Ой түбінде жатқан сөз...
Кейде «Керектегі» жазбалардан гөрі, жазылған пікірлер әлдеқайда қызық. Кей пікірді оқығанда күлесің, кейде жылағың келеді. Кей пікірлер ашу шақыртса, кей пікірлерге «келіспеске шарам жоқ» дегендей бас шайқаудан басқа амалың қалмайды. Бұл жазбада қолым қалт еткенде оқи жөнелуді әдетке айналдырған «Керек инфо» сайтындағы көңілден шыққан кей пікірлерді орналастырдым.
*** *** ***
Қазақша білмейтін, қазақша ойламайтын қазақтарды қазақ деп санамаймын. asaubota
Кезіндегі шолақ белсенді коммунистердің ұрпақтарынан зиялы шықпайды бәрібір. Тексіз адам тексіздігін бәрібір білдіріп тұрады. asaubota
Өзге тілдің бәрін құрметте, өз тіліңді біл. asaubota
Ұлтшыл емес емес, бәріміз де ұлтшылмыз. Бірақ олай құр айқай, ұранмен түк болмайтынын түсінетін ересек адамдармыз. Сондықтан қолымыздан келгенше қазақша өмір сүруге тырысамыз. Алдымен өзімізді, сөзімізді қазақшалаймыз. Ал құр айқай ол бүгінге шейін жағдайларын жасап алған, атақ-даңққа да бай, түк уайымы жоқ "ұлтшылдардікі". Тіпті сол арқылы олар тиын да істейді. Ал мындай жастар солардың қуыршағы, солардың айтқанын істейді, соларға ереді. asaubota
*** *** ***
Меніңше қоғамға өкпе айтудан көрі, қоғамның бір бөлшегі ретінде өзімізді, өзіміздің қолымыз жететін деңгейді өзгерте алсақ жақсы болар еді. Gastarbaiter
Заман талабы деп жүріп, кейде қаззақтар заманның өзіне талап қоюға болатынын ұмытып кете береді. Gastarbaiter
Жалпы біздің тіл мамандары жалқау және бір еңбегінен бір ғасыр пайда сорып, атағына бөленіп жүргісі келеді.Ал тіл деген бір орында тұрмайтын дүние. Әсіресе, қазір күнде жаңалық ашылып, адамның өмір салты он жыл сайын түбегейлі өзгеріп отырған заманда. Gastarbaiter
Қазір өзін өзі өлтірмек болған адам «жақсы ит өлігін көрсетпейді» деп тып тыныш мойнына тас байлап суға секірмейді. Видеоға түсіп, бәріне жария қылып, өзіне үлкен назар аудартып, тіпті өзімен бірге бірнеше бейкүнә адамдарды да ала кетуді парыз санайды.Gastarbaiter
Әлемнің санасының шекарасын кеңейтетін тек ақымақтар ғана емес, батыл адамдар, алғашқы қадамының сәтті-сәтсіз боларынан шала хабардар бола тұра, тәуекелге бас тіккен адамдар. Gastarbaiter
Бізде не көп — тіл мамандары мен тарихшылар көп. Бәрі шетінен шешен, бәрі шетінен білгір. Бірақ реально бағаға туалеттің тұтқасын дұрыстап жасайтын адам таппайсың, Сатыбалды айтпақшы. Елдің бәрі көгілдір жағалы оқымысты болып кетсе, кен орнында кім жер қазады? Қоқысты кім жинайды? Кафельді кім жапсырады? Gastarbaiter
Айына 25-мың долларға пол жуып, унитаз тазартасың десе керекшілердің арасында бірімен бірі төбелесіп тұрып таласатындар табыла ма деймін. 25-мың демей ақ, 15 мың десең жаға жыртысып бір біріне қастық қылатындар бар ма деймін. Ал жеңіліп, жұмысқа тұра алмай қалғаны, барлық жерге «Біләд, пол жуып, унитаз тазартып жүр, менің ондайға арым бармады» дейтін шығар. Gastarbaiter
Интернет жүйесі реалға қызмет ету керек, керісінше реал өмір интернет қауымдастық жолында садаға болмай. Gastarbaiter
*** *** ***
Атам лас болмақ түгілі, қорада тұрып шөп жеді ме — енді маған да бәрібір ғой. Күйіс қайыратын кісі болуы да мүмкін. Ең бастысы өз заманының түсінігімен-салтымен өмір сүрді. satibaldi
… Алайда, біздің елдің еркектері ешқашан әдемі болып есептелмеген де. Қыздардың көзінше біз әрқашан жатыпішер, американдықтан, немістен, жапондықтан – очм, бізден басқаларының барлығынан төмен болғанбыз. Біздер ешқашан канадалықтан көп ақша тапқан емеспіз. Сондықтан ба, біз осы түріміз бен күйімізге келісіп, қол қойғанбыз… Бірақ, ештеңеге қарамастан Сіздерді әдемі дей беріппіз, шешесс… Қайтып алдым… satibaldi
Қадырды да келеке етем, Нұршайықовты да сорлы жазушы деймін, Абайды да соққан екен деймін, себебі олар жазушы ретінде бәрібір тірі.satibaldi
