Қонаққа барғанда кием бе?
Ермек ағай басында ұстазым, кейіннен әріптесім болды. Сол Ерекеңе жеңгеміз бір күні жаңа іш киім сатып әпереді. Моншаға жиналған Ерекең затын түгендесе, әйелі сумкаға ескілеуін салып жіберіпті. “Жака, менің су жаңа іш киімім бар еді ғой, соны неге салмадың”,-деп кейиді Ерекең. Ештеңе жоқ, киесің ғой әлі деп жұбатқан болады жеңгеміз. “Не сонда жаңасын қонаққа барғанда кием бе?”,-деп ашуланған екен Ермек.
— Ата, жақсы деген немене, жаман деген немене? — деп сұраған екен.
Сонда қара сөз үшін қалтасын сипап көрмеген дуалы ауыз би ештеңе демепті.
әсіресе мына жері шынында да жынД десе
Қойдырдық мұны зорға дегенде Бірақ екі тараптың да «Неге?» деген сұрағы толығымен қанағаттандырылған жоқ
Бір күні сүртінетін орамалын ковриктің үстіне тастай салып, қаннен қаперсіз ваннаға түсіп бара жатырған көріп
Неге сондай болдыңдар, а???
Дәл!
Кейде ақылың қысып, шешкен іш киіміңмен еденді сүртіп тастайтын әдетің жоқ па, енді кимейтін кісіше?
Үйленгеннен кейінгі алғашқы аптада ышқыры жіп болуға таяған, күнге қаратсаң екі алманың суреті көрінетін іш киімдер кетті ғой құрбандыққа
Бар ғой неше түрі, біреуді танимын, өзі сықиып жүреді, күйеуі қашан көрсең де мыж-тыж… Еркек те бала сияқты ғой, балаға қалай күтім керек болса, ол да дәл солай қадағалауды қажет етеді
Нәски демекші… нәскиді отырған жерге домалақтап лақтыра тастайтын әдет те бірқыдыру күш жұмсаудың арқасында жойылған біздің үйде
Бұл носкилерді сабақтың көрнекі құралдары ретінде тиімді пайдаланып, «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін» айтып, өзі былай тұрсын, титтей ғана баланың тәрбиесіне осылай кері әсер беріп жүргенін айтып, мыжып-мыжып…
Нәтижесінде бір жерге емес, әр жерге тастайтын болды носкилерін
жуылмаған байпақ пен іш киімнің көзден тасада болғаны дұрыс
Жар деген өзім, өзім деп тапқан жалғызым дейсің де, бересің ерікті небір тәтті қылықтарға Солай!
ол қалай сонда? нақтылап жіберсеңіз осы жерден. бізге де керек боп қалар болашақта
Сен де осындай әзілдер жаз да, тегтерге "Қызылорда қалжыңы" деп жазып қой.
Алдағы уақытта қалжың авторларын қосып айтатын да шығармыз(бірақ бұл жоқ емес, толығымен авторлық құқық қалыптасатын жағдай туралы)
«Жаздың күндері күніне екі футболка бір шалбар, шорты киетініме ренжиді кейде.
Ал ол маған бойдақ кезден қалған әдет.
Ұйқыдан тұрысымен шұлықты бір күннен артық кимеу де баяғыдан әдет.
Ал салақтықтан… таңертең бетімді жумай тамаққа отыра салатыным бар, үнемі емес бірақ.
Сондай кезде мазақтайд әйелім „Бетін жумай Жұматай, нан жеп отыр ұятай“ деп.
Тырқ-тырқ күліп жуынуға таям ұялғаннан.
Сосын шалбардың белдігін шешпестен үстелдің арқасына іле салатын жаман әдетім бар.
Одан да құтылам бір күні, әйелімнің мінін арқалап жүргім келмейді, әсіресе ұқыптылыққа қатысты. Кәдімгідей намыстанам.
Шалбардағы белдік тек жуылатын кезде ғана шешеді екенмін