258

Біраздан соң қол босап көптен ойда жүрген әңгіме нобайын жазып көрмекшімін. Балалық шақтан естелік. Әзірше атауы «258» не себепті осындай атау бермекші болғанымды тауып көріңіздер. Әңгіме оқиғасы ауылда жаздың соңғы айларында жас шамалары бірдей екі баланың қатысуымен өрбиді. Екі бала ренжіседі соңынан тез татуласып кетуіне 258 саны себепші болады.
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
аздап көмектесіп көр, тауып көрейік
bake
Ренжістері ауылдан бір-екі шақырым жерде сайдың ішінде мойыл жемісін теріп жүрген кезде аяқ астынан туындайды. Мойыл ағашының үстінен жұлысып құлап түседі.
asaubota
258-бен байланыстыра алмай жатырмын
VKM
8 деген августы білдіреді ме?
bake
августы білдірмейді, көмектесейін «Ренжістері ауылдан бір-екі шақырым жерде сайдың ішінде мойыл жемісін теріп жүрген кезде аяқ астынан туындайды. Мойыл ағашының үстінен жұлысып құлап түседі» балалар бір бұтақтағы өскен мойыл жемісіне таласады, жерге құлап түскен соң жан-жақтарына қарайды. Мойыл ағаштары… ойымды жалғасаңыз, 258 саны нені білдіретінін табасыз))
Adiletshu
Мойыл ағаштары 258 саны сияқты екен
bake
дәл таптыңыз!
Abilakim
Мысал үшін, ол ағаш 127-ге ұқсаса ол екеуі достасар ма еді? Мен өзімше мойыл ағашы да сынып екеуі 258 (әрқайсысы) мойыл теріп алған болар деп қуып кетіп ем…
bake
Достасар едік, қазір көшеде кездесе салсақ иіліп бір-бірімізге сәлем береміз. Әр қайсымызға 5 ағаштан келсе де қуанар едік, біз бәрібір бәрін теріп үлгермейтін едік, мойыл жемісі уылжып пісіп тұр, бір аптадан кейін ағып кетеді