Мектеп баласына дейін әйелдің тәрбиесін көруде. Сондайлардың кесірінен қатынжанды ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Бұл елдің сыртқы жауларының арам пиғылы. Ертең екі толқын ұрпақты әйел мұғалімдер тәрбиелеп шыққан соң, барлығы қорқақ, жасқаншақ болады да, Қытай, Америка «бүжи» деп қорқытып-ақ жеріңді тартып алады.Мұндай құлдыраумен бір күні шыңыраудың түбіне жетеміз, сол кезде бәрі де кеш болады. satibaldi
Очм, кез келген дискусста «халық» және «билік» деген қарама-қарсы жақтар алынады да, «халық» деген жағы — алдын-ала пәк, аппақ, бейкүнә деп қарастырыла бастайды.Жеген екенсіңдер, нақ. Халықтың өзі моралдық тұрғыдан азып кетті. Қазір көтінен май құйып жатқан мектеп-универлер бар, адамдарымен сөйлесіп көрдім, араласып көрдім, түйгенім: мұғалім де оңбаған ит-шошқа, ата-ана да малға айналған. Екеуі екі жаққа шауып бара жатқан батырлардың жекпе-жегі салынған картина елестейді. Тек тәртіп бойынша дарға асып отыру, ұдайы түтіні бұрқырап тұратын істік-мылтықтың оқпаны мен рудниктердегі ауыр жұмыстар ғана қандай да бір толыққанды нәтиже әкелмек. Басқасы бекершілік. Ақшамен шешіп болдық, әңгіме ақшада емес екеніне барлығымыздың көзіміз әлдеқашан жеткен болатын. satibaldi
Ең қиыны, мұғалімдер елдің қозғағыш күшіне, әлеуметтік күшті тапқа айналып кетті. Енді кез келген саясатшы соларды мүсіркеуден бастап сөйлеуге мәжбүр. «Мұғалімдер топас, солардың 93 пайызын базарға жіберу керек» деп сөз бастап көр — карьераңа үлкен бұтақ қойылады. Мұғалімдер де өздерінің абзал жандар екеніне әбден сеніп алған, айлығы аз жетімек болып жылау өздеріне кәдімгідей ұнайды. satibaldi
Артымда еріп келе жатқан бір інім бар. Оның екі баласы бар. Өзім адами қасиеттен жұрдай болғандықтан, осы Әміре атаны оларға үлгі қылып, азамат қылып өсірсем деймін. satibaldi
Жалпы қазақтар «бәрібір емес пе» принципімен жұмыс істеуге құмар десем, кәсіби деңгейдің төмендігінің бір себебі осы екеніне ешкім күмән келтірмес. patick
Халықтың талабы мен талғамы ғана — таланттар мен шедеврлер туғыза алады. nurbergen_makym
Ақылдылар ақымақтың өмір тәжірибесінен үйренеді. Ақымақтар біреуге қателіктері арқылы үйретуге мүдделі емес. meirzhan
*** *** ***
Қазақша білмейтін, қазақша ойламайтын қазақтарды қазақ деп санамаймын. asaubota
Кезіндегі шолақ белсенді коммунистердің ұрпақтарынан зиялы шықпайды бәрібір. Тексіз адам тексіздігін бәрібір білдіріп тұрады. asaubota
Өзге тілдің бәрін құрметте, өз тіліңді біл. asaubota
Ұлтшыл емес емес, бәріміз де ұлтшылмыз. Бірақ олай құр айқай, ұранмен түк болмайтынын түсінетін ересек адамдармыз. Сондықтан қолымыздан келгенше қазақша өмір сүруге тырысамыз. Алдымен өзімізді, сөзімізді қазақшалаймыз. Ал құр айқай ол бүгінге шейін жағдайларын жасап алған, атақ-даңққа да бай, түк уайымы жоқ "ұлтшылдардікі". Тіпті сол арқылы олар тиын да істейді. Ал мындай жастар солардың қуыршағы, солардың айтқанын істейді, соларға ереді. asaubota
*** *** ***
Меніңше қоғамға өкпе айтудан көрі, қоғамның бір бөлшегі ретінде өзімізді, өзіміздің қолымыз жететін деңгейді өзгерте алсақ жақсы болар еді. Gastarbaiter
Заман талабы деп жүріп, кейде қаззақтар заманның өзіне талап қоюға болатынын ұмытып кете береді. Gastarbaiter
Жалпы біздің тіл мамандары жалқау және бір еңбегінен бір ғасыр пайда сорып, атағына бөленіп жүргісі келеді.Ал тіл деген бір орында тұрмайтын дүние. Әсіресе, қазір күнде жаңалық ашылып, адамның өмір салты он жыл сайын түбегейлі өзгеріп отырған заманда. Gastarbaiter
Қазір өзін өзі өлтірмек болған адам «жақсы ит өлігін көрсетпейді» деп тып тыныш мойнына тас байлап суға секірмейді. Видеоға түсіп, бәріне жария қылып, өзіне үлкен назар аудартып, тіпті өзімен бірге бірнеше бейкүнә адамдарды да ала кетуді парыз санайды.Gastarbaiter
