп жүрсің деймін үлкенсіп. Мен де жатақханаға орналасайын деп едім дейді бала. «Кәне көріп жіберейін, қағазыңды бер. Саған бір кабинетті жазуды ұмытып кетіпті. Менде төртеу. Сенде үшеу. Ештеңе етпейді, бірге өтеміз. Менен кейінгі кезекпен кіресің»,-дедім ширақтық танытып. Кезек күтіп тұрмыз. Кілең әйел. Мына бала менен кейін деп қоям. Жұрт адырая қарайды. Сұрастырсам, кабинетке кіру үшін жаялық керек екен. Ақша бердім де, өзіңе, сосын маған алып кел деп әлгі баланы жұмсап жібердім. Кабинетке кіргенде бірақ білдім ғой! Баланы есік алдына тастап зыттым. Содан оқу бітіргенше Қарақаттың бауырынан қашып жүрдім. Ауылда іш ауырса да, тіс ауырса да баратының бір дәрігер. Қайдан білейін, қыздар ғана кіретін кабинет болатынын. Сөйтіп есейгенім бар.
Жамағат, нелеріңе жетісіп сынап жатырсыңдар? Қолдарыңнан келсе жазыңдар.
Сатыбалдының хисторилары онсыз да қырық аңсарға жүк болад.
Лібә, адам өзінің жеке блогында жазып жатыр а так.
Бірі өтсе, бірі өтпес. Классиктерге жетпедім деп уайымдай берсе, Гомерден кейін ешкім ештеңе жазбас ед)
Біз өзіміз ғой асығамыз да жүреміз. Тездетіп аяқтағымыз келеді де, кіре-сала: «Сап-саумын! Ештеңе мазаламайды!» деп, қолын қойдыртып, апыл-ғұпыл шығып кетеміз.
Ертеңіне отырамыз сосын асқазаным қыжылдап отыр, басым солқылдап барады деп…
Өмір бір орында тұрмайд.
Медосмотрды әдет қылған жөн жарты жылда.
Күні кеше бір періште өтті дүниеден, бір жыл бойына қате емдеген, байғұс бала поезда жан тапсырды…
Құдай сақтасын дейсің. Статистика бойынша бәрібір, дәрігердің емдеген науқасы, өлтірген науқасынан көп.
Әр салада санаулы ғана білікті дәрігерлер бар, бірақ орта есеппен деңгей плинтустың шамасында
Содан қолы да әлгідей қара-тұғын… зачеткаңның арасына 500 теңге қыстырып жақындасаң, жүз бірдеңесінші кезегің біріншіге айналып шыға келетін еді… )))) Бәлду, бәлду, бәрі өтірік, 500 теңге ол кезде кәдімгідей ақша студент үшін
Ертең мед.тексерістен өтемін.
Осындай ауытқушылық байқалад, холестерин көп екен, авитаминоз байқалад, бауырыңыз аздап үлкейген, деп айтып қойса, мысалы, Адам да ауырмай тұрып, профилактика жасар еді.
Мен дәрігер болсам, ауытқушылықтың бәрін айтар едім. Уайымдату үшін емес, ескеріп уақытылы өмір салтын түзеуі үшін, айту парыз, қалғанын өзі біледі.