Әлемнің санасының шекарасын кеңейтетін тек ақымақтар ғана емес, батыл адамдар, алғашқы қадамының сәтті-сәтсіз боларынан шала хабардар бола тұра, тәуекелге бас тіккен адамдар. Gastarbaiter
Бізде не көп — тіл мамандары мен тарихшылар көп. Бәрі шетінен шешен, бәрі шетінен білгір. Бірақ реально бағаға туалеттің тұтқасын дұрыстап жасайтын адам таппайсың, Сатыбалды айтпақшы. Елдің бәрі көгілдір жағалы оқымысты болып кетсе, кен орнында кім жер қазады? Қоқысты кім жинайды? Кафельді кім жапсырады? Gastarbaiter
Айына 25-мың долларға пол жуып, унитаз тазартасың десе керекшілердің арасында бірімен бірі төбелесіп тұрып таласатындар табыла ма деймін. 25-мың демей ақ, 15 мың десең жаға жыртысып бір біріне қастық қылатындар бар ма деймін. Ал жеңіліп, жұмысқа тұра алмай қалғаны, барлық жерге «Біләд, пол жуып, унитаз тазартып жүр, менің ондайға арым бармады» дейтін шығар. Gastarbaiter
Интернет жүйесі реалға қызмет ету керек, керісінше реал өмір интернет қауымдастық жолында садаға болмай. Gastarbaiter
*** *** ***
Атам лас болмақ түгілі, қорада тұрып шөп жеді ме — енді маған да бәрібір ғой. Күйіс қайыратын кісі болуы да мүмкін. Ең бастысы өз заманының түсінігімен-салтымен өмір сүрді. satibaldi
… Алайда, біздің елдің еркектері ешқашан әдемі болып есептелмеген де. Қыздардың көзінше біз әрқашан жатыпішер, американдықтан, немістен, жапондықтан – очм, бізден басқаларының барлығынан төмен болғанбыз. Біздер ешқашан канадалықтан көп ақша тапқан емеспіз. Сондықтан ба, біз осы түріміз бен күйімізге келісіп, қол қойғанбыз… Бірақ, ештеңеге қарамастан Сіздерді әдемі дей беріппіз, шешесс… Қайтып алдым… satibaldi
Қадырды да келеке етем, Нұршайықовты да сорлы жазушы деймін, Абайды да соққан екен деймін, себебі олар жазушы ретінде бәрібір тірі.satibaldi
Мектеп баласына дейін әйелдің тәрбиесін көруде. Сондайлардың кесірінен қатынжанды ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Бұл елдің сыртқы жауларының арам пиғылы. Ертең екі толқын ұрпақты әйел мұғалімдер тәрбиелеп шыққан соң, барлығы қорқақ, жасқаншақ болады да, Қытай, Америка «бүжи» деп қорқытып-ақ жеріңді тартып алады.Мұндай құлдыраумен бір күні шыңыраудың түбіне жетеміз, сол кезде бәрі де кеш болады. satibaldi
Очм, кез келген дискусста «халық» және «билік» деген қарама-қарсы жақтар алынады да, «халық» деген жағы — алдын-ала пәк, аппақ, бейкүнә деп қарастырыла бастайды.
Ең қиыны, мұғалімдер елдің қозғағыш күшіне, әлеуметтік күшті тапқа айналып кетті. Енді кез келген саясатшы соларды мүсіркеуден бастап сөйлеуге мәжбүр. «Мұғалімдер топас, солардың 93 пайызын базарға жіберу керек» деп сөз бастап көр — карьераңа үлкен бұтақ қойылады. Мұғалімдер де өздерінің абзал жандар екеніне әбден сеніп алған, айлығы аз жетімек болып жылау өздеріне кәдімгідей ұнайды. satibaldi
Артымда еріп келе жатқан бір інім бар. Оның екі баласы бар. Өзім адами қасиеттен жұрдай болғандықтан, осы Әміре атаны оларға үлгі қылып, азамат қылып өсірсем деймін. satibaldi
Жалпы қазақтар «бәрібір емес пе» принципімен жұмыс істеуге құмар десем, кәсіби деңгейдің төмендігінің бір себебі осы екеніне ешкім күмән келтірмес. patick
Халықтың талабы мен талғамы ғана — таланттар мен шедеврлер туғыза алады. nurbergen_makym
Ақылдылар ақымақтың өмір тәжірибесінен үйренеді. Ақымақтар біреуге қателіктері арқылы үйретуге мүдделі емес. meirzhan
Лібәәә нақ келісем. Сосын гендерлік саясат деп басшылыққа қатындарды тықпалай берсе тәуелсіздігімізден айырылып қалуымыз мүмкін
сол ғо!
вай вай! толық келісемін. Кез келген адам халық, олай болса алдымен сауаттанып алған жөн
тағы да жазып қалайншжазба жақсы екен! біздің блогерлер нағыз философ, психолог, политолог па деп қалдым.